Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет


Мультимедиялық оқыту құралдары (педагогикалық құрал)



бет9/12
Дата26.03.2023
өлшемі343,97 Kb.
#76302
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мультимедиялық оқыту құралдары (педагогикалық құрал) Мультимедиялық оқыту бағдарламалары
·Компьютер
·Интерактивті тақта
·Мультимедиялық проектор
·Видео және аудиомагнитофон
·Ғаламторға шығу мүмкіндігі
·Электрондық оқыту бағдарламалары
Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:
·компьютерлік анимациялар
·иллюстрациялық қатар
·дыбыстық қатар
·видеофрагменттер
·гипермәтін мен гиперсілтемелер.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері
l Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу
l Суреттер енгізу
l Дыбыстар кірістіру
l Видеолар кірістіру
l Анимациялар құру
Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.
Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесе кестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға);
Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға;
Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға;
Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиалық сабақтарды көріп оқуға;
Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиалық ойындар ойнауға болады.


Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары
Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын мағлұматтарды жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сол себепті де әр сабақта мұғалім өзі ізденіп, балаларды жалықтырмайтындай іс-шара жасай отырып, оларды да ізденушілікке , зерттеушілікке ұмтылдыру басты міндет. Өйткені ізденбей тек қана дайын мағлұматты ғана пайдаланатын оқушының білімі тек жаттанды түрде болуы мүмкін.
Мультимедиялық құралдар білім берудің қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Компьютерде мультимедиалық құрылғыларды пайдалануға арналған Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты, PowerPoint-ты қарастырдым.
Ойнатқыш 2 ге бөлінеді. Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған.
Power Point программасының информатика сабағын өткізуде пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру мысалдарын қарастыруға болады.
Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады деп ойлаймын:
– сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;
– интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;
– сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;
– арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;
– әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет