Біріктірілген жылдық есеп



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

(iii) келесі шығындар
Егер келесі шығындар аталған активтегі болашақ экономикалық пайданы арттырса, тек сол жағдайда ғана олар нақты 
активтің құнына капиталдандырылады. Дербес құрылған іскерлік беделдер мен сауда маркаларына қатыстыларды 
қосқандағы өзге барлық шығындар пайда болу шамасына қарай жиынтық кіріс туралы есептемеде танылады.
(iv) материалды емес активтерді амортизациялау
Іскерлік беделден ерекшеленетін материалды емес активтердің амортизацияланған аударымдары олар пайдалануға 
дайын болған мерзімінен бастап есептелінеді және олардың пайдалы пайдалануының тиісті мерзімдерінің ішінде тура 
әдісті пайдалана отырып, жиынтық кіріс туралы есептемеде танылады. Есептемелік және салыстырмалы кезеңдердегі 
материалды емес активтерді пайдалы пайдалануының күтілетін мерзімдері мынадай болды:
•  Лицензиялар және патенттер    
4-тен бастап 7 жылға дейін
•  Бағдарламалық қамтамасыз ету 
 3-тен бастап 6 жылға дейін
•  Қалғандары   
 
 
 2-ден бастап 7 жылға дейін
(и) барлау және бағалау активтері
Топ нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісін пайдаланады.
Барлау және бағалау активтеріне нақты аймақты барлауға арналған және мынадай коммерциялық рентабельді өн-
дірісті, яғни барлау жұмыстарына жататын геологиялық және геофизикалық зерттеулерге арналған шығындар, ар-
шылым жұмыстары және шығыс жүкқұжаттары сияқты жүзеге асыру мүмкіндігін бекіткенге дейін Топ заңды құқығын 
алғаннан кейін шеккен капиталдандырылған шығыстары енеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алғанға дейінгі іс-әрекет барлауға дейінгі деп есептелінеді. Барлауға дейінгі іс-әре-
кет жөніндегі барлық шығындарға олар шеккен шамасына қарай шығысқа жатады және барлауға дейінгі іс-әрекет-
пен байланысты операциялар жөніндегі жобалық жұмыстар, жобаның техникалық-экономикалық бағасы және шығыс 
жүкқұжаттары сияқты осындай шығындар енеді.
Барлау және бағалау кезеңдері аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану туралы келісімшартты бұзу туралы шешім 
минералдық ресурстарды барлау мен бағалау жетістіктеріне және өндіру (әзірлеу) кезеңіне көшу туралы Топтың 
шешіміне байланысты болады.
Барлау және бағалау активтері олардың сипатына қарай материалды немесе материалды емес ретінде жіктелінеді.
Барлау және бағалау активтері уран алудың рентабельділігін көрсеткеннен кейін өндіріске дайындау жөніндегі шығын-
дарға аударылады.
Барлау және бағалау активтері құнсыздану заттарына бағаланады, және құнсызданудан болған кез-келген залалдар 
жіктеудегі өзгерістерге дейін танылады.
Барлау және бағалау іс-әрекеттеріне тікелей жатпайтын жалпы барлық шығыс жүкқұжаттары олардың пайда болу ша-
масына қарай ағымдағы шығыстарға жатады.
(i) барлау және бағалау активтерін амортизациялау
Материалды және материалды емес активтер бөлігіндегі барлау және бағалау активтері техникалық-экономикалық не-
гіздеме бекітілген уақытқа дейін тәжірбиелі өндіру кезеңінде амортизацияланбайды, алайда осы активтер активтердің 
құнсыздануынан болған залалдар бабы бойынша құнсызданудан болған залалдарды көрсете отырып (қажет болса) 
құнсыздану заттарын жыл сайын (сондай-ақ барлау және бағалау бойынша) қарауға жатады. Техникалық-экономикалық 
негіздеме бекітілгеннен кейін материалды және материалды емес активтер бөлігіндегі барлау және бағалау активтері 
өндіріске және тиісінше жер қойнауын пайдалану құқығын дайындау жөніндегі шығындар құрамына ауыстырылады.

137
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
(к) жалға алынған активтер
Топ оның талаптары бойынша жеке меншік құқығымен байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды өзіне алады, 
сонда жалгерлік шарттары қаржы жалгерлік шарттары ретінде жіктелінеді. Бастапқы тану кезінде жалгерлік актив оның 
әділ құны ішіндегі ең аз тең сомасымен және келтірілген ең аз жалгерлік төлем құнымен бағаланады. Бастапқы танудан 
кейін осы актив осындай жіктелім активтеріне қолданылатын Топтың есептеу саясатына сәйкес есепке алынады.
Жалгерлік өзге шарттар операциялық жалгерлік ретінде жіктелінеді, және тиісті жалгерлік активтер Топтың қаржы 
жағдайы туралы есептемеде танылмайды.
Операциялық жалгерлік жөніндегі төлемдер жалгерлік мерзім ішінде тура әдіс бойынша пайдада және залалда таны-
лады. Жалгерлік шарт жөніндегі ынталандырулар жалгерлік мерзім ішінде жалпы жалгерлік шығындардың ажырамас 
бөлігі ретінде танылады.
Қаржы жалгерлігі жөніндегі ең аз жалгерлік төлемдер қаржы шығыстары және өтелмеген міндеттемелердің азаюының 
арасында бөлінеді. Қаржы шығыстары қалған теңгерімділік міндеттемелер жөніндегі тұрақты мерзімдік пайыздық мөл-
шерлемені қамтамасыз ету үшін жалгерлік мерзім ішіндегі әрбір кезеңге бөлінеді.
Күтпеген міндеттемелердің енді болмайтыны және жалгерліктің түзетілгені туралы белгілі болған кезде, шартты жалгер-
лік төлемдер қалған жалгерлік мерзім ішінде ең аз жалгерлік төлемдерді қайта қарау арқылы есепке алынады.
(л) қорлар
Қорлар екі шамасы ішіндегі ең азы бойынша танылады: нақты өзіндік құны және іске асырудың таза құны. Қорлардың 
нақты өзіндік құны орта есеппен өлшенген құн принципі бойынша айқындалады, және оған сатып алуға арналған 
шығындар, өндіруге немесе дайындауға арналған шығындар және қорларды олардың нағыз орналасқан жеріне жет-
кізу және оларды тиісті қалпына келтіру үшін шеккен өзге шығыстар енеді. Жеке өндіріс қорларына және аяқталмаған 
өндіріс нысандарына қатысты, сондай-ақ нақты өзіндік құнына кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына нормативтік жүк-
теу кезінде өндірістің стандарттық көлемі бойынша есептелінетін шығыс жүктемелерінің тиісті үлесі енеді.
Іске асырудың таза құны осы нысанды және оны сату жөніндегі жұмысты орындаудың аяқталуына арналған есеп айы-
рысу шығындарын шегергеннен кейінгі жай шаруашылық қызметінің барысында қор нысанын сатудың ықтимал құнын 
көрсетеді.
(м) акционерге ақшалай емес активтерді бөлу
Топ өзінің иеленушілеріне (бұл жағдайда Акционерге) активтерді бөлу жөніндегі міндеттемелерді таниды, егер Топ 
осындай активтерді иеленушілерге (атап айтқанда,оған Компания иеленушілерінің рұқсаты енеді) сыйақысыз осындай 
активтерді беру туралы қайтарылмайтын міндеттемелерді жасаса, және сонда міндеттеме сомасы сенімді бағалануы 
мүмкін. Міндеттеме танылған кезде, сондай-ақ Компания капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есептеме-
де оны иеленушілерге бөлу ретінде таниды.
(н) құнсыздану
(i) қаржы активтері
Қаржы активі (ПШАӘҚБ қоспағанда) әрбір есептік күндегі жағдайы бойынша оның құнсыздануы мүмкін объективті 
куәлігі бар нысанасы бойынша бағаланады. Егер осы активтерден болған ақшалай қаражаттардың болашақ ағында-
рынан күтілетін шамасына жағымсыз әсер еткен бір немесе бірнеше оқиғалардың болғанына объективті куәлігі бар 
болған жағдайда, онда қаржылық актив құнсызданған деп есептелінеді. Елеулі қаржы активтері жекелей құнсыздану 
заттарына тестіленеді. Қалған қаржы активтері ұқсас кредиттік тәуекелдік сипаты бар топтарда ұжыммен бағаланады.
ИНДП санатындағы құнды қағаздар үлесіндегі қаржы салуының құнсыздануның объективті куәлігі деп олардың әділ 
құнының сатып алу құнынан төмен едәуір немесе ұзақ құлдырауы болып есептелінеді.
Өзге барлық қаржы активтері бойынша құнсызданудың объективті куәлігі мыналар болуы мүмкін:
•  эмитенттің немесе уағдаласушының едәуір қаржылық қиындықтары; немесе
•  шартты бұзу, мысалы, борыштың пайыздық немесе негізгі сомасын төлеуден бас тарту немесе жалтару; немесе
•  қарыз алушының банкрот немесе қаржылық қайта құрылуының жоғары ықтималдылығы; немесе

138
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
•  осы қаржы активі үшін қаржылық қиындықтар салдарынан актив нарығының жойылып кетуі.
Құнсызданудан болған залал сомасы амортизациялық құны бойынша есептелінген қаржы активіне қатысты бастапқы 
пайыздың тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған активтің теңгерімділік құны мен болашақта күтілетін ақшалай 
қаражаттар ағындарының келтірілген құны арасындағы айырмашылық ретінде есептелінеді. Құнсызданудан болған 
барлық залалдар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде танылады.
Өзге жиынтық кірісте қорланымдалған осындай құнсызданудың, кірістердің немесе шығыстардың объективті куәлі-
гін пайдалана отырып, ИНДП қаржы активіне қатысты құнсызданудан болған залалдарды айқындаған кезде, қаржы 
активінің есептен шығарылғанына қарамастан кезең ішіндегі қаржы нәтижелері бойынша реклассификацияланады. 
Құнсызданудың сомасы оның ағымдағы әділ құнына сілтеу арқылы есептелінеді.
Егер сторнолау құнсызданудан болған залалды танудан кейін болған оқиғамен объективті байланысты болуы мүмкін 
болса, онда құнсызданудан болған залал сторноланады. Амортизацияланған құн бойынша бағаланатын қаржы актив-
тері және өздерін борыштық құнды қағаздармен көрсететін ИНДП-тің қаржы активтері үшін, сторнолау жиынтық кіріс 
туралы есептемеде көрсетіледі. Сторнолау құнсыздану күніндегі инвестицияның теңгерімділік құны сол деңгейде таны-
лады, егер құнсыздану танылмаған жағдайда, және айқындалған амортизацияланған құнынан аспаса.
(ii) қаржылық емес активтер
Қорлардан және кейінге қалдырылған салық активтерінен ерекшеленетін Топтың қаржылық емес активтерінің тең-
герімділік құны оның құнсыздану мүмкіндігінің белгілерін анықтау үшін әрбір есептік күнге талданады. Осындай белгілер 
бар болған жағдайда, тиісті активтің төленетін құнына есептелінеді.
Активтің төленетін құны немесе генерирленген бірлік екі шаманың ішіндегі ең үлкенін көрсетеді: осы активтің пайда-
ланушы құны және сатуға арналған шығындарды шегергеннен кейінгі оның әділ құны. Пайдаланушы құнды есептеген 
кезде болашақта күтілетін ақшалай қаражаттардың ағыны осы актив үшін ерекше болып табылатын ақша мен тәуекел-
дің уақытша құнында ағымдағы нарық бағасын көрсететін дисконттаудың салыққа дейінгі мөлшерлемесін пайдалана 
отырып, олардың келтірілген құнына дейін дисконталады. Құнсыздану затына тексерісті өткізу мақсатында активтер ең 
аз топқа бірігеді, соның шеңберінде тиісті активтердің одан әрі пайдалануының нәтижесінде ақшалай қаражаттардың 
ағыны генерирленеді, және осы ағын көп жағдайда басқа активтермен немесе актив топтарымен («генерирленген 
бірлік») генерирленген ақшалай қаражаттардың ағынына тәуелді емес. Құнсыздану затын тексеру мақсатымен бизнесті 
сатып алу нәтижесінде сатып алынған гудвилл генерирленген бірліктерге бөлінеді, олар бірігу синергиясынан тек ұтады.
Егер осы активтерге жататын активтің теңгерімділік құны немесе генерирленген бірлігі оның өтейтін құнынан жоғары 
болса, сол жағдайда ғана құнсызданудан болған залалдар мойындалады. Құнсызданудан болған залалдар жиынтық 
кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде мойындалады.
Басқа активтерге қатысты бұрынғы кезеңдерде танылған құнсызданудан болған залалдар құнсызданудан болған за-
лалдардың азаюы немесе жоғалу белгілері бар болған әрбір есептік күн бойынша бағаланады. Егер өтелетін құнды 
айқындау үшін пайдаланатын бағалауда өзгерістер болса, құнсызданудан болған залал сторноланады. Құнсызданудан 
болған залал тек сол шамада сторноланады, активтің теңгерімділік құны, егер құнсызданудан болған залал танылмаса, 
тозу немесе амортизациялау шегергеннен кейін айқындалатын теңгерімділік құнынан аспаса.
(о) қызметкерлердің сыйақылары
(i) қызметкерлерге өзге ұзақ мерзімді сыйақы
Еңбекке жарамдылығынан айырылу, кәсіби ауру, асыраушысынан айырылған жағдайда өтем төлеуге жататын қызмет-
керлерге ұзақ мерзімді сыйақы беруге қатысты Топ міндеттемесінің нетто-мөлшерлемесі болашақ сыйақы сомасынан 
көрінеді, персонал ол құқықты ағымдағы және өткен кезеңдерде тапты. Осы болашақ сыйақылар олардың ағымдағы 
құнын айқындау мақсатымен дисконтталады. Ықтимал өтем мөлшері қолданыстағы заңнаманың негізінде есептелінеді. 
Дисконттау мөлшерлемесі мемлекеттік облигациялар бойынша тәуекелсіз сыйақы мөлшерлемесімен көрсетіледі.
(ii) қысқа мерзімді сыйақылар
Қызметкерлерге қысқа мерзімді сыйақы беруге қатысты міндеттемелердің шамасын айқындаған кезде дисконттау қол-
данылмайды, және тиісті шығыстар қызметкерлер өздерінің еңбек міндеттемелерін орындау шамасына қарай таныла-
ды.

139
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
Егер Топта қызметкер бұрынғы өзінің еңбек қызметін жүзеге асыру нәтижесінде түзілген тиісті соманы төлеу жөніндегі 
қолданыстағы құқықтық және конструктивті міндеттемелер бар болса, және осы міндеттемелердің шамасын дұрыс 
бағалауға мүмкін болса, онда сыйлықақы төлеудің қысқа мерзімді жоспар немесе пайдада қатысу шеңберінде төлеу 
үшін күтілетін сомаға қатысты міндеттемелер танылады.
(п) резервтер
Егер Топта бұрын болған қандай-да бір оқиғаның нәтижесінде заңдық немесе конструктивтік міндеттеме пайда болса
оның шамасын дұрыс бағалауға мүмкін болса, және осы міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайда жылыстауының 
қажет болуының жоғары ықтималдылығы бар болған жағдайда, резервы танылады. Резерв шамасы салыққа дейінгі 
мөлшерлемесі бойынша ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарын дисконттау арқылы айқындалады, ол осы міндет-
темеге тән ақша мен тәуекелдің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсетеді.
(i) кен орындарын қалпына келтіру
Топ қызметі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әртүрлі заңдар және ережелермен реттеледі. Топ резервларын басшы-
лар заңнаманың ағымдағы талаптарын және келісімшарттардың лицензиялық шарттарын түсіну негізінде кен орнын қал-
пына келтіру бойынша бағалайды. Резерв болашақ ақша шығындарын бағалау арқылы айқындайды, оны Топ есептік 
күнде бар кен орындарының залалын қалпына келтіру үшін шегеді, және осындай ақшалай ағындар олардың ағымдағы 
құнына дейін дисконтталады. Болашақ кезеңдерде шеккен нақты шығындар салық қорының сомасынан едәуір ерек-
шеленуі мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар мен ережелердегі болашақ өзгерістер, кен орындары ли-
цензияларының қолдану мерзімі және дисконттық мөлшерлемелер аталған резервының теңгерімділік құнына әсер етуі 
мүмкін. Қосымша көзделмеген шығындар бойынша, олар жаңа ақпараттар, заңдар және бағалаулар пайда болғанына 
қарай белгілі болған кезде, қосымша резерв келешекке арналған негіздеме бойынша құрылады.
(р) кепілдіктер
Топтың қауымдастық және бірлесе бақыланатын ұйымдардың және өзге байланысқан тараптардың төлем қабілеттілігін 
қамтамасыз ету мақсатымен Топ кепілдіктер беру туралы шарттарды жасасқан кезде, Топ аталған шарттарды шартты 
шарттар ретінде қарастырады және оларды солар сияқты есептейді. Осыған байланысты Топ тиісті кепілдіктер бой-
ынша төлеуін жүзеге асыруы ықтимал болған уақытқа дейін, Топ кепілдіктер шартын шартты міндеттемелер ретінде 
қарастырады.
(с) кіріс
(i) тауарларды сату
Тауарларды сатудан түскен кірістің шамасы берілген барлық сауда жеңілдіктер мен берулерді ескере отырып, алынған 
немесе алуға жататын өтеулердің әділ құны бойынша бағаланады. Жеке меншік құқығымен байланысты едәуір тәу-
екелдер мен пайдалар сатып алушыға берілген болса, және бұл ретте тиісті өтеу алу ықтималдылығы жоғары бол-
са, шеккен шығындар, тауарлардың ықтимал қайтарылуы сенімді бағалауға мүмкін болса және сатылған тауарлардың 
басқаруына қатысу тоқтатылған жағдайда, кіріс тек сол кезде танылады.
Тәуекелдер мен пайдаларды беру кезінде сату шартының нақты талабына тәуелді түрленеді. Уран, тантал, берилл 
өнімдерін сату кезінде тәуекелдер мен пайдаларды беру әдеттегідей DAF (шекараға дейін тауарларды жеткізу), DDU 
(бажды төлеусіз жеткізу), FOB (франко-борт) және (CIF) (құны, сақтандыру және кірепұл) шарттарында тиісті INCOTERMS 
жіктеліммен өтеді.
Электроэнергия мен су сатудан болған кіріс (бұдан әрі - «коммуналды қызметтер») резервды шегергеннен кейін алынған 
немесе алуға жататын өтеулердің әділ құны бойынша көрсетіледі. Жеке меншік құқығымен байланысты тәуекелдер мен 
пайдалар сатып алушыға берілген болса, және бұл ретте тиісті өтеу алу ықтималдылығы жоғары болса, кіріс шамасын 
сенімді бағалауға мүмкін болса, ол клиентке коммуналды қызметтерді көрсеткеннен кейін ғана болады, тек сол кезде 
кіріс танылады.
Коммуналды қызметтерді көрсету көлемі счетчиктің көрсетуінің негізінде айқындалады. Счетчик көрсетуін Топтың Сату 
бөлімі ай сайын бақылайды.

140
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
(ii) қызметтер
Қызметтерді көрсетуден болған кіріс жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемедегі есептік күннің жағдайы 
бойынша шарт бойынша жұмыстың аяқталған кезеңіне жататын бөлігінде танылады. Шарт бойынша жұмыстың 
аяқталған кезеңі келісімшартқа сәйкес жұмыстың орындалған көлемін шолу негізінде бағаланады.
(т) Өзге кірістер мен шығыстар
(i) субсидия
Субсидия алынған және Топ субсидиямен байланысты барлық талаптарды Топтың орындайтынына орынды сенімі 
болған кезде, бастапқыда ол мерзімі ұзартылған кіріс ретінде танылады (шоғырландырылған қаржы жағдайы туралы 
есептемеде мерзімі ұзартылған субсидиялар ретінде көрсетіледі). Топтың шеккен шығысын өтеу үшін ұсынылған субси-
диялар жүйелік негізде жиынтық кіріс туралы есептемеде тиісті шығыстар танылған сол кезеңдерде танылады. Активті 
сатып алуға арналған Топтың өтемақылық шығындарының субсидиялары осы активтің пайдалы пайдаланудың ұзақ 
мерзімінде жүйелік негізде тиісті активтің шотына есептелінеді.
(ii) әлеуметтік төлемдер
Топ жарнасы жалпы қоғамның игілігіне, яғни әлеуметтік бағдарламаларға бағытталған кезде, онда ол жер қойнауын 
пайдалануға арналған келісімшарттарда жазылмайды және Топ қызметкерлерінің пайдасына төлем төлеумен шектел-
мейді, олар оны жүзеге асыру шамасына қарай жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде танылды.
(у) қаржы кірістері мен шығыстары
Қаржы кірістерінің құрамына инвестицияланған қаражаттар жөніндегі пайыздық кірістер (соның ішінде ИНДП бой-
ынша), дивидендтік кіріс, қаржы активтерінің/міндеттемелерінің әділ құнының өзгеруі, ОССЧПУ, сондай-ақ оң бағам-
дық айырма енеді. Егер Топтың экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы жоғары болса, және кіріс шамасы тиімді 
пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып дұрыс анықталуы мүмкін болса, ол оны тану кезінде аталған активтің 
таза теңгерімділік құнына дейін қаржы активін өтеуге дейін күтілетін мерзім ішінде күтілетін болашақ ақша түсімдерінің 
дисконтталуының қамтамасыз етілуі осылай есептелінеді, онда пайыздық кіріс жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған 
есептемеде есептеген кезде танылады. Дивидендтік кіріс жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде таныла-
ды сол кезде, егер Топта тиісті төлемді алуға құқығы болса (егер Топтың экономикалық пайданы алуға ықтималдылығы 
жоғары, және кіріс шамасы дұрыс анықталуы мүмкін болса).
Қаржы шығысының құрамына қарыздар жөніндегі пайыздық шығыстар, резервтер жөніндегі дисконтты есепке алу, мін-
деттеме ретінде жіктелімделетін артықшылықты акциялар жөніндегі дивидендтер, теріс бағамдық айырмалар, қаржы 
міндеттемелерінің әділ құнының өзгеруі, ОССЧПУ, сондай-ақ қаржы активтері бойынша танылған, құнсызданудан 
болған залалдар енеді.
Қарыз шығындарына шетелдік валютадағы қарыздарды тарту нәтижесінде пайда болған бағамдық айырмалар енеді 
сол шамада, олар оны пайыздық төлеуге арналған залалдарды түзету деп санаған кезде. Қарыз қаражаттарын тарту-
мен байланысты барлық шығындар осындай активтердің нақты құнының құрамында көрсетілетін жіктелім активтерімен 
байланысты заемдық қаражаттарды қоспағанда, тиісті пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып жиынтық кіріс 
туралы есептемеде танылады.
Шетел валютасының айырбас бағамының өзгеруінен болған кірістер мен залалдар нетто-шамасы бойынша көрсетіледі.
(ф) пайдаға салынатын салық шығысы
Пайдаға салынатын салық шығысына ағымдық кезеңдегі кіріс салығы және қалдырылған салық енеді. Пайдаға салына-
тын салық шығысына тікелей капитал құрамында танылатын баптарға жататын оның сол бөлігін қоспағанда жиынтық 
кірістер мен залалдар туралы шоғырландырылған есептемеде көрсетіледі, осы жағдайда сондай-ақ ол тиісті капитал 
құрамында танылады.
Ағымдағы кіріс салығы салық мөлшерлемесінің есептік күндегі жағдайы бойынша қолданыстағы немесе шын қолда-
нысқа енгізілген негізде, сондай-ақ өткен жылдарға арналған кіріс салығын төлеу жөніндегі міндеттеме шамасының 
барлық түзетулері есептелінген жыл ішіндегі салық салынатын пайдаға қатысты төлеуге жататын салық сомасы болып 
табылады.

141
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
Қалдырылған салық салық салынатын пайдаларды есептеу үшін пайдаланатын немесе бастапқыда гудвилді тану нәти-
жесінде пайда болған қаржы есептемесі және салық базасы мақсатындағы теңгерімділік актив құны және міндеттеме-
лерінің арасындағы уақытша айырмашылықтар бойынша көрсетіледі. Қалдырылған салық бизнестің бірігуі болып та-
былмайтын және не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға әсер етпейтін мәмледегі бастапқыда активтерді немесе 
міндеттемелерді танумен байланысты уақытша айырмашылықтарға қатысты танылмайды. Қалдырылған салық есептік 
күнде қабылданған немесе шын қабылданған заңдарға сәйкес олар сторноланған кездегі уақытша айырмашылықтар 
бойынша қолданылуға тиіс салық мөлшерлемесі бойынша анықталады. Егер ағымдағы салық активтері мен міндеттеме-
лерін өзара есепке алып жүргізуге заңнамалық бекітілген құқығы бар болса, және бірақ олар нетто-негізде ағымдағы 
салық міндеттемелері мен активтерін реттеуге ниетті бір және сол салық салынатын кәсіпорынға, не әртүрлі салық 
салынатын кәсіпорындарға бір және сол салық органымен өндіріп алатын кіріс салығына жататын болса, онда қалды-
рылған салық активтері мен міндеттемелері есепке алынады.
Топ уақытша айырмашылықты сторнолауды бақылауға мүмкіндігі бар және уакытша айырмашылықты сторнолау бо-
лашақта ықтимал болмайтын жағдайды қоспағанда, міндеттеме қауымдасқан кәсіпорындарындағы инвестициялармен 
байланысты салық салынатын уақытша айырмашылықтар бойынша танылады.
Қалдырылған салық активтері салық салынатын пайданы алу ықтималдылығы жоғары болған шамада танылады, оған 
қарсы уақытша айырмашылықтар іске асырылуы мүмкін. Қалдырылған салық активтерінің шамасы тиісті салық пайдала-
рының іске асырылуы енді ықтимал болмайтын бөлігінде төмендейді.
Дивидендтерді бөлу кезінде пайда болған қосымша кіріс салығының сомасы тиісті дивидендтке ақы төлеу жөніндегі 
міндеттемелер танылған кезде танылады.
Қазақстанның қолданыстағы салық режіміне сәйкес өткен жылдың есептік кезеңінің корпоративтік кіріс салығы бойын-
ша нақты мәліметтердің негізінде бағаланған кіріс салығының аванстық төлемін жүргізу талап етіледі. Аванстар тепе-тең 
төлемді ай сайын енгізу арқылы жүргізіледі. Есептік кезеңдегі салық деклорациясы салық органдарына келесі жылдың 
31 наурызына дейін ұсынылады. Нақты салықты есептеу нәтижесінде қосымша ақы беріледі немесе кіріс салығы бой-
ынша қайта төлеу жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет