Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет22/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ҚЫРЫҚ ЖІЛІК

Пияш  апамыздың  ала  сиыры  жоғалып  кетті.  Ұшты-күйді  жоқ.

Пияш пен оның қызы Жібек іздемеген жері қалмады. Біз де қосылып

іздедік.  Біреулер  айтты:  «Осы  Ақсай,  Көксай  жағында  əскерден

қашқандар тығылып жатады. Солар алып кетті», – деді.

Мына  аласапыранда  Ақсай  мен  Көксайға  кім  барады?  Барғанда

апайтөс  аңғарлардың  қай  түкпірін  тінтігендейсің?  Тіпті  тапқанның

өзінде,  ерні  жалақ,  жұқалаң  сары  кемпір  мен  біз  сияқты  жəутік

балалар қай қарақшыға қауқар қылғандай...



Жалғыз  кемпір,  жалғыз  қыз.  Жалғыз  ұл  əскерде,  соғыста.  Тірі

екені, өлі екені белгісіз.

Қыс қатты болды. Жалғыз сиырды кемпір мен қыз сол қыстан əрең

алып шыққан.

Өздеріңде  үй  дейтін  үй  де  жоқ.  Сайдың  жарқабағында  Нəметқұл

дейтін ұстаның үйіне жапсарластыра салынған жеркепеде тұратын. Бір

кемпір, бір қыз, бір сиыр, бір мəшке ит.

Кемпір  ұрысқақтау,  бажылдақтау  еді,  жарықтық.  Бірақ  кейде  бізді

үңгір үйіне шақырып алып, бір-бір құрттан үлестіріп:

−  Махан  аға  аман-есен  келсін  деп  айтыңдар,  –  дейтін.  Біз  қосыла

шулап:

− Махан аға аман-есен қайтып келсін, – деп жамыраймыз. Бала пəк,



оның  тілегін  Құдай  есітеді  деп  сенетін  болуы  керек.  Əйтпесе,

үлкендерге өйтіп дəм татқызбайды.

Сонда  жеркепе,  үңгір  үй  бізге  қызық  көрінетін.  Қап-қараңғы.

Ыстан қап-қара болған қамыс төбе. Ортада жалғыз ағаш тіреу-діңгек.

Оған көп шеге қағылған, түрлі түйіншек, дорба, шипа шөп: адыраспан,

киікоты, көкемарал, қылша – бəрі сонда ілулі тұрады.

Ал енді, осы Пияш пен Жібек о бастан, осылай тұяғы тарамысына

ілінген сорлы деп ойламаңыздар. О, ақыр байдың баласы аштан өлген

деген бар.

...Сайдың  арғы  бетінде  айналасы  атшаптырым  дуалдың,  жұрнағы

жатады.  Оған  жазда  көк  қарға,  құрқылтай,  жау  шымшық,  молда

торғай, əйтеуір, құс атаулы быжынап ұя салады. Ордалы жылан да сол

ескі дуалдың іргесінде. Жапалақ пен байғыз да.

Əне бір кезде сол дуалдың ішінде керемет керуен-сарай болған. Үй

иесі  Ұзын  Дембай  атақты  бай  саудагер  болған.  Мына  жағы  Қытай,

мына  жағы  Хиуа,  Үргенішке  дейін  керуен  тартқан.  Бəйбішесі  бала

таппай, осы Пияшты тоқал алып, Пияштан бір ұл, бір қыз туды. Ұлы



Махан  (Маханбет)  –  əскерге  кетті.  Қызы  Жібек  –  мынау.  Екеуі  де

бəйбішенің  бауырында  өскен.  Айша  айтады,  ұзын  қайнағаның

байлығы  сонша,  осы  Жібектің  жаялық-жөргегіне  дейін  шəйі  матадан

болыпты.  Үш-төрт  жасарында  Əндіжаннан  əкелген  құлпырма  атлас

көйлек кигізіп қояды екен.

Менің  шамамда,  бұл  НЭП-тің  тұсы  болар.  Кейін-кейін  дүниенің

тас-талқаны  шығып,  дүние  енді  бетін  емес,  көтін  көрсеткен  ғой.

Кəмпеске,  тəркілеу,  колхоз,  ұлы  зұлмат,  ашаршылық,  отыз  жеті,  енді

міне, соғыс. Неғылған соғыс, не үшін соғыс? Жердің түбіндегі, айдала,

алыс  Қиырдағы  соғысқа  қазақтың  қандай  қатысы  бар,  оны  біз

білмейміз, əйтеуір, азамат атаулыны көгенге тізіп, көзден таса қылды.

Соның  бірі  осы  үңгір  үйдің  ұлы  –  Махан.  Наурыздың  аяғын  ала  күн

жылып, «алтынкүрек» жүріп, сайдың күнгей жақ қабағы ашылып, көк

қылтиған соң, қаусаған мал қалтаң-құлтаң етіп жайылымға шыққан.

Сол-сол екен, Пияштың ала сиыры жым-жылас жоқ болды да кетті.

Кім  айтқанын  білмеймін,  кəрілердің  біреуі,  мүмкін,  Қамқа  шығар,

сірə, Қамқа болуы керек:

− Е, пенде, сиырыңды қардың астынан ізде, – депті Пияшқа.

Содан  сай-сайдың,  Мыңбұлақтың  сала-саласын  тінтіп  ала

жөнелейік.  Жазықтағы,  күнгейдің  қалың  қарын  «алтынкүрек»

сыпырып  алып  кеткенмен,  сол  сайлардың  батыс  жақ  қабағын

бəйшешек шығып, ұшып кеткенше, қалың күртік басып, жатып алады.

Бұл енді қыстағы борандардан қалған сарқыт. Əбден күн жылынғанша,

бірте-бірте мүжіліп, кірлеп барып, əрең кетеді.

Бердімбет сайдың басын ала, бір бала шар-шар етіп, айқай салады.

Ұмытпасам,  Өсер  ғой  деймін.  Жүгіріп  бардық.  Тұтас  сіресіп  жатқан

қардың қара қазан аузындай жері үңірейіп жатыр екен. Аулақта тұрып,

мойнымызды  қылқита  созып-созып  қараймын.  Үңірейген  үңгірден

ештеңе көрінбейді. Жақындайық десек, қар ойылып, өзіміз түсіп кетеді

екенбіз деп қорқамыз.




Содан у-шу болып тұрғанымызды көріп, үлкендер де келіп қалды.

Пияш пен Жібек те келді.

−  Дəу  де  болса,  сиырың  осыған  түсіп  кеткен,  –  деді  біреу.  Сірə,

Қалпақбай қарт шығар.

− Енді қайттік?

Үлкендер  солай  шешкен  шығар,  бір  кезде  тайлы-таяғымызбен

қолымызға  бір-бір  күрек  алып,  əлгі  қабақтағы  үңгірдің  дəл  тұсынан,

төменгі сай табаннан жол сала бастадық.

Дəл  бір  Маймақтауын  тесіп,  Түрксібтің  темір  жолын  салып

жатқандаймыз. Туннель тесіп жатырмыз.

Сөйтсек, бір қызығы, сірескен қабақ қардың, асты кеуек екен. Қар

үстінен  емес,  астынан  ериді  екен.  Кеуекке  кіріп  кетсек,  үстімізден  су

тамшылаған  бір  ғажап  дүние.  Тіпті  кəдімгідей  дүрдиіп  қоразгүл  де

өсіп  қалыпты.  Əтештің  айдарындай  айдары  бар  ала  шұбар  гүлді

қоразгүл дейді.

Қамқа  əулиенің  айтқаны  рас  екен.  Ақыры,  сиыр  табылды.

Тоғызымыз  жабылып  тоқты  жыққан  батырмыз  дегендей,  бəріміз

жиылып жатып, сиырды сүйреп, табанға түсірдік.

Өліп  қалыпты.  Пияш  пен  Жібек  дауыс  қылып,  ал  кеп  жыласын.

Жұрт  не  дерін  білмей,  үрпиісіп  тұр.  Не  деп  жұбатасың?  Бетіне  қарап

отырған  жалғыз  қара  жайраған  соң,  бұл  екеуіне  қой,  жылама,  деп

айтудың өзі қиын. Не амал бар?

Шіркін,  сол  кездің  əйелдері-ай!  Азамат  орнына  азамат  та  болды.

Ақыл-ес  айтар  ақылман  да  болды.  Отқа  да  түсті,  суға  да  түсті.  Бірақ

бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді.

Сонда Баян тұрып:

−  Қой,  жеңеше,  жылама,  соғыста  жүрген  балаңа  көрінбесін,

жылама! – деді. – Мен бірдеңе білсем, бұл жануар – адал. Суда өлген




мал адал десетін. Молда қайнағаны шақырайық. Үкімін сол айтсын, –

деді.


«Молда қайнағасы» – Дошанай шал.

Бөркін қазандай қылып, аппақ сақалы белуарынан түсіп, Дошанай

атамыз да келді. Сұлап жатқан сиырды ары-бері көрді де:

−  Бұл  əлі  бауыздауға  келетін  мал.  Бұл  –  адал,  –  деді.  Сөйтті  де

шөкелеп отырып дұға оқыды. Бəріміз отыра қалып, əлдебір құдіреттен

медет, қайыр тілеп, алақан жайдық.

Ералы  атамыз  беліндегі  пышағын  суырып  алып,  ала  сиырды

алқымынан орып-орып жіберді. Кəдімгідей қан шықты. Сірə, өлгеніне

көп те болмаған-ау.

Жұрт  «үһ»  дегендей  болды.  Өйткені  көңілде  күдік,  секем  қалмау

керек қой.

Сонда Баян апамыз тағы бір тапқырлық жасады.

−  Ал  енді,  бұл  адал  мал  екен.  Көнсеңдер,  мұны  төрт  ата  Маутан

баласы  төрт  аяғын  бөліп  алайық.  Əр  аяғын  əр  ата  өзінше  тағы  бөліп

алады. Сонда бұл қырық жілік болады. Сөйтіп, қырық үй бұл сиырдың

орнына тұяқ тұрғызайық, – деді.

Қызылсыраған  халық  əуелі  «дұрыс,  дұрыс»  деп  көне  кетті.

Артынан: сиыр орнына сиырды қалай тұрғызамыз деп ойланып қалды.

Апарып сататын іліп алары тағы жоқ. Бəрі «үп» деп отыр.

Ақыры, «қырық жыл қырғын болса да, қиыспайды туысқан», «көп

түкірсе көл деген», Пияшқа бұзаулы сиыр алып беруге бəтуаласты.

Ала сиырдың ішінен бұзау шықты. «Мұны қайтеміз?» «Жеуге бола

ма?»  деп  тұрғанда,  Ералы  шал:  «Бұл  менің  сыбағам  болсын,  қуырып

жеймін», – деді.

Заман  қанша  қаһарлы,  қатыгез,  тасбауыр  болса  да,  сол  кездегі

адамдар, Жуанқұл сияқты бірлі-жарымы болмаса, мейірімді, бауырмал




еді.  Жуанқұл  сонда  мына  жиынның  басына  келіп:  «Оу,  не  болды?»  –

деуге  де  жарамады.  Үйінде  арақ  ішіп,  мас  болып  жатыр  екен.

«Қайтеміз?»  –  деп  ақыл  сұрай  барған  адамды  «кет»  деп  қуып

шығыпты.


Арада  талай-талай  жыл  өтті.  Сол  кездегі  жас  бала  мына  мен  де

алпыстан астым. Махан майданнан қайтып, Рəзия дейтін татар қызына

үйленіп, тоғыз баланың əкесі болып, дүниеден өтті. Пияш та қартайып

қайтты. Махан мен Рəзия көп баланың қызығын көре алмай, жас кетті.

Жандарың жаннатта болсын.

Сонда бір қызықты, мүмкін, қызықта емес шығар, əйтеуір, бір таң

қаларлық  нəрсені  көрдім.  Əлгі  Пияштың  ала  сиыры  қырық  жілік

болып,  əр  үйдің  қазанына  түскен  соң,  сүйек-саяғын  далаға  шығарып

тастамай ма?!

Бір  күні  өрістен  қайтқан  сиырлар  өкіріп-бақырып,  бір  жерге

жинала  қалды.  Бəрінің  басы  салбырап,  жер  тарпып  мөңірейді.  Жай

мөңіреу емес, азалы үн, азан-қазан.

Біраздан  соң  бəрі  лезде  үйді-үйіне  тарап  кетті.  Мен  əлгі  сиырлар

топтанып мөңіреген жерге барсам, жас сүйек – сиырдың тоқпан жілігі

екен. Пияштың ала сиырының жілігі.

Сонда  сиырлар  да  өлген  бауырын  жоқтап  жылайтын  болғаны  ма?

Басқа мал неге ондай емес? Сиырды топас, сасық дейтіні қайда?

Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп.

«Қарақағаз» деген қаһарлы сөз шықты.

«Мыңбұлақтың»  əр  жерінен  анда-санда  «ойбай,  бауырымдаған»

үрейлі  үн  естіліп,  шал-шауқан,  кемпір-сампыр,  бала-шаға  əлгі  жерге

жиналып қалып, азан-қазан болады.

Əлде сиырлар адамдардан үйренеді ме екен...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет