4 дәрістің тақырыбы: Тип тармағы-3. Омыртқалылар (Vertebrata) немесе Бассүйектілер (Craniоta). Жаќсыздардың шығу тегі мен эволюциясы. Дөңгелек ауыздылардың дене құрылысы
Терминдер мен анықтамалар: Анамния, амниота, бассүйектілер, дөңгелекауыздылар, минога, миксин.
Дәрістің тірек конспектісі: Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Ет системаеының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.
Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.
Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.
Сезім органдары - өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.
Зәр шығару органы — мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері - дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды.
1-отряд. Миногалар - (Petromyzoniformes)
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.
2-отряд. Миксиндер - (Myxiniformes)
Балықтардың уақыттша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілігіне икемделіп маманданған. Миксиндердің арқа қанаттары болмайды. Нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды, құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұсқасы бар.
Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индия мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20-50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500-1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады. Миксиндер балықтардың терісі мен скелетінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе, ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді.
дың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады.