Бірінші хадис Амалдар ниетке байланысты



Дата21.07.2022
өлшемі55,79 Kb.
#37833
Байланысты:
ДИПЛОМ



Бірінші хадис
Амалдар ниетке байланысты
Омар ибн Хаттабтан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын есіттім: «Амалдар тек қана ниетке байланысты болады және әр адамға өзі ниет еткен нәрсесі ғана беріледі. Сондықтан кімде-кімнің көшуі (һижреті) қол жеткізетін дүниелік бір нәрсе үшін болса немесе үйленетін әйел үшін болса, онда ол адам өзі ниет еткен нәрсесі үшін көшкен болып саналады» деп айтқанын естідім», – деді.
(Бухари. Муслим)
Тағы бір нұсқада «Амалдар тек қана ниетке байланысты болады және әр адамға өзі ниет еткен нәрсесі ғана беріледі. Сондықтан кімде-кімнің көшуі (һижреті*) Алла Тағала және оның елшісі үшін болса, онда оның көшуі Алла Тағала және оның елшісі үшін болды. Және кімде-кімнің көшуі қол жеткізетін дүниелік бір нәрсе үшін болса немесе үйленетін әйел үшін болса, онда ол адам өзі ниет еткен нәрсесі үшін көшкен болып саналады» деп келген.
(Бухари. Муслим)
Хадисті жеткізген сахаба
Омар ибн Хаттаб ибн Нуфәйл ибн Абдулғузза ибн Ади әл-Қураши (Алла одан разы болсын). Лақап аты Әбу Хафс. Ол мұсылмандардың екінші әділ халифасы, Құрайш тайпасының бекзаттарының бірі болған. Ислам діні келгенге дейін де, келгеннен кейін де күш-қуат жағынан Қыраттың ең күштілерінен болған. Дүниеден бас тартып, ақыретті артық қойған ілім иелерінен болған. Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 537 хадис риуаят еткен. Һижраның 23 жылы зулхиджа айында, 62 жасында қайтыс болды.
Сөздердің мағыналары
Амалдар: бұдан денемен орындалатын сөз және іс мақсат етіледі. Олар парыз, нәпіл, көп немесе аз болуы да мүмкін. Шариғат заңдары жүктелген мұсылман адам істеген дұрыс, пайдалы іс-амалдар.
Ниет – Тілдік мағынасы - ұмтылу және шешім қабылдау. Терминдік мағынасы: ғибадатты ғибадат болып саналмаған әдеттегі істерден ажырату үшін адам жүрегімен бір істі орындауға шешім шығаруы. Қысқаша бір істі Алла Тағаланың разылығы үшін істеуге ниет ету.
Адам – ер мен әйел.
Һижрет – тәрк ету деген сөз. Оның осы хадистегі мағынасы Мекке қаласы фатх болуынан бұрын Меккеден Мәдинаға көшіп бару.
Хадистің түсінігі:

  1. «Амалдар» сөзінің хадистегі мақсаты.

  2. Ниеттің анықтамасы, дәрежесі, үкімі, шарты және мағынасы.

  3. Һижрет етудің мақсаты мен хадистің айтылу себебі.

  4. Хадистің құндылығы.

  5. Хадистен алатын пайдалар.

1. «Амалдар» сөзінің хадистегі мақсаты
Хадистегі «амалдар» сөзі мұсылман мен мұсылман емес адамның діни және дуниелік амалдарын қамтитын жалпылық сөз. Бірақ мұнда жалпылық мақсат етілмеген. Себебі бұл хадистегі «амалдар» деген сөзден шариғат заңдары жүктелген (мүкәлләф) адамдардың істейтін амалдары, істері және ниетке етуге мұқтаж болатын шариғи амалдар мақсат етіледі. Ал ниет етуды қажет етпейтін жеу, ішу, киіну сияқты амалдар хадисте айтылған амалдардан бөлек. Осыған негізделе отырып, «амалдар ниетке байланысты» деген сөз дұрыс әрі түсінікті болады. Хадистегі түсіп қалған сөз амалдар ниетпен дұрыс болады немесе амалдар ниеттің ықыласты болуменен қабыл болады.
Бір топ ғалымдардың айтуы бойынша хадистегі амалдар ниетке байланысты болады деген сөз өзінің жалпы лығына сай әрі одан еш нәрсе бөлек қарастырылмайтындығын айтқан. Осы көзқарасқа сүйенсек амалдар ниетпенен пайда болады немесе орындалады деген мағына шығады. Ал Ханафи мәзһабының өкілдері амалдардың кемел болуы ниетке байланысты деп айтқан. Мәзһабымызда кейбір амалдардың дұрыс болуы үшін ниет ету міндет емес. Бірақ бұдан барлық құлшылық ниетсіз орындала берсе болады деген сөз шықпайды. Мысалы бір адам ниет етпей дәрет алса, ол адамның дәреті бар деп саналады. Кейбір ғалымдар «амалдар ниетке байланысты» деген сөзді түсіндірген кезде бұл жерде амалдың дұрыс болуы немесе кемел болуы туралы сөз кетіп жатқан жоқ. Бұл жерде айтылған нәрсе шариғи амалдар деп түсінген.
2. Ниеттің анықтамасы, дәрежесі, үкімі, шарты және мағынасы
Ниет сөзінің тілдік мағынасы ұмтылу, көздеу. Ниет сөзі алыс болу мағынасындағы нәуә сөзінен шыққан деген әлсіз пікір де бар. Өзінен алыс болған бір нәрсені ниет еткен адам өзінің ұмтылуы мен шешім қабылдауы арқылы дене мүшелерінің және сыртқы қозғалысының көмегімен ниет еткен нәрсесіне жеткенге дейін ұмтылады. Сол себепті ниет өзі мақсат еткен нәрсесіне жеткізетін құрал ретінде қарастырылады.
Терминдік мағынасы: өзінің ісіне байланысты нәрсені қалау, тілеу. Ал сол ісі өзінен алыс болса онда ол шешім қабылдау, ұйғару деп аталады. Тағы бір көзқараста ниет ол Алла Тағалаға бойсұнып, оның разылығын көздеп, бір істі орындауға шешім қабылдау деп айтылған.
Ниеттің үкімі –парыз (кейбір ғибадаттарға байланысты). Оның орны – жүрек. Сондықтан жүрекпен ниет етпей, тек қана тілмен ниетті айтқаны жарамсыз. Бірақ тілімен айтып жүректегі ниетті қуаттау рұқсат.
Ниеттің шарты: ниеттенген адамның мұсылман болуы, жақсы – жаманды ажырата алатындай ақылы болу, ниеттенген нәрсесін білуі және сол нәрсеге жүректен нақты шешім шығару. Нйеттенудің мақсаты – ғибадаттарды әдеттегі (құлшылық деп саналмайтын) нәрселерден ажырату немесе дәрежесін ажырату.
Адам баласы осы өмірде қол жеткізгісі келетін дүниелік нәрселердің ішіне әйелдер де кіріп кетеді. Бірақ соған қарамастан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде «қол жеткізетін дүниелік бір нәрсе» дегеннен кейін оның ішінде әйелдерді ерекшелеп айтып кетті. Негізінде әйел де адам қол жеткізетін дүниелік қажеттілікке жататындықтан оны ерекшелемей, «қол жеткізетін дүниелік бір нәрсе» деп шектелсе де болар еді. Не үшін жалпақ қажеттіліктердің ішінде әйелдер тақырыбына айрықша көңіл бөлді? Өйткені басқа нәрселерге қарағанда әйелдер себепті бүлікке, фитнаға түсу көп орын алады.
3. Һижрет етудегі мақсат және хадистің айтылу себебі
Хадисте келген һижрет етуден Мекке қаласы фатх (мұсылмандардың қол астына өту) болудан бұрын Меккеден Мәдинаға көшіп бару мақсат етіледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «фатхтан кейін һижрет ету жоқ, бірақ жиһад және ниет ету бар», – деп айтқан. Ал ақиқатында һижрет ету дегеніміз ол Алла Тағаланың жеккөрген нәрселерінен алшақ болып, оның жақсы көретін, разы болатын нәрселерін орындау. Себебі бір хадисте: «муһажир (һижрет етуші адам) – Алланың тыйған нәрселерін тастаған адам», – деп айтылған.
Табаранидің (Алла оны мейріміне бөлесін) «Муғжамул кәбир» атты кітабында Ибн Масғудтан (Алла одан разы болсын) жеткізген «Уммул Қайстың муһажирі» деген оқиға осы хадистің айтылуына себеп болды деген көзқарас кең танылған. Ибн Масғуд (Алла одан разы болсын) айтты: «Уммул Қайс деген әйелге үйлену үшін бір кісі һижрет жасады. Оған Уммул Қайстың муһажирі деп айтылатын еді».
4. Хадистің дәрежесі
Бұл хадис Ислам дінінің негізі, өзегі негізделетін хадистердің бірі. Имам Шафиғи мен имам Ахмад (Алла оларды мейріміне бөлесін): «Бұл хадиске білімнің үштен бірі кіріп кетеді, – деп айтқан. Байһақи (Алла оны мейріміне бөлесін) «білімнің үштен бірі» деген сөзді былай түсіндірген: «Адамның амалдарының бәрі жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен орындалады. Ал ниет болса осы айтылғандардың бірі әрі ең маңыздысы. Себебі (сауапты амалды) ниет ету өздігінен ғибадат бола алады. Ал тіл, дене мүшелері ниет етуге мұқтаж». Яғыни ниет тілмен және дене мүшелерімен орындалатын құлшылықтар ниетсіз ғибадат саналмайды, қабыл болмайды. Сонымен қатар имам Шафиғиден: «Бұл хадиске білімнің жартысы кіреді. Өйткені дінінің ішкі және сыртқы жағы болады. Ниет діннің ішкі бөлігімен байланысты. Ал амал болса ол діннің сыртқы бөлігі», – деген сөзі жеткізілген. Бұған қоса ниет ету – жүректің құлшылығы болса, амал ету – дене мүшелердің құлшылығы.
5. Хадистен алатын пайдалар
1. Әр-түрлі көзқарастар бойынша амалдар тек ниетпен ғана дұрыс немесе қабыл немесе кәміл болатынын немесе бекітілетінін білдік.
2. Әр-бір амалдың алдында ниет ету және оны тек қана Алла ризалығын үшін ықыласпен болуы.
3. Кімде-кімнің хижреті ниеттенген және жүректен нық шешімі шығарған түрде Алла Тағала және оның елшісі үшін болса, онда ол адамның һижреті қабыл болып, сауапқа кенеледі.
4. Адамды әр уақытта Алланың разылығын іздеп, күнәлардан сақтанып, Жаратқанға бойсұнуға ынталандыру. Қайыршылық етудің орнына Алланың адал ризық-несібесін іздеп, ұйқы мен жан ләззаттарын тәрк етіу.
5. Адамды дүниеге қатты байланып қалудан, әсіресе әйелдерге байланып қалудан және олардың фитнасынан, зиянынан сақтандыру.
Сұрақтар:
1.Жоғарыда айтылған «амалдар», «ниет» сөздерінің мағанасын
түсіндір.
2. Хадисті және оның дәрежесін баянда.
3. Хадистен қандай пайдалары бар?
4. Ниеттің анықтамасы және үкімі не?
5. Хадисте айтылған һижреттен не мақсат етіледі?
6. Хадистің келу себебі не және әйелдерге не үшін ерекше көңіл
бөлінген?

Екінші хадис


Мұсылманды сөгуден және онымен соғысудан сақтандыру
Ибн Масғудтан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Мұсылманды сөгу – пасықтық (бойсұнбау, бұзғыншылық), онымен соғысу – күпірлік».
(Бухари)
Хадисті жеткізген сахаба
Толық аты Абдулла ибн Масғуд ибн Ғафил ибн Хабиб әл-Һузәли, лақабы Әбу Абдур-Рахман. Ислам дінін алғаш қабылдаған мұсылмандардың бірі. Мекке қаласында Құран Кәрімді ең бірінші дауыстап оқыған сахаба. Сапарға шыққанда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аяқ киімін, мисуәгін алып жүретін қызметшісі болған. Һижраның 32 жылы дүниеден өткен.
Сөздердің мағыналары
Сөгу – мұсылманның абыр атына күйе жағып, көңілін түсіретін сөздер айту.
Пасықтық – азғындыққа берілу, ақиқаттан шығу.
Соғысу – мұсылманның мұсылманмен соғысуы, оған себепсіз қару көтеру.
Хадистің түсінігі:
1. Күпір келтірудің ақиқаты мен оның хадисте келу мақсаты.
2. Мұсылманның жаны, оны өлтірудің харам болуы, өлтірген адамның жазасы.
3. Хадистің бағзы топтарға қарсы дәлел болуы.
4. Хадистен алатын пайдалар.
1. Күпір келтірудің ақиқаты мен оның хадисте келу мақсаты
Күпірліктің ақиқаты – діннен шығу. Осы хадистегі бұл сөздің мағынасы діннен шығу емес. Бәлкім салынатын тыйымды күшейту үшін айтылған. (Яғыни күпірлік деп аталып, тыйым салынып жатқан нәрсенің ауыр күнә екенін білдіру үшін күпірлік деп айтылды. Мұсылманды нахақтан өлтіру адамды діннен шығармайды (алайда ауыр күнә болып саналады). Немесе мұсылманды өлтіру күпірлікке ұқсас әрі жақын болғандығы үшін осы сөз қолданылған. Себебі мұсылманмен соғысу (иманды адамның емес) кәпірдің ісі. Бір әлсіз көзқарас бойынша, мұсылманды нахақтан өлтіру – жаман іс болғандықтан кәпір болу деп түсіндіріледі. Немесе ол кәпірдің істейтін ісіне ұқсайды. Тағы бір әлсіз көзқараста: «Мұсылманды өлтірген адам – кәпір болады. Және бұл сөз мұсылман адамды өлтіруді адал санап, ешқандай себепсіз, ешбір мұқтаждықсыз оны өлтірген адамға байланысты айтылған», – деп тусініктеме берілген.
2. Мұсылманның жаны, оны өлтірудің харам болуы, өлтірген адамның жазасы
Пенденің өмірін қиғандығы себепті дам өлтіру оны сөккенге қарағанда ауыр қылмыс. Сол себепті біреуді өлтіру қылмысын бұзғыншылықтан да жаман болған күпірлік деген сөзбен атаған. Ислам діні әр-бір мұсылманның өз құқығы болғандығы үшін, оның жаны қасиетті болғандығы үшін мұсылмандарды жазықсыздан жазықсыз өлтіруге тыйым салады. Өйткені Жаратушы Жаббар иеміз Құранда: «Қай бір адам мұсылманды қасақана өлтіретін болса, онда оның ақыреттегі жазасы тозақта мәңгі бақи қалып, азап шегу. (Бұған қоса) Алла оған қаһарын төгіп, лағынет айтады. Әрі ол адамға алапат азап әзірледі», – деп ескерткен. Тирмизи (Алла оны мейіріміне бөлесін) Абдулла ибн әл-Астан (Алла одан разы болсын) хасан тізбекпен жеткізген хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман адамның (әділетсіз) өлтірілуіне қарағанда дүниенің опат болып, жойылып кеткені Алла Тағала жеңілрек», – деп айтқан.
3. Хадистің кейбір топтарға қарсы дәлел болуы
«Үлкен күнә жасаған адам пасық (күнәхар) емес, сондықтан күпірлік келтіре отырып, Аллаға бойсұнудың еш пайдасы болмағаны сияқты, иман келтіре тұра Хаққа қарсы шығып, күнә жасау да адамға еш зиян бермейді» деген ұстанымдағы адасқан Муржия тобына осы хадис қарсы дәлел болады. Аталмыш топ иман келтіргеннен кейін амал етуді кейінге қалдыратындықтан «Иржә-кейінге қалдыру, кешіктіру» сөзінен алынып, Муржия аталған. Бұл хадис үлкен күнә жасаған адамды кәпір санайтын хауариждердің пікірін, ұстанымын қуаттайтын хадис емес. Себебі біз жоғарыда хадистегі «күпірлік» сөзінің мағынасы діннен шығу емес екенін айтқанбыз.
4. Хадистен алатын пайдалар
1. Хадисте мұсылманды діннен шығару мақсат етілмеген. Себебі адамды кәпірге шығару өте қатерлі іс. Мейірімді Жаратушымыз (толық көз жеткізбей жатып) біреуді діннен шығарудан, кәпір деп біреуге үкім беруге асығудан тыйған. Өйткені жазаға лайық адамдға кешірім беріп қателесу, жазықсыз адамды жазалап жеріп қателесуден жақсырақ.
2. Біреуге кәпір деген үкімді айқын себептеріне көз жеткізгенде ғана беру. Адамға кәпір деп үкім беруге тек шариғи тағайындалған соттың, қазының ақысы бар. Діни топтардың немесе жекелеген тұлғалардың, тіпті имамдар мен уағызшылардың біреуге кәпір деп үкім бере алатындай құқығы жоқ.
3. Мұсылман жанының құндылығы, оны өлтірудің және өлтіруге арандатудың харам екендігі.
4. Жазықсыз мұсылманды өлтіруден сақтандыру.
5. Алланың қаһарынан және лағнеттеуінен қорқып, кез келген тірі жан баласын өлтіруден немесе зиян беруден сақтану.
Сұрақтар:

  1. Мұсылманды сөгіп, балағаттау, онымен соғысу, бузғыншылық деген сөздердің мағыналары не?

  2. Хадисте «күпірлік» сөзі не үшін келтірілген?Мұсылманмен соғысуды не үшін «күпірлік» деп атаған?

  3. Хадисті өз сөзіңмен баянда.

  4. Хадистен алатын пайдалар қандай?

  5. Осы хадисті адасушы Муржия тобына қалайша қарсы дәлел ретінде қолдана аламыз?

Үшінші хадис


Мұсылманның сипаты
Ибн Омар айтты: «Алла елшісі: «Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтін бір ағаш бар және ол мұсылман адамға ұқсайды. Ол қандай ағаш?» – деп сұрады. Адамдар шөлде өсетін ағаштар тұралы ойлана бастады. Абдулла: «Менің ойыма ол құрма ағашы деген ой келді. Бірақ мен оны айтуға ұялдым» – деді. Адамдар сұрады: «Уа Алланың елшісі ол қандай ағаш екенін бізге айтыңызшы». Пайғамбарымыз: «Ол – құрма» – деп жауап берді».
Хадисті жеткізген сахаба
Абдулла ибн Омар ибн Хаттаб ибн Нуфәйл әл-Қураши жас бала кезінде Меккеде Ислам дінін қабылдаған. Шамамен он жасында һижрет жасаған. Фақиһ сахабалардың бірі әрі көп етуімен танылған. Пайғамбарымыз ол туралы: «Абдулла салиқалы кісі» – деп, оның жақсы, игі адам екендігіне күәлік берген. Һижраның 73 жылы 84 жасында өмірден озды.
Сөздердің мағыналары
Ағаш – кез келген ағаш жынысына жататындар.
Мұсылман – кемел мұсылман. Яғыни кемел мұсылман әрдайым (өзіне, отбасына, басқа адамдарға, қоғамға, тіпті хайуандарға да) пайдасын тигізгені сияқты құрма ағашын да әрқашан өзгелер пайдаланып, қажетіне жаратады.
Шөлде өсетін ағаштар – сұрақ қойылған кезде сахабалар ол қай ағаш екен деп ойланды. Бірі пәлен ағаш, бірі түген ағаш, енді бірі тағы басқа ағаш шығар деп, өздерінше пайымдады. Бірақ құрма ағашы тұрады ой ешкімнің де ойына келмеді.
Бірақ мен оны айтуға ұялдым – ол мәжілісте Әбу Бәкір, Омар және сол сияқты басқа да сахабалар бар болатын. Оларды құрметтегені себепті ондай ұлы кісілердің алдын кесіп сөйлеуге ұялғаны.
Хадистің түсінігі:

  1. Құрма ағашының артықшылығы және берекесі.

  2. Мұсылман мен құрма ағашыың арасындағы ұқсастық.

  3. Хадистен алатын пайдалар.

1.Құрма ағашының артықшылығы және берекесі
Құрма ағашының қашанда пайдасы, берекесі көп. Жемісінің неше түрлі сорттарын адам жейді. Оның бүкіл боліктері өзгелердің пайдасына жарайды. Тіпті оның өзегі жануарлардың жем-шөбіне айналады, талшықтарынан арқан, жіп жасалады, ал діңгегін үй құрылысында үйлердің төбесін, шатырын жабуға пайдаланылады. Жапырақтары (кейбір ағаштар сияқты) түспегендіктен көлеңкесі де жоқ емес. Осылайша пайдасы әрдайым тиіп тұрады. Дәл сол сияқты кемел мұсылманның да берекесі үзілмейді. Ол береке бүкіл жағдайда жалпыға ортақ. Оның пайдасы өзіне де өзгелерге де тұрақты түрде болады. Тіпті өлгеннен кейін де.
2. Мұсылман мен құрма ағашыың арасындағы
47бет? Құртуби мұсылман мен құрма ағашыың арасындағы ұқсастыққа байланысты былай айтқан: «Мұсылманның діні нақты, берік. Оның бойынан шығатын білім мен жақсылық әруақтар үшін сауап, жақсылық. Өз дінімен құпиялығын жалғаса береді. Тірі кезінде де өлі кезінде де одан шыққан барлық нәрсе пайдалы болады. Сол сияқты құрма да қандай жағдайда болмасын, тіпті кесіп тастағаннан кейін де пайдалы болатындығы тұрғысынан кеуінің арасындағы ұқсастық бар.
3.Хадистен алатын пайдалар:
1. Иман келтірген адам әр жағдайда, әрқашан пайдалы болуы.
2. Мәселені жақсырақ түсіндіру үшін мысал келтіру, адамдардың ойларында бекем тұрақтауы үшін мағыналарды суреттеп беру.
3. Жасы үлкендерді құрметтеп, қадірлеу – Ислам дінінің ең көркем тағылымдарының бірі.
4. Ұстаз шәкірттердің ой-өрісін сұрақ қою арқылы сынауы. Егер түсінбесе түсіндіруі.
5. Адам бойында ұяттың керекті деңгейде болуы.
Сұрақтар:

  1. Хадистегі шөлде өсетін ағаштар және ұялу сөздерінің мағыналарын түсіндір.

  2. Хадисті талқылап, баянда.

  3. Хадистен қандай пайдалар аламыз?

  4. Құрма ағашының артықшылығы мен берекесі неде?

  5. Иман келтіргендер мен құрманың ұқсастығы неде?

Төртінші хадис


Харамнан сақтану
Абу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз: «Адамды құрдымға жіберетін жеті күнәдан аулақ болыңдар (жақындамаңдар)» – деді. Сахабалар сұрады: «Уа Алланың елшісі, ол қандай күнәлар?». Сонда Алланың Расулы: «Алла Тағалаға серік қосу, сиқыр жасау, адамды жазықсыз өлтіру, өсім жеу (пайызбен пайда табу), жетімнің малын жеу, соғыс болатын күні қашып кету, тұрмыстағы ары таза, адал әйелдерге жала жабу» – деді.
(Бухари, Муслим)
Хадисті жеткізген сахаба
Абдулла немесе Абдур-Рахман ибн Сахр әд-Дәуси. Оған Пайғамбарымыз мысықты көтеріп жүргенін көрген кезде Әбу Һурайра (мысықтың әкесі) деп ат қойған. Хайбар соғысы болған һижраның 7 ші жылы Ислам дінін қабылдаған. Білімге қатты құштар болғанлықтан әрдайым Пайғамбарымыздың артынан ілесіп, ажырамай жүретін. Сол себепті оған Алла елшісі дұға жасады. Сол дұғаның арқасында Абу Һурайраның жады, есте сақтау қабілеті, зейіні күшейіп, сахабалардың ішінде ең көп хадис жеткізген сахабаға айналды. Һижраның 59 жылы Мәдина қаласында 78 жасында дүниеден өтті.
Сөздердің мағыналары
Аллаға серік қосу – Алладан басқа нәрсені құдайлар ұстану.
?Сиқыр – هو لغة صرف الشيء عن وجهه و يطلق علي ما يقع بخداع و تخيلات لا حقيقة لها نحو ما يفعله الساحر من صرف الأبصار عما يتعاطاه بخفة يده
Риба тілдік мағынасы арту, көбею, ұлғаю. Мысалы: бір дирһамды екі дирһамға (алмастыру арқылы пайда көру). «Өсім жеу» деген сөзден алумен немесе берумен (пайда) алу.
Жетім – балиғат жасына толмаған, әкесі қайтыс болған ұл немесе қыз.
Соғыс болатын күні қашып кету – соғысудан қашу.
Тұрмыстағы әйелдерге жала жабу - зина жасады деп жала жабу.
Хадистің түсінігі
1. Пайғамбарымыздың сөзіндегі сырлар мен даналықтар және жетімнің малын жеу сөзінің айтылу мақсаты.
2. Тұрмыстағы әйелдерге жала жабу сөзінің мақсаты.
3. Хадисте (күнәлардың белгілі бір) саны мақсат етілген бе?
1. Пайғамбарымыздың сөзіндегі сырлар мен даналықтар және жетімнің малын жеу сөзінің айтылу мақсаты
Алла елшісі хадисте күнәдан алыстаудың көп болуы үшін «тәрк етіңдер» сөзін қолданбай «аулақ болыңдар» деген сөзді қолданды. (Себебі «тәрк ету» сөзі істеп жүрген істі, нәрсені тәрк ету мақсатында қолданылады. Ал «аулақ бол, (жақындама)» сөзі ол істі (күнәні) істемей жатып одан алыс жүру мағынасында қолданылады). Және үлкен күнәларды құрдымға жіберуші деп сипаттады. Өйткені кімде кім осы күнәларды істесе ол адамды күнәсі екі дүниеде де құрдымға жіберуге себеп болады.
“Жетімнің малын жеу” сөзінен мақсат – оның мал-мүлікін тартып алу. Жеумен ғана шектеп қою мақсат етілмейді. Ол күнәні солай атаған себебі жетімнің малын көп жағдайда жейді.
2. Тұрмыстағы әйелдерге жала жабу сөзінің мақсаты
Бұл жала жабудан мақсат әйелдерге зина жасады деп жала жабу. Ал зинадан басқа күнімен жала жабуға келер болсақ ұрлық жасады деп және жалған күәлік берді деп жала жабу сияқты ол харам болады. Бірақ бұл жала жабулар хадисте мақсат етілмеген. Жала тек тұрмыстағы әйелдермен шектелмейді. Бәлкім, шаңырақ құрмаған бойжеткендердің үкімі де ғалымдардың ортақ пікірі бойынша солай болады. Отбасылы әйелдерге (зина істеді деп) жала жабу харам болғаны сияқты отбасылы еркектерге де жала жабу сол сияқты харам болады. Күнәнің қаншалықты ауыр екенін білдіру үшін әйелдер пәк, адал деп сипатталды.
3. Хадисте (күнәлардың белгілі бір) саны мақсат етілген бе?
Хадисте (белгілі бір) сан мақсат етілмейді. Өйткені (күнәні) жетеу деп айту, (ауыр күнәлардың) жетіден көп болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Басқа хадистерде бұл хадисте айтылмаған ауыр күнәлар да айтылған. Ол күнәлардан: көршісінің әйелімен зина жасау, әке – шешеге құлақ салмау, жалған серт беру, өтірік күәлік келтіру, әл-Харам жерінде дінбұзарлық, күнә жасау, арақ ішу, ұрлық жасау, ғайбат сөз айту, адамдар арасында сөз тасу, т.б.
Хадистен алатын пайдалар:

  1. Күнәлар адамды дүниеде де ақыретте де құрдымға жібереді.

  2. Мәселені түсіндіруден бұрын санды айту – тыңдаушыны сол санның түсіндірмесін білуге ынталандыру, қызықтыру үшін қажет.

  3. Аллаға серік қосумен байланысы болғандығы үшін сиқырдың өте ауыр күнә екендігін білдіру.

  4. Себепсіз адам өлтірудің ауыр қылмыс екенін түсіндіру.

  5. Әділетсіз жетімнің малын жеуден ескерту (тыю).

  6. Рибаның (өсім жеу) харамдығы.

  7. Жаумен бетпе-бет келген кезде бет бұрып, қашып кетуді адамға жеккөрінішті қылып көрсету.

  8. Ешқандай дәлелсіз пәк, арлы әйелдерге жала жабудың және айыптаудың арамдығы.

Сұрақтар:

  1. Мына сөздердің мағыналарын баянда: “жақындамау”, “құрдымға жіберетін”, “риба”, “сиқыр?????”.

  2. Хадисте зинадан басқа күнәмен жала жабу мақсат етілген ба? Және оның үкімі не? Әйелдер пәк, адал деп сипатталу сыры неде?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет