Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бесінші тарау
2030 СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ -
ЖАСТАРДЫҢ ЕНШІСІНДЕ
1998 жылғы қаңтардың 5-інде
Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университеті Студенттер
сарайының ашылу салтанатында
сөйлеген сөзі
Біз  тəуелсіз  елімізді  нығайтуда,  оның  экономикасын  көтеруде  көп
жұмыстар  аткарылған  тағы  бір  жылды  артқа  тастадық.  1997  жыл  тарихқа
Жалпыұлттык  келісім  жəне  саяси  куғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу
жылы  ретінде  кірді.  Біз  ақыл-  парасат  пен  əділдікке  өз  бағасын  бердік,
тоталитаризмнін
сұмдықтарын
бастарынан
кешкен
мындаған
отандастарымызды еске алдық. Бұл - біз үшін жəне келер ұрпақ үшін тарих
сабағы, өмір, ар-намыс сабағы.
Өткен жылы егемен Қазақстан жана астанаға - Ақмолаға ие болды.
Бұл фактінің біздің халқымыз үшін зор тарихи маңызы бар.
Белсенділікпен  жүргізілген  сыртқы  экономикалық  жəне  сыртқы
саяси  қызметтердің  нəтижесінде  Қазақстан  əлемдегі  өз  абыройын
айтарлықтай  нығайтты.  Каспий  жағалауы  аймағындағы  мұнай  мен  газды
тасымалдау  жəне  шығаруға  байланысты  біздің  елдің  АҚШ-пен  жəне
Қытаймен қол қойылған Үш келісімі елге 40 миллиард доллар мөлшерінде
инвестиция  келеді,  бұл  кетісімдердін  əрқайсысына  өзінің  кəлемі  жəнінен
дүние жүзінде тең келетін ештеңе жоқ.
Мұның  бөрі  Қазақстандағы  ілгері  басып  келе  жаткан  эқномикалық
жəне  саяси  өзгерістердін  барысында  мүмкін  болып  отыр.  Дүние  жүзіндегі
аса  куатты  ел  -  Құрама  Штаттарының  Казақстанды  өзінің  стратегиялық
еріптесі деп атауы кездейсоқ емес.
Жылдың  экономикалык  корытындыларына  кысқаша  токталып
өтейік. Алдын-ала шығарылған цифрлар болса да, өнеркəсіптегі өндірістің
өсуі  төрт  процентті  кұрады,  жалпы  ішкі  өнім  екі  жарым  процентке  өсіп,
жан  басына  шаққанда  1500  доллардан  келді.  Бүкіл  дүниежүзілік  банктің
деректеріне  қарағанда,  бұл  ТМД  бойынша  ең  үздік  көрсеткіш  қатарына
жатады. Негізгі капиталға инвестиция 20 процентке өсті. Инфляцияны 17,5
72

процентке  өседі  деп  күтсек  те  ол,  шамамен  12  процент  болды.  Ұлттық
банктің кайта қаржыландыру ставкасы 18,5 процентті кұрады. Банктердегі
жеке  тұлғалар  мен  азаматтардың  салымы,  осыған  сəйкес,  28  процентке
көтерілді.
Қазақстаннын  белсенді  тəлем  балансы  бар,  елдің  алтын-валюталық
коры  өсіп  келеді.  Өткен  жылдар  ішінде  республикаға  10  миллиард
доллардан  астам  инвестиция  тартылды.  Олардың  ішінде  тікелей
тартылғаны  -  алты  миллиард  200  миллион  доллардан  астам.  Өткен  жылы
ғана бір миллиард 700 миллион доллар тартылды. Бізде əр адамға шакканда
тікелей  инвестиция  400  доллардан  келеді.  Ал  тұтастай  алғанда,  600
доллардан.  Мұндай  көрсеткіш  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығындағы
жəне Венгриядан басқа Шығыс Еуропадағы бірде-бір елде болған емес. Бұл
біздегі  инвестициялық  ахуалдың  жақсарып,  инвесторлар  сенімінің
нығайып келе жатканының айкын белгісі.
Өткен  жылдың  тамыз  айына  карай  шағын  жекешелендіру
бағдарламасы аяқталды, жеке жобалар бойынша былтыр құны 773 миллион
АҚШ  доллары  болатын  47  көсіпорын  жекешелендірілді.  Акциялардың
мемлекеттік  пакеттерінің  өзіне  800  миллион  теңге  сомасындағы  кіріс
аударылды.
Кейбір нəтижелер осындай. Олар бізді үміттендіреді əрі реформалау
ісінде  одан  əрі  алға  жылжуға  мүмкіндік  береді-  əрине,  реформаның  оңды
жактарын қазақстандыктардың бəрі бірдей өз тіршілігінен сезіп-білген жоқ.
Бұл  жайында  мен  өзімнін  халыққа  Жолдауымда  мейнінше  ашық  айттым.
Дегенмен,  оң  өзгерістердің  бар  екеніне  де  дау  жоқ.  1997  жылы  Үкіметтің
зейнетакы  жəне  бюджет  ұйымдарына  жалакы  жөніндегі  барлық  қарызы
өтелді.  Еліміз  бойынша  орташа  жалакы  26,8  процентке  өсті.  Материалдық
салада орташа жалакы тоғыз мың тенгеден асып, өнеркəсіпте 13 мың теңге
болды. Бұл 25 проценттік өсімге қол жетті деген сөз.
Бұған  коса  бізге  басқару  саласын  оңтайландырудың,  соның
нəтижесінде бюджетке ауыртпалыкты азайтудың сəті тусті. Айталық, 1996
жылмен  салыстырғанда,  мемлекет  кызметкерлерінің  саны  15  мың  адамға
қыскартылып, бес облыстың, 70 ауданның шенеуніктері таратылды. Үкімет
мүшелерінін саны бұрынғы 41 дің орнына 18-ге дейін азайтылды. Осының
өзі  бізге  жылына  екі  жарым  миллиард  теңге  дерлік  каржыны  үнемдеуге
мүмкіндік береді. Бұл қаржы, менің нұскауым бойынша, əлеуметтік салаға,
оның ішінде білім жүйесіне жұмсалады.
Шағын  жəне  орта  көсіпорындардын  саны  едəуір,  атап  айтқанда,  35
проценттен  астамға  көбейіп,  қазір  180  мынға  жуықтады.  Жұмыспен
73

камтылған  халыктын  үштен  бірі  осындай  көсіпорындарда  енбек  етеді.
Бұлар - екі миллионнан астам адам. Шағын жəне орташа бизнесті одан əрі
дамыту  –  жұмыссыздықпен  күреске  берік  негіз  болмақ.  Меншік  жөнінде
тоқтаусыз  өзгерістер  жүзеге  асырылуда.  Жекеменішік  сектор  пəрменді
түрде  дамып,  бəсекелестік  ортасы  калыптасуда,  нарықтық  инфракұрылым
жасалуда.  Мемлекеттік  емес  сектордағы  кəсіпорындардын  72  проценті,
тауар  өндірушілер  нарық  жағдайына  бейімделуде.  Басым  бағыттағы
өндірістерді дамытуды мемлекеттік ынталандырудың түрлері мен тəсілдері
одан  əрі  іздестірілуде.  Осының  бəрін  де  салыстырудан  көруге  болады.
Аталған  көрсеткіштер  біздің  реформаларымыз  нəтиже  бере  бастағанын
Жəне олардың ТМД-ның баска елдеріндегіден жақсы екенін көрсетеді. Қол
жеткен межелер - игі істің басы ғана, бұдан былайғы жұмыстың негізі ғана
деп түсіну керек.
Бұл  жайында  мен  реформалардың  жаңа  деңгейіне  шығуымыз  бізге
Казақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясыы  жасауға,  қазірдің
өзінде  осы  жүзеге  асыруға  кірісіп  кетуге  мүмкіндік  бергендігіне
байланысты  айтып  отырмын.  Айта  кететін  бір  жəйт  -  бұл  кұжат  жастарға
үндеумен аякталады. Сондықтан менің жұмыс жылын сіздермен кездесуден
бастап отырғаным бекер емес. Сіздер Қазақстанды XXI ғасырда ілгері алып
баратын  ұрпактың  өкілдерісіздер.  Біздің  каындықтарымыз  өлі  де  алда,
сондықтан  кол  жеткен  табысты  бекемдеу  үшін,  халыктың  тұрмысын
жаксарту  жөніндегі  жұмыстың  нəтижесін  барша  көпшілік  сезінуі  үшін
мықтап  жұмыс  істеу  керек.  Стратегиялык  бағдарлама  -  сіздерге  арналған
бағдарлама.  1990  жылы  бірінші  класқа  барғандар  2000  жылы  18-ге  келеді.
Мен  олардың  бізден  гөрі  мүлдем  басқа  жағдайда  өсіп-жетілген,  жаңа
Мемлекеттің жана азаматтары болуын қалар едім. Сіздер бай əрі көркейген
елде өмір сүре аласыздар əрі солай етуге міндеттісіздер.
Алайда, бұл үшін кауырт түрде жұмыс істеу керек. Ал оның алдында
нақ  солайша  əрі  жауапкершілікпен  оқу  қажет.  Сіздер  болашаққа  жəне
өздерңіз бен өз күштеріңізге сенуге тиіссіздер.
«Бір тəуекел бұзады
Мың қайғының қаласын,
Бір жақсы сөз жазады
Мың көңілдін жарасын».
Қазаққа  ауызбірлік  пен  татулық  кажет.  Ел  арасы  тыныш  болса,
тəңірекпен тату болсақ, бəрінен де өтеміз.
Актайлақ бидің сөзі осындайда еске түседі:
74

«Жақыннан шыккан жау жаман,
Етегіңе жабысқан.
Жөнді кісі болмайды,
Ағайынмен алысқан.
Одан жүйрік ат артык,
Ауыздыкпен карыскан.
Жакынын жауға бермейді,
Адамнан туған арыстан».
Дəл  казіргі  заманға  керек  асыл  сөздер  емес  пе!?  Тəуелсіздік  -  біздің
жəне  ата-бабамыздың  арманы.  Оны  сактап  қалу  менің  де,  сендердің  де
парыздарың. Бұл баршамызға сын!
Маңызды проблемаларды бізге осы жылдың ішінде шешу керек. Ең
бастысы  -  стратегияда  белгіленген  міндеттерді  жүзеге  асыруды  бастау.
Үкіметке  өндірісті  кетерумен,  жекешелендіруді  аяқтаумен,  шағын  жəне
орта  бизнесті  дамытумен,  тұрмысы  төмендерге  колдау  көрсетумен,
мектептерді  компьютерлендірумен,  коғамда  салауатты  өмір  салтын
орнықтырумен жəне басқа мəселелермен байланысты накты сегіз тапсырма
берілді.
Стратегиядағы
басымдықтар
ішінде
денсаулықты
нығайту,
Қазақстан  азаматтарының  білім  денгейін  жəне  игілігін  арттыру  мəселелері
айрыкша  белгіленіп  отыр.  Қоғамның  болашактағы  салауаттылығы  -  əр
адамның  денсаулығына  байланысты.  Мемлекет  денсаулык  сактау  ісіне
каржы  бөлетін  болады.  Өкінішке  қарай,  денсаулықка,  салауатты  өмір
салтына  деген  бəсеке  киімге,  автокөлік  пен  тұрмыстық  техникаға  деген
бəсекеден,  шылымкорлық  пен  ішімдікке  əуестіктен  артта  калып  келеді.
Мына  фактілер  төнірегінде  ойланайықшы:  казір  əрбір  екінші  студент  туа
біткен  немесе  кейін  пайда  болғаы  науқасқа  душар  екен.  Көнтеген  жас
адамдар  жүйке  ауруларына  шалдыққан.  Ал  денсаулыкты  сатып  алуға
болмайтыны бəріне түсінікті сияқты. Онсыз бакыт та, табыс та жоқ. Бəрінің
жəне  əрқайсысының  осыған  көңіл  бөлуге,  денсаулыктарынды  күтуге
шақырамын.
Елімізде  жыл  сайын  200  мын  жасанды  түсік  жасалады.  Осыған
баратындардың  айтарлыктай  процентін  студент  кыздар  құрайды.  Студент
жастардын  арасында  ішімдік  ішпейтін  жəне  шылым  тартпаитын  жігіттер
мен қыздар жоқ немесе жоққа тəн. Айтыңыздаршы, осындай адамдардыңщ
ұрпағы ертең кандай күйде болады?
Салауатты  өмір  салты  мен  тиімді  демалыс  табысты  еңбек  пен
75

окудың кепілі болуға тиіс. Тəн денсаулығы рух денсаулығының жемісі деп
Бернард  Шоудың  өзі  айтқан.  Басқаша  айтканда,  бəрі  де  сіздердің  ерік-
жігерлеріңізғе,  өз  тұрмыстарыңызды  дұрыс  ұйымдастыра  білулеріңізге,
соған  ұмтылуларыңызға  байланысты.  Өзімізден  бастайық,  өз  үйімізден,
жұмыс  жəне  оку  орнымыздан  бастайық,  өзімізді  жəне  айналамызды
тəртілке келтірейік. Мына сөз бекерге айтылмаса керек: он адам уйге келді
дейік,  оның  тоғызы  ғана  үйге  кіре  алды.  Ондай  жағдайда  оныншы  адам
тагдырына наразы болып, мұнын бəрі кұдайдың ісі демей, өзінен кай жерде
жаңылыстым, калай болды деп сұрауы керек.
Үш  жылдан  кейін  XXI  ғасырдың  табалдырығын  аттаймыз.  Əрине,
мұндай  аз  уақыттың  ішінде  стратегияда  белгіленгеннін  бəріне  бірдей  кол
жеткізу мүмкін емес. Алда тұрған өзгерістер өте ауқымды. Бірақ күн сайын,
қадам басқан сайын біз алға қойған мақсатымызға жакындаймыз. Үкіметтің
1998-2000 жылдарға арналған іс-кимыл бағдарламасы осыған бағытталған.
Содан  кейін  бес  жылдык  бағдарлама,  одан  əрі  жалғаса  береді.  Осы
жоспарларды  орындау  Үкімет  пен  əкімдер  жұмысын  бағалауға  мүмкіндік
береді.
Адам уақытка өкпе артпауы керек. Одан жеңіл болмайды. Рас, уакыт
киын.  Бірақ  уақытты  таңдамайды,  онда  өмір  сүреді.  Адамдарға  ақыл-
парасат  өз  өмірін  жаксарту  үшін  берілген.  Егер  Отанымыздын  гүлденуіне
жүрегіміздін  бір  бөлшегін,  сүйіспеншілігімізді,  өмірімізді  арнар  болсақ,  біз
онда мақтанышпен «Мен - қазақстандыкпын!» деп айта алатын боламыз.
Жаңаша  ойлай  алатын  парасат-пайымды  əлдеқайда  жоғары
адамдарсыз,  шұғыл  арада  жаңа  экономикалык  кереметке  жол  ашу  мүмкін
емес  дегенді  мен  талай  рет  атап  көрсеттім.  Сондықтан  да  Қазақстан
халкына  Жолдауда  жастарға  жəне  өскелең  ұрпаққа  біздін  ерекше  назар
аударуымыз  қажеттігі  айтылған.  Бізге  жоғары  білікті  кадрлар  керек.
Отандық,  сондай-ақ  шетелдік  іскерлер  тобы  оларға  қазіргі  біз  беріл
жатқаннан  да  терең  білімді  қызметкерлер  керек  екенін  айкын  сездіріп
келеді.
Казір  кезек  күттірместен  осындай  адамдар  даярлау  кажеттігі  өте
айқын сезіліп отыр. Ал ол  үшін білім реформасы керек, ол 2030  жылдарға
дейінгі даму стратегиясымен өзара тығыз байланыста.
Осы  саланы  реформалаудын  өте-мөте  қажеттігі  айдан  аяық.  Ол
жастарға  білім  мен  тəрбие  берудің  пайда  болған  мүлдем  жаңа  білім  беру
жене  ақпараттық  технологиямен,  стандартымен  байланысты  болып  отыр.
Ал  бұл  стандарттар  ең  алдымен  коғам  алдында  тұрған  міндеттерді
зерделеуге негізделуі тиіс. Білім беру құрылымдары қалай жəне не нəрсеге
76

оқытып  жатқандарын  анық  бажайлауы  керек.  Ал  деріс  алушылар  да
осылайша  не  оқып  жатқандарын  жəне  кім  болып  шығатындарын  айқын
түсінулері тиіс.
Осы орайда казіргі жекелеген бірнеше заңдардын орнына Қазақстан
Республикасының  «Білім  туралы»  бірегей  заңын  жасау  жəне  қабылдау
орынды  болмақ.  Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен  оған  дайындық
жүріп  жатыр.  Ол  заң  білімге  мемлекеттік  монополия,  осы  сала
басшылығынын  шамадан  тыс  орталықтандырыдуы,  оқу  орындары
қызметтерін  бір  қалыптан  шығармау,  каржыландыру  мəселесінде  тек
мемлекеттік  бюджетке  иек  арту,  тағы  да  осы  секілді  бұрынғы  зан
шығарушылық актілеріне тəн белгілерден арылуы керек.
Жаңа
заң
шығарушылар
білім
саласында
ұлттық-мəдени
ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік саясат жүргізуді, білім саласын
басқаруды  демократияландыру  процесін  терендетуді,  шектен  шыққан
əкімшілдік  ықпалдан  құтылуды  жəне  ұйымдық,  педағогтық  оку,  тəрбие
жəне  шаруашылық  мəселелерінде  оқу  орындарының  еріктілігін  кеңейтуді
көздеуі керек.
Казір республикада білім жүйесін кұрылымдық жағынан кайта құру,
негізінен,  аяқталды,  онда  қалын,  қауымның  білім  алуына  оңтайлы,
орнықты, берік даярлықтан өткізудін жоғары деңгейі, ғылым мен өндірістің
көптеген  бағыттары  бойынша  кадрлар  даярлауға  қабілеттілігі,  жеткілікті
түрде оқу-əдістемелік қамту секілді бұрынғы жүйенің басты құндылықтары
сакталып қалды.
Реформалай  отырып,  біз  білімді  реформалау  мəселесінде  ізденістер
жүргізіп  жатқан  Ресейдін  жəне  ТМД-ның  басқа  елдерінің  тəжірибелеріне
ғана  сүйене  алмаймыз.  Олармен  бірге  қателіктерге  ұрынудың  жəне  оны
жөндеу  үшін  қыруар  шығыңдарға  барудын  қажеті  бар  ма?  Елде  нарык
шаруашылығынын
бағытын
ұстанған
екенбіз,
онда
нарық
пен
демократияны дамытуға білімнің ықпал ететін жағына бет бұрайық.
Көптеген  елдердегі  үлгі  аларлық  тəжірибелердің  бірі  жоғары  оқу
орындарында  окыту  жүйесінің  көп  денгейлілігі  болып  табылады.  Белгілі
болып отырғанындай, Қазақстанда мұндай жүйе ішінара енгізілді. Бірқатар
жоғары  оку  орындары  1995  жылы  осындай  Білім  беру  бағдарламасына
көшті. Өкінішке қарай, бізде, оның он нəтижелері көзге ұрып тұрса да, көп
денгейлі жүйені үйымдастырудың бірегей жолы əлі жасалмай келеді.
Үкіметке,  оның  ішінде  Білім,  мəдениет  жəне  денсаулык  сактау
министрлігіне  осыған  сəйкес  тиісті  тапсырмалар  берілді.  Білім  берудін
басты сипаттары алғашқы екі-үш онжылдықта онын тұтастығы, оқытудың
77

мазмұны мен сапасына мемлекеттік талаптардын бірегейлігі, икемділігі мен
көп деңгейлілігі, мазмұнын жаңарту мен диверсификациялау, білім жүйесін
баскаруды демократияландыру болуға тиіс деген ой келеді. Оку орындарын
каржыландырудың,  бітірушілерді  бөлу  мен  оларды  əлеуметтік  жағынан
корғаудың,  білім  жүйесін  əлемдік  білім  кеңістігіне  интеграциялаудың
принципті жаңа механизмдері енгізілуі керек.
Жоғары  білімді  акпараттауға,  жаппай  компьютерлендіру  негізге
алынатын  оқытудын  жаңа  технологияларын  енгізуге,  Бүкіл  дүниежүзілік
интернет акпарат желісіне кіруге ерекше назар аударылуы тиіс.
Қазір  бүкіл  əлем  аса  аукымды  ақпараттың  инфрақұрылым  құру
алдында  тұр.  Ол  уакыт  пен  кеністікті  жеңудің  кұралы  болмақ.  Сондай-ақ,
дүниежүзілік ақпарат рыногы да құрылады.
Ауқымды  ақпараттық  инфрақұрылым  жергілікті,  ұлттық  жəне
аймақтық  желілердің  біртұтас  жүйесі  болып  табылады.  Қазақстанның  да
уақыт  талабынан  кешікпеуі,  жаңа  кұрылымдарда  өз  орнын  алуы  өте
манызды. Бұл үшін елімізде ұлттық акпарат инфракұрылымын құру кажет.
Өйткені  ақпаратқа  деген  кажеттілік  ұдайы  артып  отыратын  болады.
Мəселен,  қазір  АҚШ-  та  жұмыс  істейтін  адамдардың  60  проценті  ақпарат
саласында  еңбек  етеді.  Америка  экономикасындағы  жаңа  он  жұмыс
орнының 8-і ақпараттық мазмұны жоғары салалардың үлесіне тиеді.
Əр  адам  өзін  мектеп  партасынан,  студент  кезінен  бастап  жаңа
қарқында  жұмыс  істеуге  дайындауға,  ал,  ата-аналар  өз  перзенттері
математиканы,  алгебраны  жақсы  білуіне  жағдай  жасауға  тиіс.  Əркім
ақпарат  бөлісуге  көбірек  ұмтылған  сайын  көбірек  акпарат  алады.  Томас
Джефферсон  былай  деген:  «Менен  идея  алған  адам  менін  білгенімді
азайтпастан,  өз  білімін  молайта  түседі,  мені  караңғыда  қалдырмастан  мен
тұтатқан шырақтан жарық алады».
Мемлекеттік  жоғары  оку  орындарыңа  санаттар  енгізілуге  тиіс.  Біз
тек осы жолмен ғана профессорлық-оқытушылық құрамның. жетекші жəне
ғылыми  қызметкерлердің  мамандар  даярлауға,  ғылымды  дамытуға  жəне
т.б.  қосқан  үлесіне  лайыкты  түрде  еңбекақы  төлеуді  тəртіпке  келтіре
аламыз  деп  ойлаймын.  Мұндай  шаралар  жоғары  оқу  орны  қызметінің
беделін арттыруға ықпалды серпін бере алады.
Қазір  мемлекеттік  емес  жоғары  білім  беру  секторы  киын  да  күрделі
қалыптасу  жолынан  өтуде.  Өкінішке  қарай,  алғашкы  кезде  мұнда  білім
беруді  саудаға  салу  орын  алды.  Мемлекеттік  емес  жоғары  оқу
орындарынын  көпшілігі  студенттерді  тек  беделді  болып  табылатын
«халыкаралық»  мамандықтар  бойынша  оқытатын  болды.  Бұл  қажетті
78

материалдық  жəне  ғылыми-əдістемелік  базаның  жеткіліксіз  екендігіне
қарамастан,  сондай-ақ,  еңбек  рыногында  бұл  саладағы  мамаңдарға  деген
сұранысты  ескерместен  жүргізілді.  Мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес
жоғары  оқу  орындары  өлі  күнге  дейін  өз  түлектерін  қызметке
орналастыруды қолға алмай отыр. Олар əлі де ескіше ойлаудан арыла алар
емес.  Экономикамыздың  75  проценті  жеке  адамдардың  қолында  болып
отырған кезде Бұл жұмыспен мемлекет те айналыса алмайды.
Мемлекеттік  емес  жоғары  оқу  орындарының  өмір  сүруінің  басты
мəні жеке адамның байлыққа кенелуі немесе сауда-саттық емес, ғылым мен
білім  беруді  дамыту  үшін  мемлекет  қазынасынан  тыс  каржы  тарту
мүмкіндігін  жүзеге  асыру  болуға  тиіс.  Бұл  еліміздің  рухани  жəне  мəдени
əлуетін арттыра түсуге жағдай жасар еді. Бұл орайда мемлекеттік емес кез-
келген  оку  орны  Қазақстанның  білім  беру  жүйесі  шеңберіндегі  біртұтас
талаптар мен стандарттарды ұстанатын болса, Үкімет оларға лицензия беру
тетіктерін қамтамасыз етуге тиіс.
Жоғары  оқу  орындарына  қабылдаудың  нысандарын  жетілдіру
қажет.  Жетекші  елдердің  үлгісі  бойынша  біз  принципті  жаңа  жүйеге
көшуге  тиіспіз.  Бəлкім,  оқу  орнына  қабылдауды  тікелей  мектептердің
өзінде алынатын тестердін нəтижелері бойынша ұйымдастыру кажет болар.
Мектеп бітіруші өзі оқығысы келетін жогары оку орнын таңдап, оған өзінін
куəлігін  жібереді.  Мұндағы  ең  маныздысы  ол  өз  құжаттарын  бірден
бірнеше жоғары оку орнына жіберуге құқылы болады- ал оқу орындары өз
кезегінде  мектеп  берген  куəліктегі  балдар  жəне  үміткер  ұсынған
пайымдама бойынша болашақ студенттерін іріктеп алады. Демек, казіргідей
дəстүрлі  қабылдау  емтихандары  болмауға  тиіс.  Бір  мезгілде  бірнеше
жоғары  оку  орнына  түсу  мүмкіндігі  абитуриенттің  окуға  тусу
мүмкіндіктерін  едəуір  арттырады.  Сонымен  бірге  бұл  тамыр-таныстық
жолымен  түсуді  азайтады.  Өткен  жылы  мұндай  жүйе  Қызылорда
облысында  байқап  көрілді.  Қабылдауға  осындай  тұрғыдан  келу  мектептің
де  беделін  көтеретінің  есте  ұстау  керек.  Жоғары  оқу  орындары  да  жоғары
білім  алуға  үздік  үміткерлерді  нақ  кайсы  мектептің  даярлайтынын,  ал
экономика  қайсы  жоғары  оқу  орнын  бітіргендердің  кəсіби  біліктілігі
жоғары екенін білетін болады.
Экономиканын  қазіргі  жағдайы  жоғары  білімді  ұйымдастырудың
жана нысандарын талап етті. Мысалы, Алматы энергетика жəне байланыс
институты  жекеменшік  үлесі  бар  жоғары  оқу  орны  ретінде  құрылды.
Алдағы  уақытта  оны  толық  жекешелендіру  қарастырылуда.  Болашақта
біркатар  басқа  жоғары  оқу  орындарында  да  осындай  шараларды  жүзеге
79

асыру жоспарлануда.
Біздің жоғары жəне арнаулы орта білім берудің мемлекеттік жүйесін
сактап каларымыз даусыз. Университеттердің құрамына шағын жоғары оку
орындарын қоса отырып, жоғары оку орындарын одан əрі ірілендіруді іске
асыру қажет. Қазірдің өзінде мемлекеттік жоғары оқу орындарының акылы
білім  беру  кызметін  көрсету  тəжірибесі  калыптасып  келеді.  Алайда,  бұлай
жасағанда, осы қызметті накты жүйелестіру, сондай-ак, оның капемін қатаң
есепке  алып  отыру  қажет.  Бұл  орайда  мемлекеттік  тіркелім  құру  керек.
Оларда
акылы
негізде
кадрлар
даярлау
үшін
рұқсат
етілген
мамандықтардың тізбесі белгіленеді.
Білім  жүйесін  қолдаудың  бюджеттік  жолымен  катар  халықаралық
ұйымдардың  көмегі  елеулі  қаржы  көзі  болып  табылады.  Мысалы,  Бүкіл
дүниежүзілік  банк  мектепке  дейінгі  мекемелерді  қолдауға  41  миллион
доллардан  астам  каржы  бөлуді  ұсынып  отыр.  Азия  даму  банкісі
мектептерге  кұрал-жабдық  алу,  білімді  басқарудың  компьютерлік  жүйесін
жасап,  орнату,  жаңа  қулықтар  дайындап  басып  шығару,  ақпаратнама,
шетел тілдері саласында кадрларды қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру
үшін  20  миллион  доллар  бөлді.  Тек  өткен  жылдың  өзінде  елімізде  180
мектеп  компьютерлендірілді.  Ал  биыл  мынға  жуық  мектеп  компьютермен
қамтамыз  етілгелі  отыр.  Бұл  максатка  20  миллион  АҚШ  доллары  бөлінді.
ЮНИСЕФ пен ТЕМПУС бағдарламасы аясында, Сорос қоры тарапынан да
едəуір көмек көрсетілуде.
Бұл
кемекті
барынша
тиімділікпен,
əсіресе,
жер-жерлерде
мүмкіндігінше  оңтайлы  түрде  пайдалану  керек.  Өзірше  біздің  əкімдеріміз
аймақтық  жоғары  оку  орындарының  материалдық-  техникалық  базасын
дамытуға  толык  жағдай  жасамай  отыр.  Жоғары  білім  алып  шыққан
түлектердің  90  процентке  дейінгі  бөлігі  өздері  оқыған  жерлерде  калып
отырғанымен,  оларды  жұмысқа  орналастыру  жүйелі  түрде  жүргізілмейді.
Ал  жоғары  жəне  орта  білім  беру  мектептерінің  іскер  топтармен
ынтымақтастығын жергілікті деңгейде жолға қою керек. Бұл жастардың өз
қабілетін  іске  асыруына  мүмкіндік  берген  болар  еді.  Екінші  жағынан,
кəсіпкерлік құрылымдардын өкілдері де өз кадрларын даярлау ісі мен білім
беруді  каржыландыруға  тікелей  қатысуды  колға  алғаны  жөн.  Қазақстанда
жұмыс  істейтін  барлык  бизнесмендерді  осы  проблемамен  байсалды  түрде
айналысуға,  өздерінің  ертеңгі  мамандарының  біліктілігі  кандай  деңгейде
болатындығы туралы ойлануға шакырамын.
Көптеген
дамыған
мемлекеттердін
білім
беру
процесіне
қатысушыларды  атаулы  жəне  мақсатты  түрде  каржыландыру  жөніндегі
80

төжірибесін зерттеу керек.
Мемлекет  үш-төрт  жылдан  кейін  еліміздің  əрбір  азаматыш
мемлекеттік  немесе  мемлекеттік  емес  корлардан  білім  беруге  арналған
несие беруге көмектесетін болады. Бірақ мұның міндетті бір шарты болады:
талапкер  қоғамның  алдында  өзіне  міндеттеме  қабылдауға  тиіс.  Ең  үздік
шəкірттерді көтермелеп отыру қажет. Бірақ өз міндетін адал да тиімді түрде
орындауға шамасы жетпейтін салбөкселерді аяусыз қыскарту қажет.
Несие  беру  тетіктері  тиісті  заңдармен  реттелуі  кажет.  Бұл  орайда
аталмыш  заңдар  мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес  жоғары  оку
орындарына қаржылай көмек берілуін қамтамасыз ететіндей болуға тиіс.
Мемлекет  шет  елдерде  білім  алуға  жəрдемдесіп  келді  жəне
жəрдемдесе  береді.  Қазір  бес  халықаралық  шарт,  40  ведомство  аралық
келісім, жоғары оку орындарының халыкаралык əріптестерімен тікелей 70
шарты  іске  асырылуда.  1800-ден  астам  қазақстандық  шəкірт,  олардың
арасында  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  185  жас  əлемнің  жетекші
елдерінде білім алуда. Бұдан өзге, бізде студенттерге арнап 50 Президенттік
стипендия  мен  Қазақстанның  кернекті  кайраткерлері  атындағы  80
стипендия  тағайындалды.  Тек  сіздердің  университетіңізде  ғана  20  атаулы
стипендиат  бар.  Олардың  үшеуі  Президенттік  стипендия  алатынын
айрыкша  атап  өте  тұрып,  мен  мұны  мактан  тұтатынымды  да
жасырмаймын.
Қазақстанда жұмыс істейтін «Шеврон» тəрізді көптеғен ірі шетелдік
компаниялар маман даярлау проблемасының белгілі бір бөлігін өз мойнына
алып  отыр.  Бұл  үшін  біз  оларға  ризашылық  білдіреміз.  Шетелдік
əріптестерді осы процеске неғұрлым белсенді түрде катысуға шақырамын.
Бізге  де  шет  елден  оқу  үшін  адамдар  келетіні  куанышты  жəйт.
Жоғары  оку  орындарының  кадрлык  əлуетін  тиімді  пайдалану  жəне
косымша  каржы  тарту  үшін  шет  елдердің  студенттерін  акылы  негізде
даярлауды ұлғайтқан дұрыс.
Қазақстанның оку жүйесі білім беру кызметінің əлемдік рыногы мен
еңбек рыногына шығып келеді. XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім
беру  капиталға  айналуда.  Оның  өзі  маңыздылығы  жөнінен  стратегиялық
ресурстармен  бəсекелесе  алады  жəне  солай  болуға  да  тиіс.  Елдің  даму
деңгейі осы аркылы бағаланатын болады. Жоғары оку орындары арасында
ғылым,  экономика,  бизнес  жəне  жоғары  оку  орындарының  өздері  кажет
ететін  мамандарды  даярлау  жөнінде  бəсекелестік  əсері  сөзсіз.  Соңдыктан
біздің  университеттер  бүгін  таңда  Батыста,  Казақстаннын  менеджмент
жане əкономикалық болжам институтында окығандардың неліктен бірінші
81

кезекте  кажет  етіліп  отырғанын  ойластырғаны  жөн.  Біз  үздік  жоғары  оку
орындарын көтермелеуге, ал өз міндетін орындамай отырғандарды жабуға
немесе  кайта  ұйымдастыруға  тиіспіз.  Бір  сөзбен  айтканда,  біз  қандай
университеттер  мен  институттарды  сақтап  қалуды,  мемлекет  қаржысына
қандай мамандарды жəне қанша мөлшерде шығаруды нақты анықтауымыз
қажет, жаратылыстану ғылымы пəндері бойынша жəне ең алдымен мектеп
деңгейіндегі  математика,  физика  бойынша  даярлықтьың  деңгейін
халықтың  білімділігінің  аса  маңызды  көрсеткіші  болып  табылады.  Ата-
аналар  өз  балаларын  өмірге  дайындауға  ерекше  көңіл  аударуға  тиіс.  Олар
казіргі  балалар  елдің  болашағын  анықтайтын,  XXI  ғасырдың  ересек
адамдары екенін түсінуі қажет. Əлемдік экономиканың заңдарын ешкім де
өзгерте алмайды, Сондықтан белгілі бір білімі мен кəсіби білігі жоқ адамдар
тиісінше  жұмыс  таба  алмайды.  Бұл  -  Бұлжымас  факт.  Жоғары  білім  -  мол
табыс табудың, лайықты тұрмысқа жетудің ең дұрыс жолы, сондықтан ата-
аналар  балаларын  тəрбиелеу,  оларға  білім  беру  ісіне  мейлінше
жауапкершілікпен қарайтын болса, елімізде кедей адамдар да болмайды.
Егер  сіз  балаларыңыздың  тəрбиесіне  адал  карамасаңыз,  мен  сізді
барлық басқа істе де солай етпейді деп ойлаймын, - деген болатын Джекки
Кеннеди. Жоғары оқу орындарындағы даярлықтың деңгейі мектептегі істің
жағдайына
байланысты.
Сондықтан
мемлекет
мектептерді
компъютерлендіруге кірісті. Оқушылар ғана емес, барлық ересек адамдарға
да компьютермен еркін жұмыс істейтін кез жетті. Адам ғұмыр бойы окуға
тиіс.  Жаппай  компьютерлендіру  латын  əліппесіне  көшу  міндетін  алға
койып отыр.
Қазақстанда
білім
жүйесін
дамыту
ұзақ
мерзімді,
басым
стратегиялық бағыттың бірі болып табылады. Биыл осы салаға жалпы ішкі
өнімнің 3,85 проценті, басқаша айтқанда, 72 миллиард теңгеге жуық каржы
жұмсалады.  Бұл  өткен  жылғыдан  12  миллиард  теңгеге  көп.  Біз  міндетті
түрде  бұған  қосымша  да  қаржы  іздеп  табатын  боламыз.  Айта  кететін  бір
жəйт  -  тек  сіздердін  университетіңіздің  өзіне  бір  миллиард  100  миллион
теңгеден астам каржы бөлінетін болады. Бұл өткен жылғыдан 110 миллион
теңгеге көп, 2030 жылға қарай мемлекеттін білім кажетіне бөлетін қаржысы
кемінде жалпы ішкі өнімнің жеті процентіне жетуге тиіс.
Білім  саласын  реформалау,  əрине,  оңай  жүзеге  аса  коймайды  жəне
жұртшылық  та,  педагогика  қызметкерлері  де  оны  бірдей  кабылдай
бермейді.  Алайда,  бірде-бір  реформа  киындықсыз  жəне  кемшіліксіз
жүрмейді.
Кез-келген  реформа  тек  күшті  өкімет  пен  көсемдердің  саяси  еркі
82

арқылы  жəне  халыктың  барлық  топтары  қайта  құрудың  мəнін  түсінумен
қабылдаған кезде ғана мақсатқа жете алады.
Сөзімнің  қорытындысында,  осы  университеттің  профессоры
ретіндегі  өз  құқығымды  пайдалана  отырып,  сіздердің  университетініздегі
дəстүрлердің  рухы  биік  екендігін  жəне  оны  барынша  колдап,  дамыта
түсулеріңіз кажет екендігін еске салғым келеді.
Сіздердін  əріптестеріңіздің  бірі,  Мəскеу  университетінің  бұрынғы
студенті  Александр  Герцен  өзі  оқыған  жылдарды  еске  алғанда  сондағы
дəстүрлердің  бірі  туралы  былай  деген  екен:  «Иə,  біз  талай  көңіл  көтеріп,
сайран салғанбыз. Бірақ ең бастысы бұл емес болатын. Ең бастысы - біздің
өмірге  келгендегі  максатымыз  Отанға  қызмет  ету  екендігіне  деген  сенім
еді».
Сіздердің
əрқайсысыңыз
алдарыңызға
осындай
мақсат
койғандарыңызды мен де қалаған болар едім. Қазіргі кезде алғаусыз алып-
ұшпа  көніл-күй  емес,  елімізге  дəл  қазір  ненің  кажет  екендігін  түсіну,
байсалды прагматизм қажет.
Мемлекетімізде  қазір  нарықтық  өзгерістерге  деген  сенімі  ояна
қоймаған,  болашакқа  күмəндана  карайтын  адамдар  жеткілікті.  Көп
жағынан  бұл  өлі  күнге  дейін  еліміз  жетпей  отырған  қылмыстың  өршуіне,
жемқорлықтың  тамырлана  түсуіне  байланысты.  Сондыктан  біз  бекем  де
берік  зандылыққа  құрылған  нарыктық  қарым-катынастар  орнату  үшін  бар
күшті  жұмсауымыз  қажет.  Тек  адал  еңбек  пен  істін  көзін  таба  білу  ғана
бағаланатын,  заңғы  айналып  өтумен  ұшнақка  жетуге  жол  берілмейтін
нарықтық  қатынастар  орнатуымыз  кажет.  Қоғамның  осы  принциптерді
түсінуіне нақ осы сіздер көмектеседі деп сенемін. 
Сондай-ак,  нарықтық  экономика  қатан  тəртіші  кажет  етеді.  Мұны
бүкіл дүние жүзі түсінді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл Еуропа
қирап-бөлініп  жатқанын  еске  алайық.  Бірақ,  осыншама  қиындықтарға
қарамастан,  мұнда  экономиканы  басқару  ең  қатаң,  кейде  қатан  шаралар
қабылдаудан  басталды.  Дүниенің  осы  бөлігіндегі  елдерді  гүлденуге
жеткізген  де  осы.  Біз  оларға  карағанда  əлдекайда  колайлы  жағдайда  өмір
сүріп  отырмыз.  Төртіп  түсінігін  кейбіреулер  нарыктық  катынастармен
үйлеспейді  деп  есептейді.  Бұл  орайда  мен  сіздер  ұйымдаскан,  жинакы  да
іскер түрде қызметке белсенділікпен араласады деп үміттенемін.
Қазақстанның келесі ғасырда дамуы стратегиясын жасаған кезде мен
нақ осындай адамдарға бағдар ұстағанмын.
Университеттің  тағы  бір  тамаша  дəстүрі  -  ұдайы  өз  білімін  көтеру,
жан-жақты  білім  алу.  Осы  салтты  қайта  жаяғыртып,  жаратылыстану
факультеттерінің  студенттері  тарих,  əдебиет,  философия  салаларында,  ал
83

ғуманитарлық
факультеттерде
оқитын
студенттер
жаратылыстану
ғылымдары  бойынша  білім  алуына  қол  жеткізудің  манызы  зор.  Əрбір
студент ғылыми- техникалық жетістіктерден хабардар болып отыруға тиіс.
Тек  осы  арқылы  ғана  қоғамның  шынайы  қаймағы  болуға  жол
ашылады.  Қазақ  мемлекеттік  университеті  таңдаулы  оку  орындары
қатарына  жатады.  Мұнда  қабылдану  оңай  емес.  Бірақ  бұл  орайда  сіздер
ашық  демократиялық  жоғары  оку  орны  болып  қала  беруіңіз  керек.  Бұқара
мен халықтың бетке ұстарлары деген түсініктер бір-біріне қайшы келмеуге
тиіс.  Университет  -  өзін  қоғамнан  жоғары  қоятын  адамдар  тəрбиелеп
шығаратын  орын  емес.  Сіздердің  жоғары  білім  алуыңыз  үшін  осы  қоғам
енбек сіңірді.
Қазақстанның  жана  зиялы  кауымы  шын  мəнісінде  демократиялық
болуға тиіс. Ол физиканың немесе əдебиеттін тар аясында ғана өмір сүретін
окшау  орта  болмайды.  Зиялы  адамдар  Батыс  пен  Шығыстың  мəдениетін
тел  емген  білімдар  жандар  бола  отырып,  өз  халқының  дəстүрін,  онын  тілі
ме  мəдениетін  мансұк  етпейтін  шынайы  казақстандық  болып  қала  беруге
тиіс.
Университет  дəстүрлерінін  рухы  бүкіл  əлемге  ашық  болудан  да
көрінеді.  Қажет  десеніз,  бұл  -  Еуразия  рухы.  Əлемнің  ең  ірі
университеттерінде де ұлттық мақтампаздықтың, адамгершілік тұрғысынан
шектеуліліктің нышаны да болып көрген емес.
Университет  студенттері  мен  оқытушыларына  білім  беру  мен
тəрбиелеу тəрізді ізгі істе зор табысқа жетіп, бақытты болуына тілектеспін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет