Оқу сауаттылығы мәтінді түсіну, қолдану, бағалау қабілеті. Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар: мәтінге сүйену, мәтіннен тыс білімге сүйену.
Біз қандай дағдыларды басшылыққа аламыз?
А) ақпаратты табу және іріктеу
Ә) интеграция және интерпретациялау
Б) рефлексия және бағалау
Мәтінмен жұмыс жасауда мәтін түрлеріне ажыратып, күнделікте сабақта қолданып отырса баланың есте сақтау дағдысы қалыптасады деп ойлаймыз. Мәтін, жағдаят және сұрақ оқу сауаттылықтарын бағалаудың үш негізгі өлшемі. Оқылым тапсырмаларын дағдыландыру үшін: алдымен көз жүгіртіп оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқуға назар аудартқан жөн.
Пиза тапсырмаларында кездесетін тұтас емес мәтін түрлері(кесте, диаграмма, графика) алтыншы сыныптан бастап оқу бағдарламасында берілген. Әрмен қарай барлық сыныпта да спиральды түрде жалғасын тапқан. Яғни қазақ тілі маманы осы тақырыпты өткенде, баланың назарын осы мәтін түріне көбірек аударту керек деп ойлаймыз. Себебеі жылда осы мәтін түрі қайталанып, жұмыс түрлері жеңілден ауырға қарай күрделіп беріліп отырса, оқушының дағдысы қалыптасары сөзсіз.
Оныншы сыныптың қазақ тілі оқулығында бөлім соңында халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмалар үлгілері берілген. Мәтін берілген, сол мәтін бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтарға дәлелді жауап жазу не сұраққа дұрыс жауап таңдау тәсілі ұсынылады.Сонымен бірге БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына да пиза тапсырмаларын жеңілдеп кірістіре бастадық.
Достарыңызбен бөлісу: |