Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет30/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ТҰРЫМТАЙ

Мадақтасаң  да,  қарғасаң  да  Жарық  Дүние  деген  −  осы.  Жарық

Дүниеге ешкім өз еркімен келмейді. Тағдыр айдап келе қалса, оған ата-

анасы,  жанашыр,  жақындары  қуанады.  Шамасы  келсе,  тойхана

жасайды.  Бесік  тойы,  тұсаукесер  тойы,  тағы-тағылар  өмір  бойы

жалғасып барып, Жаназамен тəмəм-тауыс болады.

Бірақ Олжабек туғанда, ешкім қуанбапты...



Бесік  тойы  мен  Жаназаның  арасы.  Тал  бесік  пен  Жер  бесіктің

арасы.  Ол  аралықты  өлшеп  білген  ешкім  жоқ.  Қар  кетер-кетпестен,

мысалы,  біздің  Мыңбұлаққа,  қабаққа,  күнгей  жаққа,  қылтиып-

қылтиып бəйшешек шығады. Бір аптадан кейін жоқ! Сəуірдің ортасын

ала,  төскейде  құлпырма  қырмызы  қызғалдақ  жаннаттың  отындай

жарқырап, жайнап тұрады. Сəуір бітісімен, ол да солады.

Əлем  тұрғысынан  алғанда,  адам  өмірі  де  сондай-ақ.  Қып-қысқа.

Миллиардты  миллиардқа  көбейткенде,  триллионды  триллионға

көбейткенде  таусылмайтын  уақыт,  адам  байғұсқа  неге  сонша

қытымырлық, пəстік жасағанын кім білсін?

Тым көп жасаған да жақсылық емес шығар. Əр нəрсенің басталуы

бар, аяқталуы бар. Басталусыз, аяқталусыз, тек Тəңірі ғана, яғни, Алла,

бір Құдай.

Ауылымызда Тұрымтай дейтін бір қыз бар еді. Менен төрт-бес жас

үлкен.  Бірақ,  неге  екенін  білмеймін,  сол  тапалтақ,  қара  домалақ  қыз,

біздің класта, бізбен бірге оқыды. Есімде қалғаны, апайымыз оны жек

көретін.  Отырған  партасына  келіп,  дəптеріне  үңіледі-ұрсады,  тақтаға

шығарады-ұрсады.  Сөйтсек,  үшінші  ме,  төртінші  ме,  есімде  жоқ,  бір

класта  үш-төрт  жыл  бойы  жылжымай  қала  беріпті  ғой.  Оны  біздің

қуып жетіп, бізбен бірге оқитыны сондықтан екен.

Апайымыз  −  сұқсырдай  бетінде  шұбар  дағы  бар,  басынан  ақ

қыжым орамалын тастамайтын, тым таза, тақуа тақілеттес кісі еді. Өзі

Əулиеата жақтан көшіп келген. Əштай дейтін күйеуі əскерге алынып,

бізбен  бірге  оқитын  кішкентай  қызы  екеуі  ғана,  Салбидің  бе,

Шахалақтың ба, əйтеуір, біреуінің үйінің бір бұрышында тұратын.

Апайымыздың  аты  −  Седен  еді,  шайтан  алғыр  кішкентай,

бүлдіршіндей қызының есімі − Əсем еді.

Əсем десе − Əсем еді - ау...

Мектептің  жанында  Мұса  бауы  дейтін  бау  бар.  Баяғы  менің

əкеммен бірге сотталатын Мұса. Əулие Қамқаның баласы, Мүнираның

байы.



Сабақтан  шыққан  соң  ба,  əлде  үзіліс  кезінде  ме,  балалар  жүгіріп-

жүгіріп,  сол  бауға  кіріп  кетеміз.  Əсіресе  сəмбі  талдың  арасы  жып-

жылы ұя сияқты. Ұя бəрімізге жетеді.

Содан  əлгі  сабақ  білмейтін  мылқау  қара  қызға  лезде  тіл  бітеді,

Тұрымтайды айтамын. Дереу өзгеріп шыға келеді. Класта топастанып

түк  білмей  отыратын  неме,  мына  жерге  келген  соң  бəрімізге  бастық

бола қалады. «Үйшік-үйшік» дегенді шығарады. Ойынның бір түрі.

− Ал, тұра қалыңдар. «Үйшік-үйшік», − дейді де, бір қыз бір бала;

бір қыз бір баладан қол ұстатады.

Біз  түсіне  бермейміз.  Түсінген  Жолдасбек  сияқты  қулар  жымың-

жымың етеді.

Сөйтсек,  əлгі  Тұрымтай  бəріміздің  «шешеміз»  болып,  ер

балаларын  үйлендіріп,  қыздарын  ұзатады  екен.  Оның  да  өз  күйеуі

болуға тиіс, яғни, біздің «əкеміз». «Күйеуі» кім екені дəл қазір есімде

қалмапты. Менен шамалы үлкенірек біреу шығар.

«Шешеміз»  маған  мұғалім  апайдың  қызы  Əсемді  «қосады».  Оны

өзім де жақсы көруші едім. Тек сырттай, əйтпесе мұғалімнің қызы деп

жолай  бермейсің.  Менің  түсінігімде  мұғалім  де  бастық.  Ал  бастық

атаулыдан  зəрезап  болып  қалған  жағдай  бар.  Сондықтан,  қазір

несібеме Əсем тигеніне əрі қуанып, əрі қорқып тұрмын. Қорқатын бір

себебім: Əсем басқа қыздардай емес, киім киісі, жүріс-тұрысы бөлек.

Өзі  сабақты  үздік  оқиды.  Бетінің  ақтығы  ерекше,  сірə.  мəрмəр

тақылеттес,  ұшында  қызылы  бар.  Ал  сəл  түріктеу  ерні  шиедей  қып-

қызыл. Көзі еліктің лағының көзіндей жəудіреп тұрады.

Мінезі  тым  ашық.  Сəл  тəлпіштеу.  Мұғалім  қызына  ол  мінез

жарасатын да шығар. Ауылдың қой мінезді, жуас «шүйкебасы» болса,

жасқанбас 

едім. 


Оларды 

тұлымшағынан 

тартып 

талай


шыңғыртқанмын. Ал мынау...

Мен  состиып  тұрып  қалсам  керек.  Жайдарман,  жарқын  жүзді  қыз

қолымнан  тартып,  үйшігімізге  алып  барады.  Жан-жағыма  қарасам,

бəрі де ез «үйлеріне» кіріп кетіпті.




Бұл ағашты бір жерде «Мəжнүнтал» десе, тағы бір елде «Өрімтал»

дейді.  Біздің  сəмбі  солардың  туысқаны.  Бұтасы  түзу,  шыбығы

солқылдақ.  Пісте  жасыл  жапырақтары  жұпар  шашып  тұрғандай  хош

иісті.


Ал  енді  сол  сəмбілердің  түбіне  түйежапырақ  шығады.  Əр

жапырағы қойдың терісіндей. Бір-бірімен айқасып, тұтасып қалғанда,

киіз үйдің туырлығындай. Астына кіріп кетсең-дайын шатыр. Жаңбыр

да  өтпейді.  Кермек,  ащы  иісі  болмаса,  хан  сарайындай.  Тек  талға

қонған құстар саңғып тастаған. Содан жасыл жапырақтар ала шұбар.

Сөйтсем, «хан сарайын» жасаулау керек екен. Əсем айтты:

− Мына жерде сандық тұрады, мына жерде кебеже тұрады. Ортаға

от  жағамыз.  Айтпақшы,  сен  қарап  тұрмай  қурай  теріп  кел,  −  деп,  өзі

үйдің ішін сыпыра бастады.

«Шыны ма», − деп, сенер-сенбесімді білмей аңқайып тұрғанымда,

əлгі «келіншегім» аяғымен жерді тепсініп қалып:

−  Неғып  тұрсың?  Сендей  болбыраққа  тигенімше,  Жолдасбекке

шыққаным жақсы еді.

Мен ойын екенін, шын екенін түсіне алмасам да, Жолдасбек дегені

жүрегіме найзадай қадалады. Жолдасбек пысық дегені ғой. Көрсетейін

мен пысықты.

Ата кеп жөнелдім. Ішім қайнап барады. Баудың қураған бұталарын

сатыр-сұтыр  сындырып,  қолыма  жаңқа  кіріп  кеткеніне  қарамай,

отынды құшағыма сыймастай қылып үйдім-ай келіп.

− Мə, − деп, əкеліп тастай салып едім, «үйіміздің» ішін түгел басып

қалды.  Сандық  қоятын  орын  да,  кебеже  қоятын  жер  де,  асадал

қадайтын жер де қалмады.

Қыз таң қалғандай, бетіме ұзақ қарады. Тершіп кеткен бет-аузымды

қалтасынан  тап-таза  орамал  алып,  сүртіп-сүртіп  қойды.  Ешкімнен




мұндай  ықылас  көрмеген  басым,  іш-бауырым  елжіреп,  жылап  жібере

жаздадым.

Жаңқа  жырып  кеткен  алақанымды  ұстап,  тікен  қалып  қойған  жоқ

па  екен  деп  үңілді.  Содан  соң  қалақайдың  жапырағын  жұлып  алып,

қанаған жеріне басып еді, алақаным ашып, дуылдап қоя берді.

−  Намысың  бар  екен,  −  деп,  қыз  бетімнен  шөп  еткізіп  бір  сүйді.

Сүюге  сүюмен  жауап  беру  керек  пе  деп  бата  алмай  тұрғанымда,

қоңырау зарлап қоя берді.

− Ұялшақ, − деді де, қыз еліктің лағындай бір-ақ секіріп, мектепке

қарай ұша жөнелді.

Келесі  көктемде  ғой  деймін,  біз  кластан  класқа  көштік.  Бірақ

арамызда  Тұрымтай  көрінбей  қалды.  Соңғы  кезде  бізді  «үйшік-

үйшікке»  де  шақырмай,  өзінше  тұйықталып,  мұрнының  үсті  қара

дақпен  ноқталанып,  біртүрлі  болып  кетіп  еді.  Мұғалім  апай  оған

бұрынғыдай  ұрыспай,  тақтаға  да  шақырмай,  қыздың  ноқталы  бетіне

ұзақ қарап, басын шайқап қоятын.

Оның не айтпақшы болғанын біз қайдан білейік? Сөйтсек... байғұс

қыз  сорлап  қалған  екен.  Ерте  көктемде  туып,  күзге  қарай  шыбыш

жасына жетпей, қарны қампиып қалатын ұрғашы лақтар болушы еді...

Тұрымтайды  құлақ  естімейтін,  көз  көрмейтін  алысқа  ұзатып

жіберіпті деп естідік. Мойынқұм дей ме, немене?

Айша:


−  Жөргегінен  қағынған  сорлы  қар,  −  деді.  −  Обалың  заманға,  −

деді.


Басқа ештеңе білмейміз.

Тұрымтайдың  кемпір-шал,  əке-шешесінің  қолында  жас  нəресте

қалды.  Ер  бала  екен.  Атын  −  Олжабек  қойыпты.  Ə  дегенде  жан

баласына  көрсетпей  асыраса  да,  тірі  адамды  қайтып  жасырасың?!




Олжабек ер жетті. Жігіт болды. Кемпір-шалды сол асырады. Тұрымтай

дүниеде  бар  ма,  жоқ  па  −  ешкім  білмейтін.  Жұрт  мүлде  ұмытып

кеткен.

Кейін  шешесі  қаза  болғанда  келіпті.  Қанша  дегенмен,  анасы  ғой.

Айналайын, ағайын қызық қой. Баяғыда ғой, Тұрымтай осы елде жүре

берсе,  адымын  аштырмай,  табалай  берер  еді.  Небір  дерттің  бəрін

жазатын  ұлы  уақыт  екен.  Араға  жылдар  салып,  Тұрымтай  ауылға

келгенде, шал-кемпір, жеңгелері − бəрі де онымен құшақтасып көрісіп,

төбесіне көтергендей, жақын аталастар кезек-кезек үйлеріне шақырып,

мейман қылды.

Тұрымтаймен сəлемдеспеген тек Олжабек дейді. Мұзды мұхиттағы

ақ  аюдың  баласына  ұқсап,  туған  анасына  түксиіп  бір  қарап  тұрып,

бұрылып,  мал  жайлауға  кетіп  қалыпты.  Танымаған  шығар.  Əрине,

танымайды. Бірақ іші құрғыр сезеді ғой. Сезеді. Бірақ перзенттік сезім

жоқ. Сезім өлген.

Ол үшін кімді кінəлайды? Жетім қозы тасбауыр. Соғыстан қалған

сорлы тұяқ. Əке жоқ, шеше де жоқ. Бірақ екеуі де тірі.

Тұрымтай  Мойынқұмға  қайтарда  қатты  жылады  дейді.  Бəрібір

қайтып  кетіпті.  Өйткені  өлген  шалынан  тоғыз  бала  қалған  екен.

Олжабекті қосса, он болар еді. Бірақ қосарын да білмейді, қоспасын да

білмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет