Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары



бет37/51
Дата01.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97686
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Á³ð³íø³ ä?ð³ñ Ò³ë á³ë³ì³ æ?íå îíû? çåðòòåó íûñàíû (îáúåêò³ñ³) Ò³

11. Он бірінші дәріс Лексикография
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөзддіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лесикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әр түрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді.
Лексикография теориясы әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұтғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады. Сөздіктерді жасау жұмысынды, олардың сапасын арттыруда лексикография теориясының маңызы айрықша.
Сөздіктерде сөздерге әр түрлі жақтан сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографиялық жұмысқа тіл білімінің әр түрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеологияның), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатысы келіп туады.
Сөздіктердің тіл - тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктержасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері (современные словари) деп аталады.
2.Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т. б.) жатқызуға болады.

  1. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы - бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі - екі тілдік немесе көп тілдік аудапрма сөздіктер.

  2. Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрселілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет - ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі (понятийный словарь).

Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
I. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік
II. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
III. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
IV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.
Енді лингвистмкалық сөздіктердің әрқайсысына арнайы тоқталайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет