№ 1, 2 дәрістер. Тақырыбы: Математикалық (мәтінді) есеп дегеніміз не?
Мазмұны
1. Бастауыш мектеп туралы
2. «Есеп» ұғымы
3. Есептердің негізгі мақсаты
«Есеп» ұғымына анықтама берейік.
Есеп - математикалық ұғым ғана емес, сонымен бірге психологиялық ұғым
болып табылады. Адам іс әрекеті процессі кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болса және жетістікке жету үшін бар құралдар жеткіліксіз болған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Егер бұл проблеманың шарты мен талабын нақты бөліп алсақ (мақсатыг нақтыласақ), онда проблемалық жағдай есеп болады.
Есепті көп шешу міндетті емес. Бастысы, оқушылардың әрбір есепті шешу үдерісінен жаңа бір нәрсе білуі, жаңа іскерліктерді игеруі немесе игерілген білім мен іскерліктерді бекітіп, дамытуы.
Математикада мәтінді есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Мәтінді есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
№ 3 дәріс. Тақырыбы: Мәтінді есепті шешу процесі және оның кезеңдері
Мазмұны
1. Есеп шығарудағы мақсат
2. Есептелетін жұмыстың 3 кезеңі
3. Есептің мазмұнымен таныстыру
Есеп шығарудағы мақсат — оқушылар игеруге тиісті негізі білім берілген мәліметтер мен ізделініп отырған мәліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу біліктілігіне байланысты, Осыны ескере отырып. бастауыш сыныптарда шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мүндай есептер тобын бір түрдегі есептер деп атаймыз.
Оның басты мақсаты – балаларды өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың, олардың біртіндеп күрделену жағын ескере отырып, берілген және ізделініп отырған мөліметтері арасындағы қандай да бір байланыстарын саналы түрде анықтауға үйрету. Осыған жету үшін біз есептер шығаруға үйрету әдістемесінде қандай да бір мақсаты бар бір кезеңді ескеруіміз тиіс.
№ 4 дәріс. Тақырыбы: Мәтінді есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру
Мазмұны
1. Мәтінді есеп туралы
2. Есепті шығару кезеңдері
3. Есеп шығаруды іздестіру
4. Мәтінді есепті теңдеу құрып шығару
Мәтінді есептер дегеніміз - аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Күнделікті өмірімізде кездесетін кез келген істі орындау үшін қарапайым математикалық есептерді шығаруға тура келеді.
Математикалық теорияны меңгеретін, шығармашылық және өзіндік ойлау қабілетін дамытатын оқу іс-әрекетінің маңызды түрі –математика есептерін шығару. Сондықтан оқытудың тиімділігі көбінесе есеп шығаруды үйретуді ұйымдастыру әдістемесіне байланысты.
Л.М.Фридман және Е.Н.Турецкий «есеп шығару дегеніміз не?» деген сұраққа олар есепті қолға алғаннан басталып, оның шығаруын толық аяқтағанға дейінгі үдеріс,-деп тұжырымдайды. Ал бұл үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады:
1-есепті талдау;
2-есепті сызба түрде беру;
3-есепті шығару тәсілін іздестіру;
4-есептің шығаруын іске асыру;
5-есептің шығаруын тексеру;
6-есепті зерттеу;
7-есептің жауабын жазу (айту);
8-есептің шығаруын талдау екендігін атап көрсетеді.
№ 5 дәріс. Тақырыбы: Қызықты есептер. Қазақ халқының байырғы есептері. «Рухани құндылық» есептері
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Байырғы есептер
3. Рухани құндылыққа қатысты есептер
Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына бағытта болуы керек. Математикада сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келеді, берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, математикалық инициативасын артыратындай, түсіндіру жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болады. Бұл есептер зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есептерді шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай - ақ есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |