Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет


БҰЛТТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет7/12
Дата26.03.2023
өлшемі343,97 Kb.
#76302
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
БҰЛТТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.


Бұлтты технология деген- қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.
Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта көбінесе  ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- апараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.

Бұлтты есептеу сыртқы есептеу ресурсына динамикалық масштабтау жолымен енуді ұсынады.
Cloud computing – пайдаланушыға интернет немесе сервис түрінде берілген жергілікті желі арқылы берілетін, белгіленген ресурстағы ену үшін (есептеу қоры, программа, мәлімет) немесе ол ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін ыңғайлы интерфейске негізделген программалық-аппараттық қамсыздандыру [1]. Пайдаланушы компьютері бұл жерде терминал ретінде қарастырылады. Cloud computing технологиялары негізінде жұмыс істейтін негізгі қызметтерді жүзеге асырылатын компьютерлер «есептеу бұлты» деп аталынады. Бұл компьютерлер арасындағы жүктеме автоматты түрде бөлінеді.
Бұлтты есептеу – ИТ жүйесінің қиындығын азайтатын, өзіндік басқарылатын және виртуалді инфрақұрылымға қажетінше енуге мүмкіндік беретін жаңа бағыт, бұл тиімді технологияның арқасында ИТ жүйесін тұтынушы сервисі ретінде пайдалануға болады. Жеке бұлтқа ену арқылы тапсырыс берушілер көптеген артықшылыққа ие болуы мүмкін, оларға ИТ шығындарын азайту, сервисті ұсынуды жоғарылату және бизнестің динамикасын жылдамдату жатады.
«Бұлт» - бұл ақпараттық қызметтерді ұсынуға және алуға арналған жаңа бизнес-модель болып табылады. Бұл модель оперативті және капиталды шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл модель ақпараттық қызметтерді ұсынуда мәліметті өңдеу орталығының өзіндік басқару ерекшеліктерін талдауды қажет етпейді, кез-келген компанияның ИТ департаментіне стратегиялық жобаны жинақтауға мүмкіндік береді. 
Бұлтты есептеу – интернет технологиясындағы жаңару технологиясы ғана емес, сонымен қоса жаңа бизнес-моделдерді құру жолы болып табылады. ИТ технологияға негізделген өнім шығаратын кез-келген кішігірім компаниялар тұтынушыға өзінің қызметін тез ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұлтты есептеу келесі үлгіде жұмыс жасайды: бірге иелену, қосымшаларды жіберуге арналған жеке серверлерді құру және басқару, Microsoft, Amazon, Google немесе басқа компания серверін жалға алу. Содан кейін, пайдаланушы іс жүзінде оларды өңдеуге және мәліметтерді сақтауға ғана төлем төлеу арқылы, интернет арқылы өзінің жалға алынған серверін басқарады [2].
«Бұлтты» есептеу концепциясы соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды және қазіргі уақыттағы ақпараттық қоғамның дамуына бизнестің жауабы ретінде алуға болады. Аналитиктер Гартнер тобы (Gartner Group) бұлтты есептеу - болашақтағы ең ұтымды стратегиялық технология, 5-7 жылдықта ақпараттық технологиялардың көп бөлігі «бұлт»-қа көшеді деп болжауда. Олардың бағалауы бойынша, 2015 жылы бұлтты есептеу көлемі бойынша жасалынған қызметтер құны 200 миллиард долларға дейін жетеді.
Бұлтты есептеудің болашағы зор, сондықтан ақпараттық технологиямен байланысы бар кез келген маман осы технологияны игеруі міндетті.
Мобильді технологиялар – кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері қолданыста. Мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін өтеу. толығырақ
«Қырым – 2011»,  «Қырым – 2012» конференцияларының жыл сайынғы баяндамаларында Я.Л.Шрайберг «мобильді» термині заманауи библиобустар түсінігін білдіріп қана қоймай, мобильді телефония құралдары мен пайдаланушылар гаджеттері арқылы деректер базасы мен кітапханалық каталогтарға кіру мүмкіндігін де ұсынады» деген болатын. Бұл жаңа үлгілерді іздеуге кітапханаларды жылжытудың келесі деңгейі, кітапханалардың жаңа коммуникациялық технологиялармен өзара қарым-қатынасы. Яғни, мобильді гаджет иесі кез келген уақытта қалаған кітапханасымен байланыса алады, немесе – Интернеттегі кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, қажет болған жағдайда мәтіндерді жүктеп, өз мақсаттарына қолдана алады.
Кітапхана QR-коды
Электрондық кітаптарды оқуға арналған форматтар
Кітаптарды fb2, txt, pdf, mobi, epub және басқа форматта тегін оқыңдар және жүктеп алыңдар.
Сондықтан да кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бағдарлана білулері тиіс. Өз клиенттерімен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеу керек. Кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білу қажет.
Төменде келтірілген ресурстар кітапханаларға өздерінің стратегиялық және тактикалық жоспарларын құруға көмектеседі:
Мобильді кітапханалар. Мобильді кітапханалық онлайндық қызметтер. (Под ред. Д. Нидхэм, Мохамед А., науч. ред. Шрайберг Я. Л. Перевод с англ.).
«МоБибл» жобасы. (Мобильді Кітапхана) дайындаған БП.И.Бартенов атындағы №3 кітапханалық-ақпараттық орталық (Липецк қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі).
Жобаның негізгі басымдықтары:
Ақпараттық ресурстық базаны толтыру.
Кітапхананың техникалық потенциалын кеңейту және жобаның ресурстық қамтамасыз етілуі (ұялы телефондарды сатып алу, қосылу);
Ұялы операторды таңдау;
Тұрғындарға ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін көрсетудің технологиялық дайындығы;
Кітапхана оқырмандарын SMS-хабарламалар мен дауысты хабарламалар арқылы ақпараттандыру: «SMS-брондау» (керекті әдебиеттің тапсырысы); «БИ 2» қызметі – кітапханалық жеке ақпарат; «МоБи-справка» қызметі – қорлар, қызметтер, қаланың қоғамдық өмірі және т.б. туралы ақпарат; «ИнфоБибл» қызметі – кітаптарды уақытылы тапсыру туралы еске салу, көрсетілетін коммуникативті қызметтер туралы ақпарат (мәдени-ағартушылық шараларға, клуб, әуесқойлық кітапханалық бірлестіктерге, акцияларға қатысуға және т.б. шақыру);
Ұялы операторлар арқылы SMS-хабарлама және дауысты хабарламалардың көмегімен мобильді телефон иелеріне қызметтер ұсыну;
SMS-ақпараттандыру қызметтерін ұсыну және «Телеком» компаниясының – SMS-хабарламаларды көпшілік жіберу сервисін қолдана хабарландыру;
Кітапхана сайтындағы мобильді сервистер. Кітапхана сайтында мобильді сервистерді қолдану жобасын жүзеге асыруға кіріскен Д.И.Чижевский атындағы Кировоград ОӘҒК іс-тәжірибесінен. Кітапханалық wap-сайт құру сұрақтары және мобильді телефон немесе КПК көмегімен ақпараттық және библиографиялық деректер базасына қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша өз талдамаларын дайындау, ИРБИС жүйесінің негізінде WAP-OPAC жүзеге асыру сұрақтары қарастырылуда, wap-сайтта мазмұн (контент) жариялауға арналған онлайндық бағдарламалық шешу ұсынылады. WAP технологияларын қолдану мәдениет мекемелерінің имиджін жақсартуға және қызметтерді таратудың жаңа каналдарын ұсынуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет