Сынып жетекшілері ата-аналарға кеңес беруіне,оқушыға кемшіліктерін түзетуге көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасауға дайын болуы қажет.
Ата-аналарға баласына шағым түсіріп бару емес, бірігіп дұрыс жолға түсіру, жағымды жақтарына ықпал ету, ар-намысын ояту, адамдарды ойлап, оларға қамқор болуға үйрету қажет.
Барғанда келесіні білу қажет:
Үйдегі тәртібі, ата-аналарына және отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы, үйде кімді көбірек сыйлайды, тыңдайды;
Үй шаруасына қатысы, жұмыс орнын ұстауы, немен айналысқанды ұнатады, досы кім, не оқиды, сабағын қалай қарайды.
5.Үйіне баратын уақытын оқушыға алдын ала ескертіп қою қажет (ескертусіз бару – егер оқушы ауырып қалса, немесе сабақты басқа бір себептермен босатқан болса).
Мектептің тақырыбы: Білімнің тиімді технологияларын қолдану арқылы нәтижеге бағытталған оқыту негізінде білім сапасын арттыру.
Тәрбие жұмысының тақырыбы:Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының тақырыбы:Оқушылардың өз елінің патриоттары ретінде қалыптасуын, өзін-өздері танытуларына, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыра отырып оңтайлы жағдай жасау.