Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі



бет2/2
Дата14.05.2023
өлшемі16,08 Kb.
#92956
1   2
Байланысты:
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

Физиологиялық бейімделу.
Жаңа талаптармен жағдайларға үйрене келе бала ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:
1. Алғашқы 2 – 3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады.
2. Келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады.
3. Бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.
Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық бейімделудің қиындығын , көптеген ата – аналар мен мұғалімдер дұрыс бағаламауға бейім тұрады. Сонымен қатар, дәрігерлердің бақылауы бойынша 1 – тоқсанның соңында оқушылардың арықтауы, қан қысымының төмендеуі, ал басқаларында керісінше байқалады. Осы қиындықтардың туындауы балалардың үйдегі еркелігіне әкеп соғады.
Әлеуметтік – психологиялық бейімделу.
6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді. Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.
1 сынып оқушыларының сырт келбетінің өзгеруі жеке тұлғаның өз бетінше білім алуы, құндылықтарды қайта бағалауымен ерешеленеді.
Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды.
Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады.
Бірінші сыныптар үшін аса маңызды:
- баланы мектеп өміріне төселуге үйрету. Оқушының «ішкі көз қарасын» қалыптастыруда жаңа деңгейде ересектермен араласу қажеттілігі және танымдық қажеттілігі туындайды. Мектеп ережесіне сәйкес мектеп деген не, не үшін білім алу керегін баламен әңгімелесе отырып түсіндіру қажет. Бірінші сынып оқушысы үшін өзінің мектеп ортасына қабылданғанын сезіну өте маңызды. Мектепте жемісті оқу үшін өзінің күшіне, өзінің қабілетіне және мүмкіндігіне оқушы сенімді болуы керек. Өзінің оқушы атанғандығы туралы оң көз қараста болуы, оған өзгерген өмір жағдайына және оқушылық дәрежеге нық тұруына жақсы бейімделу мүмкіндігін береді, сондай – ақ мектепке деген жақсы сезімдік қатынас қалыптастырады.
- оқушы күн тәртібін жасау. Мектеп күн тәртібін бірізділікпен құру.
- баға туралы ұғымды түсіндіру, өзін - өзі бағалауды және әр-түрлі тәсілдердің дұрыстығын, ұқыптылығын, әдемілігі сияқты әдістерді баламен бірге қызығушылығын арттыра отыра, осының барлығына қол жеткізуге мүмкіндік туады.
- балаға сұрақ қоюды үйрету.
- балаға өз сезімімен қалай дұрыс жұмыс істеу керегін үйрету, өз сезімдерін басқару тәсілдерін дамытуды үйрету.
- тәртіпке сай оқушы өзін ұстауы тиіс, назар қойып тыңдап және тапсырманы анық орындап, ауызша жұмыс істегенде және де көзбен көріп қабылдау бойынша бейнелеу. Бұған ереже бойынша ойындар және дидактикалық ойындар көмектеседі. Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді.
- Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құралады, сондай-ақ Н.И. Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді.
- араласу дағдысын дамыту.
Жайлы бейімделудің белгілері:
Біріншіден оқу барысында балаға қолайлы болуы керек. Өзіне сенімсіздік және қорқыныш сезімдері болмайды, мектеп барлық жағымен оған ұнайды.
Екіншіден бала жеңіл түрде берілген тапсырманы лезде орындауы тиіс. Егер мектеп қарапайым және дәстүрлі бағдарламада жүргенде, бала сабақ барысында қиындықтарға тап болған жағдайда, сынап мінемей, басқа балалармен салыстырмай қолдау көрсете білу керек. Балалар әр-түрлі болады.
Егер сабақ барысы қиын болған жағдайда және шет тілдерін қоса алып жүру балаға тым артық салмақ болады. Уақытында дұрыс жолға сала оң бағыт беру керек, бұлай болмаған күнде денсаулығы сыр беруі мүмкін. Мұндай жағдайларда, бала тереңдетілген сыныптан, қарапайым сыныпқа ауыстырса өзін қолайлы сезінетін болады.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаға күш беріп, қолдау көрсете білсе, бала қалыптаса бейімделіп кетеді.
Үшінші табысты бейімделудің белгісі – баланың өз бетінше жұмыс жасауы, тапсырманы аяқтап болған соң ғана ересектер көмегіне жүгінуі аса маңызды.
Ата-аналардың баланың орнына үй тапсырмасын жасайтын кездері болады, бұл қарама-қарсы әрекет, бұдан бала өзіне деген сенімсіздікті жоғалтады. Басынан баланың өзіне қарсы сұрақ қойып, ата-аналар көмектесуді азайтуы керек.
Ең бастысы бала өзінің қоршаған ортасына, яғни сыныптас достарына және ұзтазына бейімделуі.
Ата-аналардың балаларға сабақтан тыс көп қыдыратына, үйге кеш оралатына шағым айтады. Бір жағынана бұл көп достар табуға және қоршаған ортасын танып білуге көптеген көмегін тигізеді.
Мұғалімнің алдында оқушы өзін қалай ұстау керегін айтып түсіндіру керек.
Алғашқы ұзтаз – бұл оқушы және де отбасы үшін аса маңызды адамдардың бірі.
Басынан бастап бір-бірімен тығыз байланыс орнату, сіздің балаңыз үшін аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет