Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы



бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі25,63 Kb.
#89764
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
зоология

2 дәрістің тақырыбы: Бассүйексіздердің систематикасы. Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Терминдер мен анықтамалар: ланцетник, хорда, нефридия, эпидермис, невроцель.
Дәрістің тірек конспектісі:

  1. Бассүйексіздердің систематикасы. Хордалылар типі (Chоrdata).Бас сүйексіздер тип тармағы (Acrania) класс Басхордалылыр(Сephalochordata), отряд Ланцетниктәрізділер, 3 тұқымдасы бар, олар эпигонихтер, амфиоксидтер, ланцетниктер Branchiostomidae. Соның ішінде ең көп тарағаны ланцетниктер. Өкілі: кәдімгі қандауырша Branchiostoma lanceolatum. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан - бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезектерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.

2. Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері. Бассүйексіздердің ұйымдастырылуы (қандауырша мысалында) Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі - (Branchiostoma Lanceolatum). Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды.
Ет жүйесі. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінін оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Сезім органдары - өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Қан айналу системасы - карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.
Зәр шығару жүйесі - жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен - соленоцидтармен қапталған. Соленоцидтардың іші қуыс, оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінін көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп одан сыртқа шығарылады.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.

Тип тармағы-3. Омыртқалылар (Vertebrata) немесе Бассүйектілер (Craniоta).


Терминдер мен анықтамалар: Анамния, амниота, бассүйектілер, дөңгелекауыздылар, минога, миксин.
Дәрістің тірек конспектісі:
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген. Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)
2. Балықтар (Pisces)
3. Қосмекенділер (Amphibia)
4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)

  1. 5. Құстар (Aves)

  2. 6. Сүт қоректілер (Mammalia)

Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет