Біріктірілген жылдық есеп


(ii) Үстеме пайдаға салынатын салық



Pdf көрінісі
бет26/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

(ii) Үстеме пайдаға салынатын салық
2009 жылғы салық заңнамасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-
шарт бойынша күнтізбелік жыл ішінде алынған таза пайдадан, жер қойнауын пайдаланушының ҮПС мақсаттары үшін 
шегерген сомаларының 25 процентіне тең сомадан асып түсетін мөлшерде үстеме пайдаға салық (бұдан әрі – ҮПС) 
төлеуге тиісті. ҮПС мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының шығыстары мыналарды қамтиды:
•  есептік жылда мәлімделген корпоротивтік табыс салығы бойынша шегерімдер, корпоротивтік табыс салығын төлеу 
мақсаттары үшін белгіленгендей, кез келген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептелген амор-
тизациясын алып тастағанда;
•  жер қойнауын пайдаланушының есептік жыл ішінде жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыру мақсаттарына 
арналған кез келген капиталдық шығындары;
•  жер қойнауын пайдаланушының бұрнағы жылдары жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыру барысында 
шеккен және есептік жылға көшірілген кез келген пайдаланылмаған операциялық шығындары.
Үстеме пайдаға салынатын салықтың негізі осы терминнің айқындалған мәніндегі және жер қойнауын пайдалануға 
арналған әрбір келісімшарт бойынша есептелген, үстеме пайдаға салынатын салықтың шегерілген тиісті сомасының 
25 %-нен асатын таза табыстың бір бөлігі болып табылады. Үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу мақсаттары үшін 
таза табыс салық салынатын пайда мен корпоротивтік табыс салығын төлеу бойынша міндеттеме сомасы арасындағы 
айырмашылықты білдіреді, мұнда салық салынатын пайда үстеме пайдаға салынатын салық бойынша көрсетілген шығы-
стардың сомасын шегергендегі жалпы жылдық пайда болып табылады. ҮСП-нің қолданылатын ставкалары, үстеме пай-
даға салынатын салық бойынша жылдық табыстың жылдық шегерімге арақатынасына қарай, 10 % -тен 60 %-ке дейінгі 
прогрессивті шкала бойынша өзгереді.
Компанияның келісімшарттық қызметтен алатын табыстарының КТС пен ҮСП есептеудің қазіргі әдісімен шығарғанда 
20 %-ке көбейген, өндірудің өндірістік өзіндік құны ретінде белгіленетінін ескеріп, Топ басшылығы пайданың 20 %-тен 
астам ішкі нормасына көз жетер болашақта жету мүмкін емес деп есептейді.
(iii) пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
Өткен кезеңдерде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) есептеу үшін салық салу базасына қаты-
сты белгісіздік орын алды. Бұрын Компания басшылығы салық салу базасы ретінде өндірудің өндірістік өзіндік құнын 
және ПҚӨС есетелмеген бастапқы өңдеуді пайдаланды, және Салық кодексінде белгіленген 22 % мөлшерінде пайдалы 
қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасын қолданды. 2012 жылы уран өндіруші компаниялар мен салық орган-
дарының арасындағы талқылаулардың барысында салық салу базасында өндірістік өзіндік құны мен ПҚӨС есетелмеген 
бастапқы өңдеу қамтылуға тиісті деген түсіністікке қол жеткізілді. Келіссөздердің нәтижесінде 2009-2012 жылдар үшін 
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы 22 %-тен 17.5 %-ке төмендетілді.Салық кодексіне тиісті өзгері-

202
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
стер 2012 жылғы 26 желтоқсанда бекітілді. Компания осы өзгерістердің тиімділігін өзінің 2012 жылдың 31 желтоқсанын-
да аяқталған жылдық қаржылық есебінде атап көрсетті.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді, енді пайдалы қазбаларды өндіруге 
салынатын салық ставкасы 18.5 %-ке дейін өзгертілді, бұл алдағы кезеңдерде қолданылатын болады.
(iv) трансферттік баға белгілеу
2009 жылы 1 қаңтарда өзгертілген және қолданысқа енгізілген Трансферттік баға белгілеу туралы заң негізінен тауар-
лар мен қызметтерді сату бойынша халықаралық іскерлік операцияларымен байланысты халықаралық және ішкі опе-
рацияларға қатысты қолданылады. 2013 жылғы 31 желтоқсандаға жағдай бойынша, Қоғам күшіне енген Трансферттік 
баға белгілеу туралы заңға сәйкес барлық қажетті түзетулерді жүргізді.
2012 жылғы желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та 2007 жылғы жұмыс кезеңінде трансферттік бағаларды қолда-
ну кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша құжаттық тақырыптық тексеріс аяқталды (2009 жылы басталып, 
тоқтатылған). Тексеру қорытындысы бойынша Компанияға 6 390 276 мың теңге көлемінде КТС, айыппұл мен өсімпұл 
сомасының кем есептелгендігі туралы Тексеру актісі және 24.12.2012ж. № 110 Хабарлама ұсынылды.
Компания Хабарламамен келіспеді және Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық әкономикалық сотқа 2013ж. 22 
мамырдағы №04-16/01527 Шағымды жіберді. Соттың 2013ж. 12 шілдедегі №2-5996/13 анықтамасы бойынша Шағымды 
қанағаттандыруға толық көлемде бас тартылды. Бұдан кейін Қоғам Алматы қалалық соттың Апеляциялық коллегиясына 
2013ж. 26 шілдедегі № 21.1.24 Апеляциялық шағымды жіберді. Коллегияның 2013ж. 18 қыркүйектегі №2а-5300/13 қау-
лысы бойынша МАЭС-тың шешімі өзгеріссіз, Апеляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Алматы қалалық соттың Апеляциялық коллегиясының 18.09.2013 ж. №2а-5300/13 шешімінің негізінде Қазатомөнеркәсіп 
2013 жылғы қаржылық есеп-қисабында 2007 жылғы тексеріс бойынша есептелінген 2 983 522 мың теңге көлеміндегі 
КТС, 1 914 993 мың теңге өсімпұл және 1 491 761 мың теңге айыппұл сомасын ҚР бюджетіне төлеу жөніндегі міндетте-
мелерін таныды және көрсетті. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша КТС және өсімпұл сомасы бюджетке 
толық төленді.
2014 жылы Қазатомөнеркәсіп тексеріс қорытындысын даулауды жалғастырды және Алматы қалалық соттың Касса-
циялық коллегиясына 2014ж. 16 қаңтардағы №04-16/00117 Кассациялық Шағымды жіберді. 2014ж. 19 ақпанда өткен 
коллегия отырысының қорытындысы бойынша МАЭС-тың шешімі өзгеріссіз, Кассациялық шағым қанағаттандырусыз 
қалдырылды.
(г) қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында 
атом саласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес, БН-350 ре-
акторын пайдаланудан алуды, осы жабдықпен байланысты оны одан әрі кәдеге жаратуды қамтамасыз ету жөніндегі 
іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа 
технологиялар министрлігі болып табылады. Мұның сыртында Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспа-
рында осы іс-шараларды қаржыландыру көзі Республикалық бюджет деп көзделген. 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі 
жағдай бойынша Компанияның БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан алу бойынша заңдық және қаржылық 
міндеттемелері жоқ.
(д) кепілдіктер
Кейбір өзара байланысты тараптарды қаржыландыруға берілген қаржылық кепілдіктер бойынша ең үлкен кредиттік 
тәуекел 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша 38,185,771 мың теңгені (2012 ж.: 38,265,908 мың теңге) 
құрады.

203
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
42. өзара баЙланысты тараптармен жҮргізілетін 
операциялар
(a) бақылау қатынастары
Компания Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығына сәйкес құрылды. 
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Акционер) Компанияның жалғыз акционері болып табыла-
ды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ толығымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің иелігінде.
(б) басшы қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен жүр-
гізілетін операциялар
Директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы директорлар, департамент басшылары мен олардың отбасы мүшелерінің 
Топтың дауыс қосу құқығын беретін бақылау пәрмені мен акциялары жоқ, өйткені акциялардың 100 %-і Қазақстан Ре-
спубликасының Үкіметіне тиесілі.
(i) басшы қызметкерлерге берілетін сыйақылар
Есептік жылда топтың басты басшы қызметкерлері алған сыйақылар мынадай сомаларды құрап, олар персоналға ар-
налған шығындар құрамында көрсетілді.
31.12.2013
31.12.2012
мың теңге
мың теңге
Жалақы және сыйлықақылар
1,936,796
1,887,519
Топтың өзара байланысты тараптармен операциялары мына кестелерде ашылады. Мемлекеттік компанияларға қаты-
сты, Топ аналық компаниялардың бақылауындағы компаниялар тобымен жүргізілген операцияларды ғана ашады.
(в) басқа да байланысты тараптардың қатысуымен жасалатын операциялар
(i) кірістер
мың теңге
2013 ж.
31.12.2013 ж.
2012 ж.
31.12.2012 ж.
мәміле 
сомасы
есептеулер  
бойынша қалдық
мәміле 
сомасы
есептеулер  
бойынша қалдық
Тауарлар мен көрсетілетін 
қызметтерді сату:
Қауымдастырылған кәсіпо-
рындар
23,909,503
2,028,740
9,031,919
4,332,721
Бірлесіп бақыланатын компа-
ниялар
15,368,500
4,328,861
5,763,335
881,809
Сіңілі компаниялар
16,938,819
345,146
6,399,133
332,726
Өзгелері
1,963,325
344,064
-
1,833,416
Қордың тәуелді кәсіпорын-
дары
87,505
173
41
173
Қауымдастырылған кәсіпо-
рындар жариялаған диви-
дендтер
13,171,956
-
18,102,779
-
Бірлесіп бақыланатын кәсіпо-
рындар жариялаған диви-
дендтер
9,426,960
6,466,549
2,852,455
-
80,866,568
13,513,533
42,149,662
7,380,845

204
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
Операциялар бойынша байланысты тараптар жасаған барлық есептеулер есеп берілген күннен кейін алты айдың ішін-
де ақша қаражатымен төлеуге жатады. Бұл берешектің барлығы кепілмен қамтамасыз етілмеген болып табылады.
(ii) Шығыстар
мың теңге
2013 ж.
31.12.2013 ж.
2012 ж.
31.12.2012 ж.
мәміле 
сомасы
есептеулер 
бойынша қалдық
мәміле 
сомасы
есептеулер 
бойынша қалдық
Тауарлар мен көрсетілеетін 
қызметтерді сатып алу
Қауымдастырылған кәсіпо-
рындар
33,146,141
7,824,034
2,773,279
20,431,882
Бірлесіп бақыланатын компа-
ниялар
40,237,873
12,824,633
5,990,936
10,658,013
Сіңілі кәсіпорындар
27,007,050
4,346,404
12,420,671
4,139,782
Қордың тәуелді кәсіпорын-
дары
50,552
1,655
-
-
Акционердің дивидендтері
7,639,051
-
-
11,750,664
Басқалар
2,042
6,952
-
1,211,691
108,082,709
25,003,678
21,184,886
48,192,032
Өзара байланысты тараптармен жасалған операциялар бойынша барлық есеп айырысулар есеп беру күнінен кейін 
алты айдың ішінде ақша қаражатымен төленуге тиісті. Бұл берешектің бәрі кепілмен қамтамасыз етілмеген болып та-
былады.
(iii) берілген қарыздар
мың теңге
2013ж.
31.12.2013
2012 ж.
займ сомасы
31.12.2012
займ сомасы
есептеулер 
бойынша қалдық
есептеулер
Қауымдасқан кәсіпорындар
8,440,754
8,440,754
7,698,391
7,698,391
Бірлесіп бақыланатын кәсіпо-
рындар
4,973,894
4,973,894
20,000
20,000
Өзгелері
6,119,447
6,119,447
5,579,228
5,579,228
19,534,095
19,534,095
13,297,619
13,297,619
(iv) «бта банк» ақ-пен мәмілелер
АО «БТА Банк» АҚ Топтың байланысты тарапы болып табылады.
Депозиттер
мың теңге
барлығы
негізгі борыш
проценттер
2012 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша
757,227
755,470
1,757
Орналастырылды/Есептелді
398,172
399,250
(1,078)
Көзден салық ұстау
(101)
-
(101)
Бағам айырмашылығы
(1,417)
(1,417)
-

205
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
мың теңге
барлығы
негізгі борыш
проценттер
Алынғаны
(1,153,408)
(1,152,833)
(575)
2012 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
473
470
3
Орналастырылды/Есептелді
1,465,836
1,442,250
23,586
Көзден салық ұстау
(2,854)
-
(2,854)
Бағам айырмашылығы
-
-
-
Алынғаны
(378,292)
(362,120)
(16,172)
2013 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
1,085,163
1,080,600
4,563
Ағымдағы шот
мың теңге
2013 ж.
2012 ж.
31 желтоқсанға
3,906,262
253,490
(г) баға белгілеу саясаты
Өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелерде баға белгілеу 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға бел-
гілеу туралы» Заңға және ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 3 ақпандағы №74 қаулысымен бекітілген Табиғи уран концентраты-
на (U3O8) баға белгілеу ережесіне (әдістемесіне) сәйкес «салыстырмалы бақылаусыз баға» әдісіне негізделеді.
43. есеп берУ кҮнінен кеЙінгі оҚиға
2013 ж. 22 шілдедегі шешімге сәйкес жалғыз қатысушы 2014 ж. 10 ақпандағы жағдай бойынша Қоғамға «Тау-кен компа-
ниясы» ЖШС-ті қосу арқылы оны қайта ұйымдастырумен байланысты Өткізу актісін бекітті. «Тау-кен компаниясы» ЖШС 
Қоғамға барлық активтері мен міндеттемелерін берді.
2014 ж. 29 қаңтарда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-тің қадағалаушы кеңесі (Топтың 100 % еншілес кәсіпорны) «Ақта-
угазсервис» АҚ, «КазТрансГаз» АҚ-қа 1.2 млрд. теңгеге 100 % акцияларын сату туралы алдын-ала қабылданған шешімді 
қабылдады. Осы шешім «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының қарауында жатыр.
2014 жылғы қаңтарда Компания Mizuho Nederland N.V. банкінде кредит желісінің шеңберінде 50 млн. АҚШ доллары 
сомасында қысқа мерзімді қарыз алды.
2014 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамын қалыптастыру про-
цесіне араласуын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде 2014 жылғы 12 ақпанның ішінде теңгенің 
нарықтық айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 184.55-ке дейін, яғни шамамен 19 %-ға төмендеді. Жалпы қаржы на-
рығы мен экономиканың тұрақсыздануын болдырмау үшін, Ұлттық банк 1 АҚШ доллары үшін 182-188 теңге ауқымын-
да АҚШ долларына қатысты теңге бағамының ауытқы дәлізін белгілеуді жоспарлап отыр. 2013 жылғы 6 наурыздағы 
жағдай бойынша АҚШ долларына теңгенің ресми бағамы 184.06 теңгені құрады. Алайда теңгенің айырбас бағамының 
серпініне және Ұлттық банктің одан арғы әрекетіне, сондай-ақ Қазақстанның экономикасына осы факторлардың әсері-
не қатысты тұрлаусыздық бар.
Компания басшылығы ұлттық валютаның құнсыздануы Топтың қаржылық жағдайының төмендеуіне әкелмейді, өйткені 
Топ өнімінің басым бөлігі экспорталады деп есептейді. Алдын-ала есептеу бойынша АҚШ долларына қатысты бағамның 
өсуі кіріс бөлігінің өсуіне, шығыс бөлігінің аз өсуіне және операциялық пайданың едәуір өсуіне әкеледі.
44. ҚаржылыҚ есептілікті бекітУ
2014 жылғы 6 наурызда Шоғырландырылған қаржылық есептілікті басшылық мақұлдады және шығару үшін бекітті.

206
Қосымшалар 
|
 глоссарий
глоссариЙ
термин
анықтамасы 
CAPEX
Күрделі шығындар
CO
2
Көмірқышқыл газ
EBIT 
Пайыздар мен салықтарды төлеуге дейінгі пайда 
EBITDA
Пайыздарды, салықтарды төлеуге дейінгі және амортизацияға дейінгі пайда 
EBITDA margin
Пайыздарды, салықтарды және амортизацияны шегеруге дейінгі пайданың өнімді сатудан 
түскен пайдаға пайызбен көрсетілген қатынасы 
бжб
Бөлінетін жұмыс бірліктері 
ERP
Enterpriseresourceplanning – кәсіпорын ресурстарын жоспарлау 
GRI
GlobalReportingInitiative – Тұрақты даму саласындағы есептілік бойынша ғаламдық бастама 
IPO 
Initial Public Offering – акцияларды бастапқы орналастыру 
ISO
International Organization for Standardization – Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым 
ISO 14001 
Қоршаған орта менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты Environmental management 
systems – Requirements with guidance for use/ –Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық 
MTU
Metric tons of uranium – уранның метрлік тонналары 
OHSAS 18001
Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару жүйесіің халықаралық стандарты Occupational 
Healthand Safety Management Systems/ – Талаптар
R&D
Research&Development – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары (ҒЗТҚЖ) 
U
3
O
8
Уранның шала тотығы-тотығы 
UF
6
Уран гексафториді 
UO
2
Уран диоксиді 
UO
3
Уран триоксиді 
ақ 
Акционерлік қоғам 
аЭс
Атом электрстанциясы 
едб
Екінші деңгейдегі банк
ШқомтУ
Д. Серікбаев ат. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Шқо
Шығыс-Қазақстан облысы
бжрт
Болотовтың жел роторлық турбиналары
жЭқ
Жел энергетикалық қондырғылар
ткк
Таукен компаниясы
етұ 
Еншілес және тәуелді ұйымдар

207
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
термин
анықтамасы 
Өк
Кен өндіру кәсіпорны 
жақ
Жабық акционерлік қоғамы
УШт
Уранның шала тотығы-тотығы
қазұтУ
Қ.И. Сәтпаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университеті
қазұУ
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті
пәк
Пайдалы әрекет коэффициенті
ақХа
Атом қуаты халықаралық агенттігі 
маЭк 
Маңғыстау атомно-энергетикалық комбинаты 
мбл
Мыс-бериллий лигатуралары
қр ижтм
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 
мк
Металлургиялық комбинат 
ХЭк
Халықаралық электротехникалық комиссия
ұЯЗУ
Ұлттық ядролық зерттеулер университеті 
Ғтк
Ғылыми-техникалық кеңес
жШқ
Жауапкершілігі шектеулді қоғам
еқ және Өқ
Еңбек қорғау жән өнеркәсіптік қауіпсіздік
аЭӨқк
Атом энергетикасы, өнеркәсібі және іргелес салалар қызметкерлерінің кәсіподағы
жұс
Жерасты ұңғымалық сілтілеу 
см және сжм
Сирек және сирек-жер металдары
бк
Бірлескен кәсіпорын
жбқ
Жылу бөлгіш құрамалар
жсқ
Жылулық сорғыш қондырғылар
 жШс
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ҮмЗ
Үлбі металлургия зауыты 
еққоб
Еңбек қорғау және қоршаған орта басқармасы
Убо
Уран байыту орталығы
оқо
Оңтүстік-Қазақстан облысы
Яоц
Ядролық-отын циклы 

Kazakhstanika.kz
www.kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» 
ұлттыҚ атом компаниясы» 
акционерлік Қоғамы
010000, Қазақстан республикасы,
астана қаласы, Д. конаев көшесі, 10
тел: +7 /7172/ 55 13 98
Факс: +7 /7172/ 55 13 99
e-mail: nac@kazatomprom.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет