Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Терминдер мен анықтамалар: омыртқалылар зоологиясы, хорда, целом, классификациясы
Дәрістің тірек конспектісі
1. Кіріспе. Ғылым ретіндегі зоологияның қысқаша даму тарихы. Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты олардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.
2. Хордалылар типіне жалпы сипаттама. Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.
Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы — екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.
№