Жалпы орта мектеп түлегі: тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен
әдістер туралы білімінің болуы;
өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;
нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;
еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;
дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.
Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық Құзыреттілік: шығармашылық
Жалпы орта мектеп түлегі: зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;
ақпаратты талдау және бағалау;
жаңа идеяларды ұсыну;
заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;
мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру
барысында ресурстарды тиімді пайдалану.
Әр айдың іс-шаралары : күнделікті
• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды
• «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
• «Қауіпсіздік сабағы»– жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу
• «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
• «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
• «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу
• «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.