Біріктірілген жылдық есеп



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

сенімді серіктес
Біздің бәсекелес артықшылықтарымыздың бірі - бұл клиенттеріміздің 
алдында келісімшарттық міндеттемелерімізді ұстануымыз: Компанияның 
қызмет еткен 15 жылында бірде-бір рет өнімнің жеткізілмеу жағдайла-
ры болып көрмеген. 
2014 жылдың басына қарсы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Еуропа, Ор-
талық және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Амери-
каның энергетикалық секторының жетекші компанияларымен табиғи 
уранды жеткізу туралы 17 ортамерзімді және ұзақмерзімді келісімшарт-
тарға ие. 
Компания уран өндірісінің көлемін арттыруды жалғастырды, оның көлемі 2012 жылғы көрсеткішпен салысты-
рғанда 5%-ға өсті. 2013 жылы кен өндіру көлемі 12 568 тоннаны не әлемдегі өндірістің 21,4%-ын құрады. 2014 
жылы біз өндіріс көлемін қол жеткізген деңгейде сақтап қалуды жоспарлап отырмыз.
Компания үшін маңызды оқиғаға 2014 жылғы қыркүйекте Moody’s Investors Service рейтингілік агентті-
гінің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ эмитентінің «Ваа3» деңгейдегі рейтингісін және басымдылықпен талап 
ету құқығымен қамсыздандырылмаған құнды қағаздардың «Ваа3» рейтингісін растауы айналды, болжамы 
«Тұрақты».
Халықаралық әріптестік
2013 жылы Компанияның халықаралық әріптестігінің шекаралары кеңейді. Мысалы, мамырда «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ-ның АҚШ-тағы өкілдігінің ашылу салтанаты өтті, оның жұмысының нәтижесінде уранды жеткі-
зу туралы жаңа келісімшартқа қол қойылды. Оған қоса, «Техснабэкспорт» ААҚ-мен материалдық шот туралы 
келісімге қол қойылды, бұл келісімде Қазақстаннан ресейлік конверсиялық кәсіпорындарға табиғи уранның 
шала тотығы-тотығын физикалық жеткізудің және содан кейінгі бук-трансфер операцияларының шарттары 
көрсетілген. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның келісімшарттары бойынша сату көлемі 2013 жылы концентрат түріндегі 
уранның 10,2 мың тоннасын құрады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сатудан түскен біріктірілген табысы-
ның шамамен 66%-ын не 190 млрд теңгені U
3
O
8
 сатылымдары құрады. Компания уран өнімдерін нарықтық 
бағамен және баға құрылымының аралас механизмімен сатады, бұл бағалардың құбылғыштығын еңсеріп 
отыруға мүмкіндік береді.
Қыркүйекте бірлескен Ресей-Қазақстан ұйымы «УБО» ЖАҚ-ның «УЭХК» ААҚ-ның жарғылық капиталының 
25% және оған қоса 1 акциясын сатып алу мәмілесі аяқталды, ал 2013 жылдың соңында өнімнің 300 мың ЖББ 
көлеміндегі алғашқы партиясы сатып алушыларға жіберілді. 2014 жылы жобалық қуаттылыққа – жылына бес 
миллион ЖББ-ға шығу жоспарлануда.
стратегиялық мақсаттарды іске асыру 
Компания әлемдегі уран нарығында өзінің көшбасшылық жайғасымдарын сақтап қалу, реакторға дейінгі 
циклге және АЭС құрылысына әртараптандырылған және іргелес жоғары технологиялық салаларға әрта-
раптандыру бойынша стратегиялық мақсатын іске асыруды одан әрі жалғастырды. Оған қоса, «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ өзінің біраз күш-жігерін салалас емес активтерді құруға жұмсады, олар Компанияның әлемдік 
экономиканың өзгеруіне тәуелді болмауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ғылыми қызметке ерекше көңіл 
бөлінді. Мысалы, 2013 жылы Компания әзірлемелерге арнап 80  патент алды, бұл 2012 жылдағыдан 2 есе 
артық.
басҚарма төрағасының сәлемдесУ сөзі
ҚызмЕтінЕ шолу жәнЕ бизнЕс-үлгі

біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
13
2012 жылы ашылған күкірт-қышқыл зауыты 2013 жыл ішінде 356,5 мың тонна күкірт қышқылын және 16 924 
мың кВт*сағ электрқуатын өндірді.
Компания қызметінің урандық емес бағыттарын дамытуды және олардағы өндіріс көлемін арттыруды жалға-
стырды. Тантал өнімдерін өндіру көлемі 203 тоннаны, ниобий өнімдерін – 51 тонна, бериллий өндіру көлемі 
– 99 тоннаны құрады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның 2013 жылы Маңғыстау облысы мен Ақтау қ. тұрғындарына арнап 
электр және жылу қуатын өндіру көлемі соған сәйкес 4 613 млн кВт*с және 2 959 мың Гкал деңгейіне жетті, 
37  927 мың текше метр су, соның ішінде 10 932 мың текше метр ауыз су өндірілді. 2013 жылғы желтоқсанда 
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өнімділігі тәулігіне 12 000 тоннаны құрайтын теңіз суын тұщыландыруға ар-
налған жаңа дистиляттық қондырғыны пайдалануға қосты.
Жаңартылатын энергия көздерінің секторын дамыту жұмысы жалғасуда. 2013 жылы Өскемен қаласында фо-
тоэлектрлік ұяшықтар мен тілімшелердің өндірісі іске қосылды. Кәсіпорынның қуаттылығы кемінде 60 МВт не 
болмаса жылына 16,5 млн фотоэлектрлік ұяшықты құрайды. 
2013 жылы фотоэлектрлік модульдерді шығару зауыты «Astana Solar» ЖШС жалпы сомасы 2 млрд теңгенің 
35 мың модулін жасап шығарды, бұл 8 МВт қуатына сәйкес, оның 62%-ы қазақстандық компаниялармен жа-
сасқан келісімшарттардың үлесіне тиесілі. 
жауапты бизнес
Компанияның барлық жетістіктері Компаниямыздың басты активі деп саналатын қызметкерлеріміздің кәсіби 
шеберлігі мен жоғары біліктілігі болмағанда мүмкін емес еді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық қызмет-
керлердің еңбек жағдайларын жақсарту саласында белсенді жұмыс жүргізуде. 2013 жылдың соңына қарсы 
Компанияның барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындары бойынша қызметкерлердің жалпы саны 27 342 
адамды құрады. Бұл жағдайда қызметкерлердің жылыстауы 2012 жылдың деңгейінде қалуда және 14% құра-
ды.
Компания орын алу өңірлерін дамытуға арнап мерзімді түрде инвестиция жасап отырады және Компанияның 
сатып алуларында жергілікті құрамның үлесін арттыруға арналған шараларды іске асырып отырады. Мысалы, 
2013 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын-
дағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті құрамның үлесі 75% құрады.
Компания тұрақты дамуды, соның ішінде еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өнер-
кәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін тиімді басқарудың маңыздылығын сезінуде, бұл «Қазатомө-
неркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің ерекшелігін ескерумен айрықша маңызды болып табылады. 
Компанияның 19 кәсіпорнында OHSAS 18001 халықаралық стандартына сай келетін денсаулық және қа-
уіпсіздік менеджменті жүйелері, ал 17-де – ISO 14001 экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттары  
енгізілген. Компания мерзімді түрде сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелерінің аудитін жүр-
гізіп отырады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының барлығында өндірістік нысандар уақытында  
аттестаттаудан өткізіліп отырады, Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіпсіздік декларациялары әзірленген 
және бекітілген. Компания бойынша тұтастай алғанда 2013 жылы еңбек қорғауға арнап жұмсалған шығын 
5  016 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 20%-ға артық.
Компанияның жетістіктері оның 2013 жыл бойынша Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың 
жұмыс сапасы рейтингісінің бестігіне енгізілумен атап өтілді.
Компания келешегіне сеніммен қарауда. Компания кәсіпорындары табиғи уранның нарықтық бағасының 
құлдырауы тудыратын зардаптарды барынша азайту мақсатында, сондай-ақ шығарылатын өнімге қатысты 
шығындарды оңтайландыру мақсатында шығындарды азайтудың 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын 
әзірледі. 
владимир Школьник,
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы

14
компания жаЙлы
«Қ
азатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы атом энергетикалық стан-
цияларына, арнайы жабдықтар мен технологияларға, қосарлы қолдану материалдары-
на арнап уран мен оның қосылыстарын, ядролық отынды экспорттау мен импорттаудың 
ұлттық операторы болып табылады. Компанияның қызметі мемлекетіміздің атом, сирек-металл, химия 
және энергетика салаларын дамыту бойынша стратегиялық басымдылықтарын көрсетеді. Компания қо-
сылған құнды құру тізбегінің барлық буындарын – сирек-металды, бериллий, тантал және ниобий өнім-
дерін шығару, өндіру, әзірлеу, пайдалану және сату буындарын қамтитын перспективалық кең ауқымды 
жобаларды; сондай-ақ Қазақстан Республикасында ғылыми еңбекті қажет ететін технологияларды әзір-
леу, энергоресурстарды жеткізу және жаңартылатын энергетиканы дамыту жобаларын іске асырады. 
2009 жылдан бері Қазақстан Республикасы уранның жалпы әлемдік қажетсіну көлемінің 38%-дан артық 
бөлігін қамтамасыз етумен әлемдік уран өндіру нарығының көшбасшысы болып табылады. 2013 жылдың 
қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы уран өндірісінің көлемі 22,5 мың тоннаны құра-
ды, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 6%-ға артық.
2010 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлемдегі уранның ең ірі жеткізушісіне айналумен, 
әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының тізімін басқарды. Кең ресурстық база, өндірістік про-
цестерді үнемі жетілдіріп отыру және уран өндірісінің төмен өзіндік құны Компанияның әлемдік уран на-
рығындағы жетекші жайғасымын сақтап және табыстылығын жылдан жылға арттырып отыруына мүмкіндік 
береді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының барлық еншілес және тәуелді ұйымдары (бұдан  
әрі – ЕТҰ) қатысу үлестері бойынша өндіру көлемі 2013 жылы 12 568 тонна уранды құрады, бұл әлемдік 
өндіріс көлемінің 21,4%-ы. 
Компания Еуропа, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның нарықтарында, сондай-ақ Оңтүстік және 
Солтүстік Американың нарықтарында жұмыс істеуде, олар бүгінде ең ірі нарықтар болып табылуда. 
Негізгі қызмет көрсету секторлары – энергетика, атом және электрондық өнеркәсібі, металлургия, те-
лекоммуникациялар және ғылыми-зерттеу қызметі. Компания өнімдерін тұтынушылардың негізгі катего-
риялары – бұл атом, сирек-жер және сирек-металл салаларындағы ең ірі әлемдік компаниялар. Қазіргі 
уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өнімдерін жеткізу келісімшарттарының аса қомақты қоржы-
нына ие болуда және келісімшарттармен жақын арадағы 10–15 жылға арнап қамтылған. «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2013 жылғы келісімшарттары бойынша сатылымдар көлемі концентрат уранның 
10,2 мың тоннасын құрады.
Компания қызметін Қазақстанның алты өңірінде – Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, 
Маңғыстау, Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан 75 кәсіпорында, сондай-ақ шетелде –  
Ресей, Украина, Германия, Қытай және өзге елдерде жүзеге асыруда. Компанияның бас кеңсесі Астана 
қаласында орналасқан. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ең ірі салалық халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, олар:
•  Дүниежүзілік ядролық қауымдастығы (World Nuclear Association);
•  Қазақстанның ядролық қоғамы;
•  Ядролық отынның әлемдік нарығы (World Nuclear Fuel Market);
•  Тантал мен ниобийді зерттеу бойынша халықаралық зерттеу орталығы (Tantalum-Niobium International 
Study Centre).
2013 жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бәсекеге қабілетті трансұлттық әртараптандырылған 
Компания ретінде әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық жайғасымдарын сақтап қалуы көзделген 
қабылданған даму стратегиясына сәйкес өзінің қызметін жалғастырды.
ҚызмЕтінЕ шолу жәнЕ бизнЕс-үлгі

біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
15
компанияның құрылымы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі №3593 
«Жарғылық капиталында мемлекеттiң жүз пайыздық үлесi бар жабық акционерлік қоғам нысанындағы 
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясын құру туралы» жарлығына сәйкес құрылған. «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ атом энергетикалық станцияларына, арнайы жабдықтар мен технологияларға, қосарлы 
қолдану материалдарына арнап уран мен оның қосылыстарын, ядролық отынды экспорттау мен импорт-
таудың ұлттық операторы болып табылады. Қазіргі кезде Компания акцияларының 100%-ы «Самұрық- 
Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) тиесілі.
Компанияның құрылымы туралы толығырақ ақпарат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның иелену үлесі 
қоса көрсетілген активтерінің құрылымы» қосымшасында келтірілген.

16
миссиясы, маҚсаты, ҚҰндылыҚтары
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның миссиясы ең жоғары акционерлік құнға, оңтайлылық пен қаржылық 
тұрақтылыққа қол жеткізу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының индустриалды-иннова-
циялық дамуына және оның халықаралық сахнадағы стратегиялық маңызын нығайту үшін ең үздік әлемдік 
тәжірибелерге сәйкес корпоративтік басқарудың жоғары рейтингісіне және ең жоғары айқындылыққа ие, 
бәсекеге қабілетті трансұлттық әртараптандырылған Компания ретінде әлемдік атом энергетикасы нарығын-
да көшбасшылық жайғасымдарды сақтауға негізделген.
2020 жылға қарсы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ:
•  Әлемдік атом энергетикасының негізгі сегменттерінде, сондай-ақ реакторға дейінгі циклге және АЭС 
құрылысына қатысатын, әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық жайғасымдарын сақтай отырып, тран-
сұлттық, әртараптандырылған компанияға айналуды;
•  Өнімдердің және ядролық отын өндіру қызметтерінің барынша икемді тізбесіне ие клиентке арнап бағыт-
талған компанияға айналуды;
•  инновациялық технологияларды – жерасты ұңғымалық сілтілеуді енгізу саласындағы әлемдік көшбасшыға;
•  сирек және сирек-жер металдарының, химиялық реагенттердің бәсекеге қабілетті өндірушісіне айналуды;
•  Қазақстан Республикасында баламалы және жаңартылатын энергетика технологияларын енгізу саласында 
пионерге айналуды, сондай-ақ шетелдік баламалы және жаңартылатын энергетика нарықтарына шығуды 
көздеуде.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметінде Компанияның миссиясына, мақсатына, болжамына, тұрақты даму 
мен әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарына сүйенеді.
біздің басқару жүйеміз
Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі – Дара акционердің, клиенттердің, қызметкерлердің және өзге бар-
лық мүдделі тараптардың сенімділік көзқарасының сақталуының негізі. Қазақстан Республикасының корпора-
тивтік басқару саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын ұстанумен, Компания ең үздік әлемдік тәжіри-
белерге сай болып отыруға тырысады.
қызметкерлер
Компанияның капиталы – бұл онда еңбек ететін адамдар: ортақ істің сәттілігі олардың кәсіби шеберлігіне 
байланысты. Командалық рух Компания қызметкерлерінің жұмылған және ұйымдасқан іс-қимылдарын бірік-
тіреді, бұл сәтті шешімдер қабылдау мен олардың орындалуының кепілі. Әрбір қызметкер тиімді команданың 
бір бөлігі, яғни ол оның ортақ жетістігі үшін жауапты болып табылады.
клиенттер мен серіктестер
Тұрақты дамушы кәсіпорындар және әлемдік нарықтарда қызу жұмыс істеп жүрген ұйымдар – бұл Компания-
ның негізгі клиенттері мен серіктестері. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің әрбір клиенті мен серіктесін баға-
лайды. Серіктестік қатынастар өзара сенімділік пен құрметтілік көзқарасқа негізделе отырып қалыптасады. 
Компания клиенттері мен серіктестерінің алдында өзінің көзқарасын әрдайым шын және ашық түрде көрсетіп 
отырады. Компания өз қызметінде әрдайым этикалық және адал іскерлік қатынас ұстанымдарына сүйенеді.
дәстүрлер мен инновациялар
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жинақтаған білімдерінен пайда алуды ғана көздемей, сонымен қатар жаңа 
инновациялық тұжырымдамаларды алуға, сондай-ақ оларды генерациялап отыруға тырысады, бұл барынша 
тиімді нәтижеге қол жеткізуге кепілдік етуге мүмкіндік береді. Компания ілгері технологияларды уранды, сирек 
және сирек-жер металдарын өндіру мен қайта өңдеуде, жаңартылатын энергия көздерінен энергия алуға ар-
налған қосалқы бөлшектерді өндіруде, әлеуметтік нысандардың құрылысында және т.б. қолданып отырады.
Экологиялық тұрақтылық және қауіпсіздік 
Компания өндірістік қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайтып және экологиялық 
 
менеджмент жүйесі мен ең үздік қол жетімді технологияларды ендіріп отыруға тырысады.
м
иссия
ма
Қ
саты
ҚҰ
ндылы
Қ
тары
ҚызмЕтінЕ шолу жәнЕ бизнЕс-үлгі

компанияның үлесі
негізгі операциялық процестер
нәтижелер 
қаржылық капитал
•  Акционерлік  
капитал
 Сыртқы қарыздар
табиғи ресурстар
•  Уран кеніштері
•  Энергия тұтыну
•  Су тұтыну
•  Биосан-алуандық
Өндірістік капитал
•  Технологиялық 
шешімдер
•  Инфрақұрылым
Зияткерлік меншік
•  Патенттер
•  Лицензиялар
•  Ақпараттық техно-
логиялар 
адамдар
•  Этикалық  
құндылықтар
•  Кәсіби шеберлік
қауымдастықтар
•  Жергілікті қауымда-
стықтар
•  Клиенттер
•  Жабдықтаушылар
•  Серіктестер
Пайда –  
288 283 млн теңге
Операциялық қызмет-
тен түскен ақшалай 
ағымдар – 24 562 млн 
теңге
Операциялық пайда –  
25 117 млн теңге
Дивиденділер – 
7,6 млрд тенге
Акцияға қатысты 
базалық және  
азайтылған пайда –  
979 тенге
Әлеуметтік салықтар 
мен төлемдер –  
4 389 млн теңге
Табиғат қорғау 
қызметіне қатысты 
шығындар –  
1 234 млн теңге
Қызметкерлер саны –  
27 432 адам
 Табиғи уран
 Уран диоксидінің ұн-
тақтары мен отындық 
таблеткалары
Энергоресурстар
Баламалы энергетикаға 
арналған жабдықтар
Бериллий
Тантал
Ниобий
келешекке бағытталу
Ө
ткі
ЗУ
КЕН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨНІМ ШЫҒАРУ
ҒЗ
тқж
  
Ғылыми еңбекті қаж
ет 
ет
етін т
ехно
логиялар
Уран
Энергетика
Сирек металдар
Сирек-жер  
металдары
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
17
бизнес-Үлгі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бизнес-үлгісі Компанияның құнын құру мен қолдауға, сондай-ақ алға 
қойылған стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған процесс болып табылады. 
Компания уран мен сирек және сирек-жер металдарын өндірумен; уран, бериллий және тантал өнім-
дерін өндіру және өткізу; ғылыми зерттеулерді қажет ететін технологияларды әзірлеу; энергоресурстар-
ды жеткізу және жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша ірі жобаларды іске асырумен айна-
лысады. Бұл жобалар қосылған құн тізбегінің барлық буындарын, соның ішінде кен өндіру, өнімдерді 
әзірлеу, өндіру, пайдалану және өткізуді қамтиды.

18
Даму стр
ат
Егиясы жән
Е Қ
ызм
Етінің 
нЕ
гізгі көрс
Еткішт
Ері
2013 жылы Компанияның өндірісін жоспарлы кеңейту және операциялық қызметін арттырудың 
есебінен, жағымсыз нарықтық жайғасымға қарамастан, көшбасшылық жайғасымдарды сақтап қа-
лып қана қоймай, сонымен қатар уранды өндіру көлемін арттыра алдық.
Компанияда 2011 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2011–2020 жж. арналған Даму стратегия-
сы қабылданды. Даму стратегиясында реакторға дейінгі циклге және АЭС құрылысына, ғылыми-тех-
никалық әлеуетті дамытумен іргелес жоғары технологиялық бағыттарға әртараптандырылған 
трансұлттық компанияны құруға, ғылыми зерттеуді қажет ететін және жоғары технологиялық өн-
дірістерді құруға, сондай-ақ корпоративтік басқаруды ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес үнемі 
жетілдіріп отыруға бағытталған стратегиялық бағыттар белгіленген.
компанияның негізгі стратегиялық міндеті – Қазақстандағы уранның минералды-шикізаттық ба-
засын нарықтың жағдаятына қарай тиімді және оңтайлы қолдану арқылы ЯОЦ-ның барлық кейінгі 
сатыларында өндірілген уранның әр килограмынан барынша жоғары пайда алу.
Урандық емес бағыттағы 
ҒЗЖ-ларға қатысты шығын-
дар – ҒЗТҚӘ-ға қатысты жалпы 
шығынның 
17%

Корпоративтік басқару  
жүйесінің рейтингісі – 
70,4%*
 «Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ негізінде 
реакторға дейінгі ЯОЦ-ға 
әртараптандырылған 
трансұлттық компанияны 
құру
Компания реакторға дейінгі  
ЯОЦ-ның 
6
 буынының 
3
-уіне ие ЯТЦ
«Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ-ның қызметін 
ғылыми-техникалық 
әлеуетін дамытумен 
салалас жоғары 
технологиялық бағыттарға 
әртараптандыру 
Корпоративтік 
басқару жүйесін 
жетілдіру
Әлемдегі уран өндірісі 
көлемі бойынша
(21,4%) 1-орын
Әлемдік уран 
нарығында 
көшбасшылық 
жайғасымдарды 
сақтау
миссия
3
Стратегиялық даму бағыттарына сәйкес 2013 жылы алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол 
жеткізуге ықпалын тигізетін бірқатар шаралар сәтті түрде іске асырылып, сондай-ақ осы бағыт-
тарда одан әрі тұрақты дамудың іргетасы нығайтылды. Қол жеткізілген нәтижелерді және уран 
нарығындағы жағдайды ескере отырып, даму стратегиясына толықтырулар мен түзетулер енгізілді, 
сондай-ақ стратегиялық тәуекелдерді басқару бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
Компанияның стратегиялық бағыттары шеңберіндегі 2013 жылы орын алған басты оқиғалар мен 
2014 жылға арналған жоспарлары төмендегі кестеде келтірілген. Негізгі шаралар мен іске асы-
рылып отырған жобалар туралы толығырақ ақпарат есеп берудің «Операциялық қызмет» және 
«Басқару» бөлімдерінде келтірілген.

2012 жылғы тәуелсіз сарапшылық негізінде

19
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
ӘЛЕМДІК УРАН НАРЫҒЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖАйҒАСЫМДАРДЫ САҚТАУ 
стратегиЯлық  
баҒыттар
мақсаттары
2013 ж. басты 
оқиҒалар
арналҒан 
жоспарлар
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖҮйЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУМЕН САЛАЛАС ДОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИ-
ЯЛЫҚ БАҒЫТТАРҒА ӘРТАРАПТАНДЫРУ
РЕАКТОРҒА ДЕйІНГІ ЯТЦ-ҒА ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ҚҰРУ
•  әлемдік уран нарығындағы көшбас-
шылық жайғасымдарды сақтау
 уранды аяғына дейін барлау 
•  сонымен бірге технологиялық 
процестерді жетілдірудің есебінен 
шығындарды оңтайландыру, өзіндік 
құнын азайту, 
•  уранды өткізу географиясын кеңейту 
•  халықаралық корпоративтік басқа-
ру ұстанымдарына сай келетін тиімді 
ұйымдық құрылымды құру 
•  бірыңғай ақпараттық жүйе мен 
басқармалық есептілік жүйесін 
(БЕЖ) құру 
•  тәуекелдерді басқарудың автомат-
тандырылған жүйесін құру 
•  әлемдік уран нарығындағы көшбас-
шылық жүлесі сақталған – 21%-дан 
артық 
•  категориясы С
1

2
 уран қорының 
өсімі 60 мың тонна уранды құрады
•  шығындарды қысқарту және 
оңтайландыру бойынша іс-шаралар 
жоспарын әзірлеу және іске асыру
•  Қазатомөнеркәсіп-ның АҚШ-та 
Өкілдігін ашу
•  уран қорының 30 мың тонн уранға 
артуы
•  уранның концентраттарын алу және 
өзіндік құнын азайту әдістерін жетіл-
діру мақсатында уранды пероксидтік 
шөктіру әдісін ендіру
•  Мексиканың мемлекеттік мекемесіне 
арнап уранды жеткізу тендеріне 
қатысу
•  ҚР және РФ бірлескен кәсіпорны - 
«УБО» ЖАҚ-тың уранды изотоптық 
байыту жөніндегі ең ірі кәсіпорны 
«УЭХК» ААҚ-ның акциялар жинағын 
сатып алу 
•  ҚР мен Канаданың атом энергиясын 
бейбіт мақсатта пайдалану туралы 
келісімге қол қоюы Cameco компа-
ниясымен бірлескен РК-ға уранды 
конверсиялау технологияларын 
трансферттеу және ҚР-да бірлескен 
уран өндірісін арттыру жобасын іске 
асыруды одан әрі жалғастыруға мүм-
кіндік берді 
•  «СМАРТ-рудник» жобасын жаңа 
технологияларды сынау және енгізу 
мақсатында іске қосу 
•  «SARECO» БК» ЖШС зауытының 
сирек-жер өнімдерін өндіру қуат-
тылықтарын арттыру, физикалық 
жеткізулерді бастау 
•  Маңғыстау облысында жел электр-
станциясын салу жобасының ТЭН-ін 
әзірлеу мен келісу.
•  жабдықтың сынақтарын аяқтау, 
«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-да 
фотоэлектрлік тілімшелерді өндіру 
зауытын іске қосу
•  «KazSilicon» ЖШС-да сапасы жақ-
сартылған кремний алу технология-
сын ендіру 
•  ЯОЦ-ның 8 циклының 6-ның қаты-
сушысына айналу 
•  ЯОЦ шетелдік активтеріне қатысу: 
уранды өндіру, конверсиялау, байы-
ту, ядролық отын мен оның компо-
ненттерін өндіру жұмыстарына және 
атом станцияларының құрылысына
•  уран өндіру кешенінде ілгері техно-
логиялық шешімдерді зерттеу және 
ендіру 
•  «УБО» ЖАҚ-ның реализация 5,0 млн 
БЖБ көлеміндегі байытылған уран 
өнімін сату
•  ҚХР-ға 2014–2016 жж. арналған 
отын таблеткаларын жеткізу келісім-
шарт жасасу және жеткізуді бастау 
•  ҚР мен ҚХР-ның өзара Ядролық 
өнеркәсіп саласындағы өзара 
түсіністік туралы Меморандум 
жасасуы
•  Қытайдың CGNPC компаниясымен 
Ядролық энергетика саласындағы 
әріптестікті кеңейту туралы келісім 
жасасу 
•  компанияның инновациялары мен 
ғылыми-технологиялық әлеуетін 
дамыту 
•  сирек және сирек-жер металдары-
ның негізінде ғылымды қажетсінетін 
жоғары технологиялық өндірістерді 
дамыту 
•  жаңартылатын және баламалы 
энергетика саласындағы инноваци-
ялық жобаларды іске асыру 
•  компания мен ҚБТУ-дың баламалы 
энергетиканы дамыту саласындағы 
ғылыми-техникалық әріптестік тура-
лы меморандумға қол қоюы
•  Жапониямен бірлескен сирек-жер 
өнімдерінің жоғары технологиялық 
өндірісін құру жобасы шеңберінде 
«SARECO» БК ЖШС-да іске қосу-тең-
шеу жұмыстары мен өнімдердің 
сынағын аяқтау 
•  Toshiba Corp. компаниясымен 
баламалы энергетиканы дамыту 
саласындағы бірқатар келісімдерге 
қол қою 
•  фотоэлектрлік тілімшелерді шығару 
зауытының ашылуы – іске қосу-тең-
шеу жұмыстарының басталуы
•  компанияның ЕТҰ корпоративтік 
құрылымын оңтайландыру және 
оларды басқарудың тиімділігін 
арттыру мақсатында салаға жатпай-
тын активтерді қайта құрылымдау 
жоспарын бекіту 
•  компанияның барлық кәсіпорын-
дарында өнеркәсіптік пайдалануға 
БЕЖ-ді енгізу бойынша шараларды 
орындаудың аяқталуы 
•  корпоративтік құрылымды актив-
терді қайта құрылымдау:. салалас 
емес активтерді шығарып тастау 
арқылы оңтайландыру жұмыстарын 
жалғастыру 
•  каржылық және материалдық ре-
сурстарды есепке алу мен бақыла-
удың автоматтандырылған орта-
лықтандырылған жүйесін құру 
•  тәуелсіз кеңес берушінің корпора-
тивтік басқаруға баға беруі 

20
Даму стратЕгиясы жәнЕ ҚызмЕтінің нЕгізгі көрсЕткіштЕрі
Әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық жайғасымын өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін 
тұрақты өсіру арқылы сақтап қалу бойынша негізгі мақсатына қол жеткізу шеңберінде Компания 2013 
жылы Қазақстан Республикасының аумағындағы уранның ресурстық базасын арттыруға арналған ізде-
стіру-барлау жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Компания баламалы және жаңартылатын энергетика 
сияқты өндірістің жоғары технологиялық бағыттары бойынша, сондай-ақ сирек-жер және сирек-ме-
талл өнімдері саласындағы жобалар бойынша қаржыландыруды үнемі арттырып отырады. Инноваци-
ялар және жаңа технологияларды дамыту «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шетелдік әріптестермен 
серіктестік ету стратегиясының ажырамас бөлігіне айналды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің 
аталмыш бағыттарын дамытудың арқасында өнімдер мен қызметтердің барынша толық спектрін ұсына 
алатын болады. 
Уран өнімдерінің бағасының құлдырауы мен уран нарығындағы жағдайдың тұрақсыздығына орай да-
мудың маңызды шарттарының біріне, соның ішінде технологиялық процестерді жетілдірудің арқасында 
шығындарды оңтайландыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету айнала бастауда. Өнімдердің өзіндік 
құнын азайту мақсатында Компания кәсіпорындары шығындарды қысқарту жобасын әзірлеген бола-
тын. Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіп салаға жатпайтын активтерді қайта құрылымдау жұмысын одан 
әрі жалғастырды, оның шеңберінде алты нысан жекеменшікке беріліп, ал 16 нысан жергілікті атқарушы 
органдардың меншігіне берілді. 
Компания тұрақты даму мәселелеріне ерекше көңіл бөледі және өнеркәсіптік және экологиялық қа-
уіпсіздіктің, еңбек қорғау мен қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың жоғары деңгейін қамтама-
сыз етуге, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы ең үздік стандарттарға сай болып отыруға тырысады. 
Жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының қатысушысы болып табылумен Компания бала-
малы энергетика бойынша, және ең алдымен күн және жел энергетикасы бойынша бірқатар жоғары 
технологиялық инновациялық жобаларды белсенді түрде іске асыруда. 
Стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеңберінде Компания келесі қызмет түрлерін дамытуды жоспар-
лап отыр:
•  табиғи уран концентраттарын уран гексафторидіне конверсиялау қызметтерін ұсынуға қатысу;
•  уранның изотоптарын бөлу (байыту) қызметтерін ұсынуға қатысу;
•  АЭС-ға арнап ядролық отын мен оның компоненттерін – жылу бөлгіш құрамаларды, уран диокси-
дінің ұнтақтары мен отын таблеткаларын жасау және сату;
•  АЭС-тің құрылысына қатысу;
•  сирек және сирек-жер металдарына негізделген өнімдерді шығару;
•  жаңартылатын энергия көздерінен энергия алу үшін қосалқы бөлшектер мен дайын өнімдерді: күн 
панельдерін, жылу сорғыларын, жел қондырғыларын жасау;
•  әлеуметтік саланы дамыту.
Жоғарыда аталған шаралардың іске асырылуы Компанияның табысты және тұрақты өсуіне, стратеги-
ялық тәуекелдердің азаюына және ядролық-отын циклы, баламалы және жаңартылатын энергетика, си-
рек-металл және сирек-жер өнімдерін жобаларын дамыту саласында әлем сахнасындағы жайғасымдар-
дың нығаюына ықпалын тигізетін болады. 

0
50 000
100 000
150 000
200 000
250 000
300 000
350 000
2014 
(жоспар)
2013
2012
2011
0
10 000
20 000
30 000
40 000
50 000
60 000
70 000
80 000
2014 
(жоспар)
2013
2012
2011
0
50 000
100 000
150 000
200 000
250 000
300 000
2014 
(жоспар)
2013
2012
2011
0
30 000
60 000
90 000
120 000
150 000
2014 
(жоспар)
2013
2012
2011
321 951
79 689
235 359
122 300
321 7
46
51 997
243 907
87 241
288 283
36 532
229 905
68 600
336 777
20 245
276 166
62 472
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
21
басты тиімділік көрсеткіштері және  
болашаҚҚа арналған болжамдар 
Компанияның тиімділігінің басты көрсеткіштері оның операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелілі-
гіне, сондай-ақ тұрақты даму ұстанымдарының даму стратегиясына, сондай-ақ Компанияның күнделікті қыз-
метіне ықпалдасуының сәттілігіне баға беруге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет