функциясының туындысы -тан тәуелді функция да болып табылады, және бірінші ретті туынды деп аталады. Егер функциясы дифференциалданатын болса, онда оның туындысы екінші ретті туынды деп аталып, арқылы белгіленеді. Сонымен, . Екінші ретті туындыдан алынған туынды бар болса, онда ол үшінші ретті туынды деп аталып, арқылы белгіленеді. Сонымен, . n-ретті туынды деп ретті туындыдан алынған туынды аталады:
.
(6.1)
Реті екіден жоғары туындылар жоғары ретті туындалар деп аталады.
материалдық нүктесі S=f(t) заңы бойынша түзу сызық бойымен қозғалсын делік. Бізге белгілі болғандай туындысы нүктенің сол уақыт мезетіндегі жылдамдығына тең . Жолдың уақыт бойынша екінші туындысы нүктенің түзу сызықты қозғалысының үдеуінің шамасын анықтайтындығын, яғни болатындығын көрсетейік. Нүктенің t уақыт мезетіндегі жылдамдығы v, ал уақыт мезетінде жылдамдық болсын делік, яғни уақыт аралығында жылдамдық -ға өзгереді. қатынасы уақыты нүктенің қозғалысының орташа үдеуін өрнектейді. болғандағы осы қатынастың шегі М нүктесінің берілген уақыт мезетіндегі үдеуі деп аталып, а әрпі арқылы белгіленеді: . Бірақ болғандықтан, , яғни .
6.3 Айқындалмаған түрде берілген функцияның жоғарғы ретті туындылары
функциясы теңдеуі арқылы айқындалмаған түрде берілсін. Берілген теңдеуді бойынша дифференциалдап, алынған теңдеуді y/ -ке қатысты шешсе, бірінші ретті туындыны табамыз. Бірінші туындыны x бойынша дифференциалдап, айқындалмаған функцияның екінші туындысын аламыз. Оның құрамына x, y, y/ кіреді. y/ -тың табылған мәнін екінші туындының өрнегіне қойсақ, y// -ты x пен y арқылы өрнектейміз. Тура осылай үшінші ретті, одан да басқа жоғары ретті туындыларды табамыз.
6.4 Параметрлік түрде берілген функциялардың жоғарғы ретті туындылары