Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет18/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
КИІЗ ДОП

Пайғамбар жасына жақындасам да, кейде менің бала болып кеткім

келеді. Өзім құралпы, өзімнен кіші, көңілі жақын жандармен алысып-

жұлысып,  күресіп,  белдесіп  ойнағым  келеді.  Кейде  тіпті  ауылға

барғанда,  кішкентай  балалармен  кəдімгідей  асыққа  таласқым  да  кеп

кетеді.


Мұным  қалай  деп  өзіме-өзім  тыйым  саламын.  Бірақ  кейде  өз

құрбы-құрдастарыммен қалай алыса түскенімді байқамай қаламын.

Жатып алып ойласам: мұның бəрі өмір заңының бұзылуынан екен.

Өмір  заңы:  бала-бала  болуы  керек.  Балаға  тəн  аз  дəуренді  басынан

кешіру керек. Егер балалық дəуренің шала болса, сол жетіспей қалған

сыбағаңды  кейін  есейгенде  аңсап  тұрасың.  Ал  жалпы,  қай  жаста

болсаң  да  кей-кейде  бала  болып,  балалық  шаққа  оралғанның  ерсілігі

жоқ па деймін. Сəби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып

бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған

анасын  да,  Отанын  да  тез  ұмытып  кететін  опасыздар  сияқтанады  да

тұрады.

Сорымызға қарай, балалық шағымыз соғыс жылдарына тап болды.

Сол  шақтың  өзінде  де,  өзегіміз  талып  жүрсе  де,  анда-санда  біз  де

ойнайтынбыз.

Ойынымыздың  түрі  –  киіз  доп.  Немесе  қашпа  доп.  Ол  былай:

көктемнің  көк  өзегі  өтіп,  майысып  мамыр  айы  келеді.  Мамырдың

аяғын ала сиырлар түлей бастайды. Көкке тойғаны ғой. Дəл сол кезде

зеңгі баба баласы құтыра бастайды. Таңертең жайбарақат еріне басып,




бұзауын  қимай  артына  мойнын  бұрып,  мөңіреп  қойып  өріске  кеткен

мал  сəске  түс  кезінде  жын  қаққандай,  құйрықтарын  шаншып  алып,

көздері алара ақшиып, жолыңда не кездессе де соның бəрін жапырып,

жайпап,  ошақтағы  қазанды  төңкеріп,  қайнап  тұрған  самаурынды

құлатып,  кейбіреудің  қара  лашығын  таптап,  тас-талқаныңызды

шығаратын.

Сөйтсе,  оқалақ,  оқыра  деген  болады  екен.  Жылқының  бөгелегі

болса,  сиырдың  оқалағы  бар.  Оқалақ  сиырдың  құйрығы  жетпес  жон

арқасын  шағады  екен  де,  сол  жон  арқаға  тұқым  тастап  кетеді  екен.

Оқалақ  шаққанға  шыдай  алмай,  сиыр  сорлы  жынданбай  ма.  Көп

ұзамай, əлгі ұрық құртқа айналады да, сиырдың арқасын жыбырлатады

ғой.  Ал  шыдап  көр.  Сол  құрттан  қайтадан  оқалақ  оқыра  ұшып

шығады. Залымын көрмейсіз бе? Əйтпесе, ұяны сиырдың не құйрығы,

не тілі жететін жерге салмай ма? Жоқ, дəл жон арқадан. Кəдімгі қара

шыбыннан  сəл  ғана  үлкен,  титімдей  жауыз  үп-үлкен  ірі  қараны

осынша  зорлағаны,  аркасын  тесіп,  жайлы,  майлы  жерге  ұялап,

жұмыртқалағаны таңғажайып.

Қош.  Ал  енді  сиырдың  сол  шақтағы  құтқарушы  досы  бізбіз.

Оқалақтаған сиырды ұстап алып, сипап-сипап, арқасындағы өлі жүнін

жұламыз,  бармақтай  болып  бөртіп-бөртіп  тұрған  жонын  саусақпен

сығып,  бырт-бырт  еткізіп,  аппақ  құрт  шығарамыз.  Сиыр  сүйсінеді.

Құртты  терген  сайын  көзін  жұмып,  мөлиеді  де  қалады.  Есесіне  бізге

өлі жүнін береді.

Ал  енді  ол  жүнді  неғыласың  дейсіз  ғой.  О,  ол  жүннен  шекпен

тоқымаймыз, киіз де бастырмаймыз. Ол жүннен қолдың басындай доп

жасаймыз.

Оның өз технологиясы бар. Өлі жүнді ыстық суға малып алып, қос

қолдап  уқалай  берсең,  басы  бірігеді.  Үстемелеп  тағы  жүн  қосып

уқаласаң, біраздан соң, доп болып шыға келеді. Қол доп. Салмақтырақ

болуы үшін, өзегіне тас салып қойсаң, тіптен əйбат.

Ол  допқа  таяқ  керек.  Құдайға  шүкір,  сол  кезде  Мыңбұлақтың

бойында, əлі əдемі сəмбі талдың тамтығы бар болатын. Содан тұмсығы

қайқы бір-бір таяқ кесіп аламыз. Содан соң – ойын дайын.



Осы күні ойласам, ол ойынымыз – кекірігі азған бай ел Америкада

«гольф» дейтіннің сыңары сияқты. Ортадан бір шұңқыр қазып қойып,

əлгі  киіз  допты  алыстан  ұрып,  соған  түсіру  керек.  Кім  түсірсе,  сол

ұтады, кім түсіре алмаса, белгілі бір мəреге дейін қашуы керек. Ұтқан

бала  қашқан  баланы  доппен  қадап  ұрып  дəл  тигізсе  –  екі  есе  ұтады.

«Қашпа  доп»  деген  –  сол.  Ойынның  одан  басқа  түрлері  бар  еді  –

ұмытыппын.  Қазіргі  ауылдың  балалары  оны  білмейді.  Допты  жүннен

жасауды да білмейді. Өйткені резеңке доп деген шықты.

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар», – деп, Айша талай айтты.

Асықты да ойнадым – ұтылып қалдым. Допты да ойнадым – ұтылып

қалдым.  Допты  ойнап  жүргенімде,  не  сиырды  бұзау  еміп  қояды,  не

жəутік Батырхан отқа түсіп кете жаздайды. Əйтеуір, қырсығым көп.

Сені  көп  ренжіткен  сол  бір  шала-пұла  ойынымды,  кейде

айтқаныңнан шығып, сені қиналтқан əсіреңкілігімді кешіре гөр, Айша.

Қанша қиын болса да, қанша зұлмат өтсе де, енді міне, сол кездерді

сағынамын.  Сөйтсем,  Айша,  сенің  ұрысқаның  маған  майдай  жағады

екен ғой. Соны да сағынамын. Үзіліп-үзіліп... Енесі тепкен құлынның

еті ауырмайды екен ғой.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет