Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Оглавление
БІРТУАР, БІРЕГЕЙ ТҮЛҒА
БІРІНШІ БӨЛІМ ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Бірінші тарау
Екінші тарау
Үшінші тарау
Төртінші тарау
Бесінші тарау
Алтыншы тарау
Жетінші тарау
Сегізінші тарау
ЕКІНШІ БӨЛІМ ЕЛДІҢ ҚУАТЫ-РУХЫНДА
Тоғызыншы тарау
Оныншы тарау
Он бірінші тарау
Он екінші тарау
Он үшінші тарау
Он төртінші тарау
2

Нұрсұлтан Назарбаев
Қалың елім, қазағым
Мен өз халқымды сүйемін.
...  Қанша  қиындық  көрсе  де,  абзалдығы  мен  сабырлылығын,  басқа
халықтарға  деген  сыйлаушылығын  сақтай  білген  халықты,  қазіргідей
қиыр-шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған
асыл  жұртымды,  XXI  ғасыр  табалдырығынан  аттап,  өз  талайын  тағы  бір
сынап  көргелі  отырған  тəуекелшіл  ұлтымды  қалай  мақтаныш  етпеспін!
Қалайша бас имеспін!
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 
БІРТУАР, БІРЕГЕЙ ТҮЛҒА
Алғысөз орнына айтылған арнау
Қурметті оқырман, қадірлі қауым!
Біз бұл жинақты осынау елдігіміздің есесі таразыға тартылып, еншісі
талқыға  төсер  тағы  бір  сын  сағатта  -  Президенттік  сайлау  қарсаңында
арнайы  құрастырып,  өздеріңіздің  зейін-зерделеріңзге  ізгі  ілтипатпен
ұсынып  отырмыз.  Ондағы  ой  -  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш
Президенті, халқымыздың бірегей де біртуар перзенті Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың- «Қалың елім, қара орманым, қазағым, өзіңменен қуанышым,
азабым»,  -  дегенде  қарс  айырылар  көкірек  көзіне,  сертпен  тең  сөзіне,
атқарып  келе  жатқан  алуан  қырлы,  сан  сырлы  ауқымды  ісіне,  жұмсап
жүрген қыруар қажыр-қайратына - жалпы жүргізіп отырған сара саясатына
Сіздердің наркескен назарларыңызды жəне бір мəрте аудару.
Ол  Елбасы  ретінде  көптеген  ұлттар  мен  ұлыстардан  құралған
казақстандықтардың татулығы мен келісімін кемеліне келтіріп, ырыс алды -
ынтымаққа жету, сөйтіп, егемен елінің ертеңін еңселі ету жолындағы ерен
еңбегімен  тек  отандастарын,  тіпті  ТМД  мемлекеттерін  ғана  емес,
халықаралық  қауымдастықты,  букіл  əлемді  тəнті  етіп  отыр.  Бүгінде  Н.
Назарбаевтың абзал да абыройлы аты арқылы жұмыр жердің жұртшылығы
Қазақстанды  танып,  білді.  Ендеше,  қолда  бар  алтынның  қадірін  білейік,
ағайын.
Куні  кеше  ғана  туғанына  125  жыл  толуы  салтанатты  жағдайда
аталып өткен жазушы, ғалым, ағартушы, аса көрнекті мемлекет қайраткері
Ахмет  Байтурсыновтың  артына  қалдырған  ақтық  аманаты  мынадай  еді:
«Алашқа  аты  шыққан  азаматтар,  əуелі  сіздер  адаспаңыздар.  Адаспас  ушін
ақылдасып,  ойласып,  ынтымақтасып  іс  істеңдер.  Сендер  адассаңдар,
арттарыңнан  Алаш  адасады.Арттарыңнан  ергендердің  обал-  сауабына
3

сендер қаласыңдар».
Ұлтымыздың улы ұстазы айтқан осы өсиет əрқайсымыздың ойымыз
бен  ісіміздің,  ниетіміз  бен  арымыздың  адастырмас  Темір-  қазығына
айналғандай/  Əрі  осы  ілімді  Президент  сайлауы  қарсаңында  Сіздердің
байыпты басшылыққа алатындарыңызға кəміл сенімдіміз. Ендеше, бірлікке
беттеген  халықтың,  егемендігін  еншілеген  елдің,  тəуелсіздігін  ту  еткен
Қазақстанның  болашағын  кімге  сеніп  тапсыру  -  Сіздердің  қолдарыңызда
екенін ешқашан естен шығармағайсыздар.
Құрастырушылар:
ҚАДЫР
ƏЛІМҚҰЛОВ
СҰЛТАНƏЛІ БАЛҒАБАЕВ
МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВ
ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВ
БІРІНШІ БӨЛІМ ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Бірінші тарау
«ЕЛ КӨШІН БАСТАУ - МАҒАН СЫН,
МЕНІ ҚОСТАУ - ЕЛГЕ СЫН»
Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Дуниежузі  қазақтары
қауымдастығы төралқасының Төрағасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен
сұхбат
- Ассалаумағалейкум,  Нураға!  Бугінгі  куні  халқымыздың  ардақты
перзенті,  тұңғыш  Президенті  Өзіңізбен  тілдесудің  сəті  түскені  біз  үшін
үлкен мерей. Қазақ- қазақ болғалы əлемдік кеңестікке дəл осындай қанатты
серпінмен  көтеріле  алмаған  шығар.  Бұл  -  əрине,  Сіздің  есіміңізбен  тығыз
байланысты  тарихи  ірі  жетістік.  Дегенмен,  өткеннен  бугінге  жалғасқан
жолдардың  шоқырақ  сурлеуі,  тасты  құз-қиясы  да,  «бас-басына  би  болған
өңкей  қиқымдық»  əуре-сарсаңы  да  аз  жолықпайтыны  тусінікті...  Жалпы,
аршынды даму биігінен айтар сөзіңізді естісек деп ек...
- Біріншіден,  жылы  лебізіңізге  рахмет.  Өлгі  қазақ-  қазақ  болғалы
дөл  қазіргідей  канатын  кеңге  жаймаған  шығар  деген  сөзге  косылуға
болады.  Себебі  Казакстан  үшін  мемлекеттік  орнықтылық,  тəуелсіздік
4

мəселесі - айрыкша маңызға ие мəселе. Тəуелсіздігімізді жариялаған күннен
бері  өткен  уакыт  еліміз  үшін  егемен  мемлекет  ретінде  орныту,  əлемдегі  өз
орнымызды  иелену,  бүкіл  халықаралық  қоғамдастық  таныған  ел  болу
максатын  жүзеге  асыруға  арналды.  Бейнелеп  айтсақ  «атымыз  барда  желіп
жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті. Мұның өзі
сырткы  саясатымыздың  айкымдығын  анғартса  керек.  Біздің  сыртқы
саясатымыз
нарықтық
реформалардың
негізінде
елдің
ырғақты
əкономикалық  дамуын  камтамасыз  етуге  бағытталған.  Сондықтан,
интеграция  мəселесіне  келетін  болсақ  дүние  жүзінде  мемлекетаралык
карым-катынастың  əртүрлі  бағыттарын  көріп  отырмыз.  Мысалы,  Батыс
Еуропалық
интеграция,
немесе
Солтүстік
Америка
елдерінің
интеграциясы, Араб мемлекеттерінің, немесе Қиыр Шығыс, Тынық мұхит
елдерінің  интеграциясы.  Мемлекетаралық  осы  ынтымактастықтын  мəнісі
неде?  Оның  мəнісі  -  қандай  да  бір  мемлекеттің  халықаралық  ауқымда
танылмайынша,  алемдік  қоғамдастық  тарапынан  қауіпсіздік,  аумақтық
тұтастық  пен  шекаралардың  мызғымайтынына  кепілдік  алмайынша,  өз
мемлекеттілігін  калыптастыру  туралы  əңгіме  қозғауы  құрғақ  сөз  болып
қалатындығында.  Қазіргі  заманда  кіші  мемлекеттер  интеграциясыз  өмір
сүре алмайды. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, алыс-беріс, өсіресе, сауда
айналымы  үшін  керек.  Мысалы,  Америкада  ең  сапалы  ұшақ  -  «Боинг»
шығарылады.  Ал  Қазақстан  бірден  осы  ұшакты  жасап  шығарамын  деп
талпынуына бола ма? Əрине, талпынған жаксы. Бірақ мүмкіндік жоқ. Ұшак
жасайтын  ұлттық  мамандар  жағына  да  тапшымыз.  Сол  себепті,  бізде  бар
затты оларға сатып, оларда бар дүниені өз елімізде пайдаға жаратуға кадам
жасау қажеттілігі туындайды. Бүгінге дейін республикамыз бен АҚШ-тың
арасында  сауда  келісіміне  қол  койылды.  Бұрын  Қазақстанның  шетелге
шығатын  жолы  тек  Ресей  аркылы  өтетін,  қазір  Иранға  дейін  жол  салдық.
Енді  Қазакстанның  ғана  тауары  емес,  Сібірдің  де,  Орта  Азияның  да
тауарлары  Үнді  мұхитына  сол  жол  арқылы  шығарылады.  Қытай  аркылы
Тынық  мұхитқа  шығу  мүмкіндігіне  ие  болдық.  Міне,  бұл  дегеніміз
интеграцияның өрісті қадамы. Интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем
деген ел интеграцияның тізгінінен мыктап ұстанғаны жөн. Ал бұрынғыдай
«мен  үлкен  аға,  сен  кіші  інісің»  дегенге  ендігі  жерде  біздің  қазақ  халқы
көнбейді.  Бүгінгі  таңда  бүкіл  дүние  жүзі  қазак  деген  ұлт  бар  екенін,
қазақтың  жері,  Отаны  -  Қазақстан  екенін  біледі.  Десе  де,  Қазақстан  -  көп
ұлтты  мемлекет.  Ұлтаралық  катынас  мəдениетін  азаматтық  келісіммен
ұштастыру негізінде алға басып, келелі даму биігінен көріне беруіміз керек.
- Ордабасыдағы  Ұлытаудағы,  тарихи  бас  қосулар  əуелі  қазақты
5

қазақтың  өзіне  таныту,  арғы-бергі  тарихын  екшеп-саралау  болғаны,  ал
Абай  мен  Жамбылдай  алыптарымыздың  мерейтойларын  атап  өтудің  де
рухани  жемісі  мол,  əсері  ерекше  екені  де  еске  түседі.  Осынау  көңіл
толқытарлық  сəттердің  бəрінен  де  Президент  алақанының  жылылығы
сезіледі.  Елім,  халқым  деген  журегіңіздің  үні  жер  шарына  іркілмей  жетіп
тұрғанын  ойлағанда,  қазақ  болып  туылғанымызға  мақтаныш  етсек  те
жарасар,  Сөйте  тура  азаттық  ауасымен  тыныс  алған  бес  жылдың
ішінде  сол  «қарға  тамырлы»  жұртыңыздың  «төбедегі  төртеуі»
түгенделді деп айта аласыз ба?
- Адамзаттық өркениет жолына көшіп жаңадан бұрған біздің жас
мемлекетіміз үшін өлі кол жеткеннен гөрі қол жетпеген нөрсесі жеткілікті.
Не  нəрсенін  болсын  əділ  өлшемі  -  шындық.  Ал  біздің  «төбедегі  төртеу
түгенделді»  деп  айтуға  əлі  ертерек.  Қайта  өтпелі  кезеңнің  қабырға
кайыстырарлық  қиындықтарын  жариялылық  тұрғысында  ашық  айтып
көрсету орынды. Қазақ ауылдары душар болған «жокшылық» сыры да бізге
мəлім.  «Совет  өкіметі  өлтірмейді»  ұғымы  сіңісті  болып  кеткен  сананы  ол
ұғымнан арылту оңай емес. Мұндайда бір кезек:
«Ұшына орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көкалалы көлде жусар», -
деп, баяғы ата-баба дəулетін көз алдымызға елестеткен жөн шығар.
Иə, тарих кітабына үңілген ой көзі қырағы адам қазақ даласына қай
кезде  де  дұшпан  көздің  сұғы  көп  қадалғанын  аңғарар  еді.  Онша  арыға
бармай-ақ, XVIII ғасырдың басынан бері қарай казак жерінде дүркін-дүркін
бұрк еткен шиеленісті жағдайларды еске алсақ та жетеді. Қазақтарға батыс
жақтан  Орал  казактары  колтығына  су  бүріккен  Еділ  қалмақтары  шабуыл
бастаса, жағалай тал Ақжайықтың алқабына башкұрттар ауыз салды... Осы
«алтыбакан»  ала  ауыз  калмактар  дат  башкұрттар  да  орыс  патшалығының
итаршы-откөсеушілеріне айналды. Мұның өзі, түптеп келгенде, орыс-қазақ
катынастарының шиеленісе түсуіне себепкер болды.
Алайда  басты  қауіп  -  шығыстан,  ойраттардың  бір  орталыктан
баскарылатын қуатты мемлекеті - Жонғар хандығы тарапынан төніп еді.
Орталык  Азия  тарихындағы  осы  бір  сүзектей  созылмалы  қиын-
қыстау  кезеңде  казақ  халкы  касқырдай  канды  ауыз  басқыншыларға  қарсы
екі  жүз  жылдық  күрестін  бар  ауыртпалығы  мен  қаһарлы  қан  кешулерін
жеке өз мойнымен көтерді. Сол бір «Мына заман қай заман - қысқан заман,
қантардағы  қақаған  қыстан  жаман»  дейтін  жорықты  күндері  елім  деп
еңіреген  ерлер  мен  ержүрек  қолбасыларды  өмір  сахнасына  шығарды.
6

Қанжығалы  Бөгенбай,  Қаракерей  Қабанбай,  Шапырашты  Наурызбай,
Тайлак, Саңырак, Малайсары, Есет, Жəнібек сияқты батырлар сондай ерен
тұлғалар  болды.  Олардың  қазақ  жерін  басқыншы  жаудан  корғап  калудағы
ерлігін  халық  жырға  косып,  атын  аңызға  айналдырды.  Өткен
тарихымыздың  ұмытылмас  шежіреге  толы  беттерін  қайталап  оқып,  еске
түсіріп  отырсақ  көптік  етпейді.  Еркіндік  алған  елдің  бүгінгі  ұрпактары
өздерінің батыр бабаларына тағзым етіп, əзіз аттарын кадір тұтулары парыз.
Бұл  арада  қазақ  халқының  өзгенің  жеріне  көз  алартушы  емес,  өз
жерін корғаушы болғанын мойындасақ, XIX ғасырдың соңына карай Ресей
империясынын  отарлық  езгінің  қамытын  мойнымызға  зорлыкпен  күштеп
кигізе бастауы тағы бір қаралы күн жеткенін əйгілеп тұрды.
Шынында  да  патшалык  Ресейдің  қара  шекпендерді  көшіріп  келтіру
саясаты  қазақ  қоғамының  шаруашылық  өміріне  аяусыз  болып  тиді.  Бұл
тұста,  ең  шұрайлы,  шүйгін  жайылымдар,  егін  алқаптары  бастау-
бұлактарымен  коса  тартып  алынды.  Қазақ  елінің  мұң-мұқтажын  аяқ  асты
етудің салдарынан жұрт атамекенінен айырылып, ежелгі көш жолдарынан
көз  жазып  қалды.  Қазақ  ауылдары  өсіп-өнген  өңірінен  аластатылып,  үй-
мүлкі  киратылды.  Байырғы  жұртты  зорлап,  жаппай  көшіріп  жіберіп,
олардың жерін жаңа келгендерге еншілей салу əдеттегі іске айналды. Бірақ
халыктын ішкі буырқаныс ызасын, кек жалынын ешкім де тоқтата алмады.
1916  жылы  ақ  патшаның  июнь  жарлығының  қорлау  сөздеріне  шыдамаған
қазақ  халқы  ұлы  даласының  тұс-тұсынан  ереуілдің  отын  тұтатты.  Талай-
талай  есіл  боздақтар  оқка  ұшып,  кандалып  жатса  да,  азаттык  идеясынан,
ертеңгі  күннен  үміттерін  үзбеді.  Алайда,  патшалық  Ресейдің  тұзағынан
Кенестік  Ресейдің  тұзағы  кем  тимеді.  Кен  даласын  еркін  жайлап,  көшіп-
конып
жүрген
қазақтарды
бір
қазаннын
басына
үймелетіп,
коллективтендіріп, колхоздастырудың соңы 1932 жылы жаппай кырылуға -
ашаршылыққа  қрындырды.  Ал  1937  жылы  репрессия  ой-көзі  жарық  акыл-
есі  бүтін,  көш  бастайтын  көсем  қазақтардың  тугелге  жуығын  жалмап
кетті...  Жасыратын  не  бар,  осындай  зобаландардан  сон  бір  ұлттын  рухы,
тұтас  жаны  жасығандай  бағыныштылық  психологиясы  белең  алып,  тозуы
басталды... Атамекен, кіндік кесіп, кір жуған жеріне кимай карайлап көзіне
жас,  көкірегіне  шер  толып  шетке  кеткен  қазақтар  көп  болды...
Демографтардын  есептеуінше,  алыс  жəне  жақын  шет  елдерде  4,5
миллионнан  астам  кандастарымыздың  жүруі  кейде  біртүрлі  мұнға
батырады...  Неге  десеңіз,  ұлттық  сезім  -  ең  шетін,  нəзік  сезім.  Оған  күш
қолдану - көзсіз соқырлық.
«Шөп  шыққан  жеріне  шығады»  дейді  аталарымыз.  Біздің  қазақ
7

қаншалықты «мың өліп, мың тірілсе де», өзін-өзі сақтап қала алған халық,
өте  талантты  халық.  Мен  айтар  едім:  Өліге  де,  тіріге  де  бар  жанымен
беріліп,  қызмет  көрсететін  мұндай  халық,  ер  мінезді,  көңілді  де,  қолы  да
ашық халық дүние жүзінен табыла қояр ма екен?!
Мен  тұган  халқымды  сүйемін.  Сондыктан  ел  көшін  бастау  -  маған
сын,  мені  қостау  -  елге  сын.  Береке-бірлік,  тұтастық  -  жұбымызды
жазбаудың  кепілі.  Ал  казақстандық  елжандылық  пен  бауырластық,  ұлттар
достығы бəрінен жоғары тұруға тиіс.
Тек  тыныштық  болса  ғана  «төбедегі  төртеу»  түгенделеді  деп
ойлаймын.
- Сіздің осынау тебіреністі ойларыңыздан ел тарихының қилы-қилы
кезеңдері, жылаулы жылдары еске тусетіні анық. Шіркін, бір кездерде көш
- қазақ үшін көңіл-куй, өмір салты еді- ау.
Тұрмысы  мал  шаруашылығымен  байланысты  халық  жылдың  төрт
мезгілін  төрт  туліктің  дамы,  тіршіліктің  заңы  бойынша  қозғалыспен
өткізетін.  Көктемдегі  қозы  көштен  көк  жайлауға  өрлейтін  кеуде  көш,
куздеу көш, қыстау көші болып қайталанып жататын. Бірақ жаңа Өзіңіз
айтқан  отарлық  езгінің  тепкісіне  шыдамаған  халық  сəнді  көштерінен  көз
жазып,  атамекенін  жат  қолына  тастап,  қабағына  қан  қатып,  ауа  көшу
қасіретіне  тап  болды...  Сөйтіп.  бір  бүтін  қазақ  жер  бетіндегі  ең
бытырыңқы  халыққа  айналды.  Тіпті  Кеңес  өкіметі  тусында  шеттегі
қазақтардың бəрі «шпион», «сатқын» саналды... Сол сенімсіздік ызғарының
куні бугін де кей реттері көрініс беріп қалатыны өкінішті. Əйтсе де тəубə
дейтін  кунге  жеттік  қой.  Сіздің  тікелей  қамқор  пейіл  білдіруіңіздің
арқасында  өткен  Дуниежузі  қазақтарының  алғашқы  Құрылтайынан  бергі
уацыт  -  ұлттың  санамызда  жаңаша  бір  сілкіністің  барын  сездіреді.  Сол
Құрылтайда Дуниежузі қазақтарының қауымдастығы қурылып, қурметті
Төрағасы Өзіңіз болып сайландыңыз. Қазір Дуниежузі қазақтарының кузде
ашылатын  екінші  Құрылтайына  дайындық  жұмыстары  жургізіліп
жатыр. Соған байланысты пікіріңіз?
-  Сөл  қатқылдау  болса  да  айтайын,  «Отансызда  опа  жоқ».
Бұрынғылар  мұны  біліп  айтқан.  Кезінде  Египеттің  сұлтаны  болған
Бейбарыс  бабамыз  Сарыарқаның  жусан  иісін  неге  сағынады?  Мейлі  сен
патша, не қойшы бол, бəрібір... Атамекеннен табаның тайса - жетімексің...
Рас,  екі  қолға  бір  жұмыс  кайдан  болсын  табылады.  Тамағынды
тауып жерлік көсіп, одан да тəуір кызмет те жолығар. Бірақ қара орманың -
өскен еліңнің ортасында жүріп ішкен бір жұтым қара суға кайдан татысын
ол.  Құрылтай  мінбесінен  Атажұртқа  ораламын  деген  қандастарымызға
8

құшағымыз ашық деп айтқанмын. Бұл - əрине, жай айтыла салған сөз емес,
түбін ойлап, қамымызды қарайластырып айтылған сөз.
Мен  шетелге  барған  əр  деңгейдегі  сапарымда  қазақ  диаспорасы
өкілдерімен  кездесіп  жүрмін.  Мысалы,  Түркия  қазақтары  ақсарбас  айтып
карсы  алса,  Моңғолия  қазақтары  да  сондай  ізгі  тілек  білдірді.  Шынжаң
қазақтарының  да  кұрмет  сезіміне  бөлендім.  Иран  казақтарымен  де
əңгімелестім.
Қазақтар  тұратын  елдің  басшыларымен  өр  кездескен  сайын  бұл
тақырыпта əңгіме қозғалып жүр. Бірақ дүниежүзілік саясаттың бүге-шігесін
дұрыс  танып,  халықаралық  келісім-шарттар  мен  заңдарды  кұрмет
тұтканымыз  абзал.  Мен  қазақ  көшінің  42  жыл  бұрын,  1955  жылы  Қытай
Халык  Республикасынан  басталғанын,  одан  кейін  жуық  жылдарда
Моңғолиядан  еңбек  шартымен  жалғасқанын  білемін.  Қытайдан  алдыңғы
көшпен (1955, 1962 жылдары) туған Отанына оралған қазақ ағайындардың
жан  басы  өсіп-өніп,  бұл  күнде  миллионға  жуықтаса,  мұның  өзі  бір  кезде
əртүрлі  себептермен  сиреп  кеткен  қатарымыздың  қайта  толыға  бастауы
емес  пе?!  Ал  Моңғолиядан,  Ираннан  елім  деп,  жерім  деп  жеткен
бауырларымызға да колдан келгенше көмектесіп жатырмыз.
Иə, қиыншылық жоқ емес, жеткілікті. Бірақ заңды атқарушылардың
жауапсыздығынан
«колдан
жасалынған»
кедергілердің
барлығы
байқалады.  Алдымен  заңды  белден  басатындардың  өздерін  «белден»
басып, тəртіпке шақыру керек шығар.
Жыл  сайын  Президент  тарапынан  бөлінетін  квота  сырттан  көшіп
келетін  қазақ  ағайындарға  арналғанын  түсіну  керек.  Кейбір  шенеуніктер
оны басқаша түсінетін көрінеді. Республика Үкіметінің 1992 жылғы №-791
қаулысындағы  жəне  Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  туралы
заңындағы  қазақ  диаспорасының  өкілдеріне  жасалатын  жеңілдіктерді
сезінбей Жүрген құқық қорғаушыларға не деуге болады?
Дүниежүзі  казақтарының  екінші  Құрылтайы,  менің  ойымша
жетістіктермізді  де,  кемшіліктерімізді  де  таразылап,  əділ  бағасын  беретін,
дұрыс  шешім  кабылдап,  болашақты  айқын  елестете  аларлық  іскерлік
Құрылтайы  болғаны  жақсы.  Бұл  үлкен  мəжілістің  ойдағыдай  өтуіне
мемлекет тарапынан көмет көрсетіледі деп сеніммен айта аламын.
- Нұраға! Аспан түстес туымыздың астында жиналатытын мезгіл
жеткенін бұл күнде іштегі жəне сырттағы қазақтар да тугел сезіне бастады.
Шамасы, бұдан 20-30 жыл бұрын жарық көрген талантты жазушы Қабдеш
Жумаділовтың  «Соңғы  көш»  романының  отаншыл  кейіпкерлерінің  ат
басын  Қазақстанға  тіреуінде  улкен  мəн  бар.  Қазір  Отанын  ақсат
9

редакциямызға  хат  жолдаушылар  көбейді.  Мысалы,  Ресейдің  Қалмақстан
өңірінде  туратын  Өтепқалиев  Орынғали  «...Қалмақстан  жері  мен
Ставрополь  өлкесінде  11  мың  қазан  турады.  Олардың  жағдайы  дəл  қазіргі
қалпында  қала  берсе  енді  10-15  жылда  өзге  ұлтқа  айналып  тынады.
Сондықтай атажұртымыз Қазақстан бізге көмек жасайтын болса, нақ қазір
жасасын» -  деп  өтінсе,  Толъятти  қаласынан  екі  кішкентай  баласы  бар,
мугедек  қазақ  əйелі:  «...  Біздей  ғаріптерді  əрі  қазақ  болып  қалғысы
келетіндерді елге көшіріп əкететін біреу табылар ма екен?» деп зарыға хат
жолдайды. Мұндай жан ауыртарлық фактілер көп-ақ, қайсы бірін айтарсың.
Мəселе  -  қиырда  жүрген  қандастарымыздың  егемен  елімізді  арқа  суйеу
көруінде  болып  отыр.  Сондықтан  көші-қон  мəселес  өміріміздің  кезек
күттірмес  ең  өзекті  мəселесіне  айналганын.  Сізге  айтып  жеткізуді  өзімізге
парыз санаймыз.
- Түсінемін.  Өзінің  байырғы  қара  шаңырағына,  ата  қоныс
Отанына көшіп келген жəне көшіп келетін қазақ ұлтының өкілдерін немесе
репатрианттарды  аялап  қарсы  алып,  көмек  қолын  созуымызды  ешқандай
дабырасыз  табиғи  құбылыс  деп  білемін.  Өйткəні  олар  бір  кезде  тағдыр
тəлкегіне ұшыраған мекенінен еріксіз ауа көшуге мəжбүр болса, енді ерікті
түрде еліне оралуға тиісті емес пе? Елге ел келіп косылса құт, əрине.
Бірақ  нактылы  жағдайда,  əсіресе,  экономикалық,  қаржылык
мүмкіндігімізді  есепке  алмасақ  болмайды.  Себебі  ауыл  арасы  емес,  бір
елден  екінші  елге  қоныс  аудару  алдын-ала  келісілген  жүйелі,  мемлекеттік
шараларды кажет етеді. Көші-қонға байлаяысты халықаралық кұжаттардың
да керекті түстарын қажетімізге жаратқанның зияны жоқ, бұган дейін бізде
өтпелі кезеңге сөйкес бір Көші-қон туралы Заң кабылданғаны белгілі.
Сірə, ол шала туған баладай жетілмеген болуы керек, тез ұмытылып,
жүзеге  аспай  да  калды-ау.  Осы  тұста  ескертетін  нəрсе,  шикілі-пісілі
дүмбілез зан жасағаннан гөрі, жасамағаннын өзі артық. Заңның нақты өмір
туындысы  екенін  сезетін  кезіміз  жетсе  де,  біздің  заңшылардың  текетірес
сөзі  көп.  Талассыз  нəрсеге  де  қызыл  кеңірдек  болып  жатады.  Естуімше,
Үкімет  Көші-қон  туралы  жада  заң  жобасын  Парламентке  ұсыныпты.
Айналып  келгенде,  Көші-кон  ісі  де  халықаралық  құқықтарға  сəйкес,
өркениетті заңға негізделуте тиіс. Ықпалды, пəрменді заңның жоқтығынан,
ағайынның  шағым-арызынан  аяк  алын  жүре  алмайсың.  Сондыктан  Көші-
қон  туралы  жаңа  заң  жұрт  көнілінен  шығатындай  болып  жасалсын  деп
тілейік. Бірақ Президентіміз кұр тілекші екен деп қалмасын ағайын. Біздің
құкыктық  мемлекет  құрып  жатңанымыз  айкын.  Шетелден  көшіп  келіп,
елде  тұракты  тұратын  азаматтар  Қазақстан  Республикасының  Жер  Зақына
10

сəйкес  бау-бақша  шаруашылығын  жүргізуге  жəне  жеке  тұрғын  үй
құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға жағдайы бар.
Одан  баска  шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін  жер  пайдалану
кұкығымен жер учаскесін алу мүмкіндігі берілген. '
Қала  мен  елді  мекендердің  тұрғындарын  жермен  камтамасыз  ету
үшін  жергілікті  атқарушы  органдардың  карамағында  арнаулы  Жер  қоры
кұрылған. Шеттен келген ағайындарға 99 жылға дейін өз бала-шағаларына
аманаттап  кететіндей  етіп  жерді  арендаға  беруге  болады.  Мұнымен  коса
сырттан көшіп келғен азаматтарға бюджеттен жыл сайын ақша бөліп беріп
отырмыз.  Ал  Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  туралы  заңына
өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  Жарлықта:  «Қазакстан
аумағынан саяси себептермен кетуге мəжбүр болған адамдар мен олардың
ұрпақтары,  егер  олар  тарихи  Отаны  ретінде  тұрақты  тұру  үшін  Қазақстан
Республикасына  кайтып  оралған  болса,  олардың  бес  жылды  күтпей-ак
азаматтық  алуына  болады»  деп  жазылған.  Мəселе  занды  бұлжытпай
орындауда жатыр.
Ие,  қай  кезде  де  ел  үшін,  жер  үшін,  ұлттық  намыс  үшін  күрескен
адам оңай байлық пен дүниеге, көкірегіне жел бітіретін жалған атақ-даңққа
кұмартпаған  ғой.  Егер  де  шын  азамат  болсан,  еліннің  ұлы  болсан,  еліне
жаның  ашыса,  азаматтық  намысың  болса,  казақтың  ұлттық  жалғыз
мемлекетінің  нығайып-көркеюі  жолында  жан-теріңді  сығып  жүріп  енбек
ет.  Жер  иесі,  ел  иесі  өзің  екеніңді  ойла.  Бейбіт  күннің  əр  минутын  бағала,
төуелсіздігімізді  беріктеп  бекіте  түсуге  үлес  қос.  Сырттағы  жəне  іштегі
кандастарым осы айтқандарымды көңілдеріне түйіп алса екен.
- «Бойда  қуат,  ойда  көз»  барында  сөзге  қарымтасы  кетпеген
халқымыз  қашан  да  сөз  асылын  тани  да  білген  ғой.  Көші-қонға,  алыстан
жан
өксітіп
жүрген
бауырларымызға
байланысты
толғамыңыз
көкейтесті  көп  үрйдің  тиегін  ағытып  жібергендей.  Біздің  ойымызша,
Көші-қон  туралы  жаңа  заң  қабылданғанның  өзінде,  көші-қон  ісін  реттеп
отыратын  жəне  Сіз  білген  квотаның  дұрыс  жүзеге  асырылуын
қадағалайтын арнайы департамент пе, қалайда бір құзырлы мекеме керек
сияқты.  Себебі  қазақ  көші  ұлы  көршіміз  Қытай  жақтан  да,  Ресей  мен
Моңголия  тарапынан  да  жəне  іргемгздегі  өз  ағамыз  -  Өзбекстан  жақтан
да төбе көрсетіп тұрғандай... Атамекенге оралуға тілек білдірушілер саны
күн  санап  артуда.  Осыны  ескере  келе  жұртыңыз  түпкілікті  шешімді
Сізден кутеді.
- Іштегінің  бəрі  сыртқа  шыға  бермейді  ғой.  Жатсам-тұрсам  ел
тірлігі, көп ұлтты Қазакстанның тыныштығы көңілімнен де, көз алдымнан
11

да  кетпейтін  маған  енді  басталып  кеткен  қазақ  көшінің  тағдыры  тіпті  де
оңай сезіліп тұрмағанын айтқым келеді.
«Ай  тақырға  қонар  ауылынды  абайла»  деген  сөз  бар.  Жыраңтағы
жұртың  жаутаңдап  карап  отырса,  кісінің  жаны  кайтіп  жай  табады.  Көші-
қон  ісі  шынында  да  біздің  еліміз  үшін  ең  басты  проблеманың  біріне
айналғаны  шындық.  Мына  ежелгі  досымыз  Ресейдің  өзі  шеттегі  орыстар
мен  орыс  тілділерді  қанатының  астына  мықтап  ала  бастаганын  ескерсек,
диаспораға  қамқорлық  ісі  -  өркениет  ісі  екені  айдан  анық.  Біз  де  көші-қон
мəселесін  мемлекеттік  деңгейге  көтеруіміз  əбден  заңды.  Тек  көші-қон
ісімен айналысатын, Үкіметке не Президентке тікелей бағынатын құзырлы
бір орталықтың құрылуын заңды деп санаймыз. Мұмкіндігіне карай ондай
орталық та шаңырақ көтеріп қалар деп уміттенемін.
- Рахмет,  Нураға!  Дуние  жүзіне  тарыдай  шашылған  қазақ  бір
күнде көлігін сайлап, көшеді демесек те, оларға мекендеп тұрған жерінде де
рухани  көмек  көрсетуіміз  керек  екені  уақыт  талабы.  Əсіресе,  шеттегі
ұзақтардың  балаларын  оқыту  ісіне  айрықша  көңіл  бөлінсе  орынды.
Мəселен,  Өзбекстандағы  800  қазақ  мектебін  оқулықтармен  қамтамасыз
ету  бұл  күнде  Бұлттан  сут  дəметкендей  əсер  қалдырса,  Қытайдағы
қазақтардың  балалары  өз  ана  тілінде  орта  мектеп  кəлемінде  оқуға  ғана
мумкіндігі  бар  болып  отыр.  Кун  өткен  сайынн  тілдік  орталары  тарыла
тусуде.  Рееейдегі  қазақ  балаларының  көпшілігі  «орыс  тілді»  ұрпаққа
айналса,  əр  елдегі  жазу-сызудың  өзгешелігі  де  диаспораның  өркендеуіне
керісінше  əсер  етуде.  Туған  Отанынан  алыстап  кеткендерді  айтпаса  да
тусінікті.  Осы  мəселелердің  еларалық  келісім-шарттар  негізінде  тезірек
қолайлы шешімдер табуы қажет шығар?
- Ұлы тіл ғалымы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының екі үлкен
байлығы:  байтақ  жері  жəне  бай  тілі  бар  деген  еді.  Осы  екі  байлықты
жоғалтып, кұртып алмай, бүгінгі күнге жеткен біздердің бакытымыз таудай
екені талассыз. Мұхаммед Пайғамбар: «Білімді Қытайдан болсын үйрен», -
десе, сол білімнің аумақты бір саласы - тіл үйрену емес пе? Əр елдегі қазақ
əр  елдің  тілін  мықтап  игерсе,  ол  -  білім.  Он  шетел  тілінде  сөйлесе  тіпті
жаксы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып көміп тастасаң -
ол  кешірілмес  күнə.  Сол  себепті  де  мемлекеттік  тіл  -  біздің  мемлекетімізді
құлатпай ұстап тұратын бір мықты діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге
тиіс. Осыған орай халқымыз пайдаланған үш өліп биді игерсек, нұр үстіне
нұр еме пе? Біздің халкымыз жайлы жазылған талай құнды тарих намалар
араб,  парсы  архивтерінде  жатканы  акиқат.  Сондай-ақ  əлемдік  өркениет
жазуы  -  латын  өрпіне  көшуді  ойластырсақ  та  артык  емес.  Түркі
12

халықтарына  ортақ  əліпби  болса  жаксы  ғой.  Əрине,  біздер  үшін  казіргі
басты  мөселе  -  жазуды  тезірек  өзгертуде  емес,  тезірек  экономикамызды
нығайтып  алуда  Жоғарыда  айтылған  шетелде  тұратын  бауырларымызға
рухани  мəдени  көмек  те  қаржысыз  жүзеге  аспайды.  Оқулыктар,  басқа
едебиеттер  басын  шығару  үшін  де  каржы  керек.  Ал  еларалық  келісім-
шарттардың өзі «каржы тілімен» сөйлейді.
Түптеп  келгенде,  сырттағы  жөне  іштегі  жас  ұрпактардың  өмірлік
мүдделерінен  аяп  каларымыз  болмауға  тиіс.  Қолдай  келгеннің  бəрін
жасайтын боламыз.
- Нураға, «Қазақ Еліне» уақыт бөлгеніңзге зор рахмет!
13


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет