110. «Орындауміндеттелсін, баса көңіл бөлінсін, қамтамасыз етілсін» тіркестерінің қай стильге жататынын ажыратыңдар. A. Ғылыми стиль B. Көркем әдебиет стилі C. Публицистикалық стиль D. Ресми ісқағаздар стилі E. Ауызекі сөйлеу стилі 111. «Публицистика» термині қандай ұғымда жұмсалады? A. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер B. Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау C. Діни бағыттағы мәселелер D. Соттағы сөздер E. Шешендік сөздер 112. Стиль түрін көрсетіңдер. Бұл шара жол-көлік ережесін сақтай бермейтін көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек. A. Ғылыми стиль B. Ауызекі сөйлеу стилі C. Публицистикалық стиль D. Көркем әдебиет стилі E. Ресми ісқағаздар стилі 113. Публицистикалық үндеудің мақсаты: A. Жаңалықтардан хабардар ету B. Шығарманың мазмұнымен таныстыру C. Газет-журналдар тарату D. Жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету E. Халықты бір жерге жинау 114. Шешендік сөздің құрылысына қарай түрлері: А. Шешендік арнау, шешендік толғау В. Шешендік толғау, шешендік дау С. Айтыстар, даулар D. Жер дауы, құн дауы Е. Термелі сөз, пернелі сөз 115. «Өнертабыс» сөзіне сәйкес келетін қатарды көрсетіңдер.