Үздіксіз әрекетті қондырғы. Бастапқы қоспа әдетте ысытқышта (1) қайнау температурасына дейін ысытылып, колоннаның қөректенуші табақшасына беріледі. Қоректенуші табақша колоннаны екі бөлікке бөледі: 1) жоғары бөлігі – қөректенуші табақшадан жоғарғы табақшаға дейін. Бұл бөлікте дефлегматорға баратын будың құрамы ТҚ-мен барынша нығайтылуы (байытылуы) керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін нығайтылу немесе жоғарғы бөлігі деп атайды 2) төменгі бөлігі - қоректенуші табақшадан ең төменгі табақшаға дейін, бұл бөлікте барынша сұйықтағы ТҚ-ны тауысу керек, сөйтіп оны ЖҚ мен жетілдіру керек, яғни кубқа құрамы жағынан ЖҚ-ға жакын сұйық берілуі керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін тауысу немесе төменгі бөлігі деп атайды.
Колоннада төменнен жоғары қарай қайнатқыш - кубтан (4) шыққан бу көтеріледі. Қайнатқыш куб колоннадан тыс немесе оның төменгі жағына орналасуы мүмкін. Әр табақшада ЖҚ конденсацияланып, сұйықтан - ТҚ буланады. Сонымен, қайнатқыш - кубтан көтерілетін негізінен ЖҚ-дан құралған бу колоннадан шыққанша ТҚ-мен байытылады.
Дефлегматорда (3) суық сумен бу конденсацияланады. Бұл конденсат бөлгіште (8) екі бөлікке-дистиллят (жоғарғы өнім) және флегмаға бөлінеді. Флегма колоннаға қайтарылып беріледі және оңда бумен жанасып, ЖҚ-мен байытылады. Қайнатқыш-кубтан кубтық қалдық (төменгі өнім) жинағышқа (6) беріледі. Дистиллят суытқыш (5) арқылы жинағышқа (7) беріледі.
Колоннаның төменгі жағынан шығатын қалдық екіге бөлінеді: бір бөлігі қайнатқыш-кубқа беріледі де, ал қалған бөлігі суытқышта - суытылып жинағышқа (6) беріледі.
Үздіксіз әрекетті ректификациялық қондырғылар өлшегіш-бақылағыш және басқару құралдарымен (приборларымен) жабдықталады. Бұл құралдар жәрдемімен құрылғының жұмыс істеуін автоматты түрде басқару және процесті тиімді режимде өткізу мүмкіндігі туады.
Сурет 1.3 Үздіксіз әрекетті ректификация қондырғының тәсімі:
1-бастапқы қоспа үшін ыдыс; 2,9-насостар; 3-жылуалмастырғыш-қыздырғыш; 4-қайнатқыш; 5-ректификациялық колонна; 6-дефлегматор; 7-дистиллят мұздатқышы; 8-дистиллят жинау үшін ыдыс; 10-кубтық сұйық мұздатқышы; 11-кубтық сұйық үшін ыдыс.
|