Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер І. Кіріспе



Дата25.11.2023
өлшемі21,6 Kb.
#126966
Байланысты:
Махамбет


Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер...
І.Кіріспе
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының жалынды жыршысы, рух беруші саяси көсемі болған. Ақынның жігерлі жырлары мен толғаулары орыс империясының отарлау саясатына қарсы қазақ халқының тәуелсіздік рухын асқақтатқан құнды мұралар.
Махамбет жырлары мен ісінен ХХ ғасыр қазақтары таптық,әлеуметтік мәндегі нәрсені іздесе, бүгінгі ұрпақ тәулсіздік үшін күрескен азаттық рухын табуда.Сондай-ақ Махамбеттен біздер адамзаттық құндылықтар, үлгі тұтып күнделікті өмірімізге оң ықпалын берер істерін іздейміз.
Махамбет алдағы ұрпақтарға келесі ғасырға маңызды әрі мағыналы ой артып,өз биігінен көрінері сөзсіз.Махамбет өз заманының жаңа, классикалық ақыны. Өз заманы талап еткен әдебиетті жасаушы. Махамбет заманында өз мемлекеті жоқ , халық бодандықтан , ел басшылары халыққа қорған болудан қалған, отаршылармен ауыз жаласқандарға күні қараған заман. Ол аздай Жәңгір хан енгізген ежелгі, ақылған қонымсыз салықтар ақсүйектер мен қоғамның арасын алшақтатты. Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған. Исатай ханға қарсы бола бастағанда-ақ Исатайға еріп кеткен.Ол- езілген елдің жоғын жоқтап,ар-намысын қорғаған күрескер ақын. Исатай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа бастан-аяқ қатысып
...Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен – қосшы... –деп Исатай Тайманұлын қолдап, ел тәуелсіздігі үшін батырлығын
ғана көретіп қоймай Исатайға жалынды, рухты жырларын арнады.
ІІ негізгі бөлім:
Орал қаласында әскери қызмет атқарған ,тарихшы ,этнограф, мұражай ісімен шұғылданушы , жазушылықпен әуес жан-жақты талапкер Никита Савичев ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1821-1885) қалдырған еңбегіне тоқталсақ. Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші. «Ішкі Орда старишинасы –Исатай Тайманов» атты тұңғыш еңбектің авторы. Соған қоса Исатай мен Махамбеттің жоғары ұлықтарға жазған бірнеше хаттары мен жолдамаларын сақтап, табыс етуші.Өзінің зерттеулерін осы хаттар мен бұйрықтарға сүйеніп, іс қағаздағы фактілерді мүлт жібермей талдау жасау арқылы жазған.
Савичев те қазақ тақырыбында көркем шығарма жазғандардың бірі. Оның «Жайық қазақтары және өткен ғасыр қырғыздары» поэмасы кезінде отаршылдық ниеттерден туған орысшылдық кертартпа пікірлерге қарсы, адамгершілік, достық идеяларын көтереді.Осы сияқты ізгі ниетті шығармасында Исатай Тайманов көтерілісі туралы, көтерілістің шығуына әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығуына себеп болғаны көрсетілген.
1877 жылғы мақаласында «Ішкі Орданың екі қазағының үкіметке бас имегендіктері туралы» жазылған. «Исатай Тайманов» қолжазба күйінде көп жылдар бойы Ленинград мұражайында қорғаусыз жатқан. Ақын Берқайыр Аманшин кезіктеріп , фотокөшірмесін бізге қалдырып кетіпті.Оны жазушы Мақсұт Неталиев 1989 жылы қазақ тіліне аударып «Жалын» журналының 1 санына жариялаған.
3. Махамбет жырлары-жорық жырлары. Өмір туралы терең мағыналы толғаныстарында ханнан халықтың кегін алу идеясын көреміз. Сексенге жуық толғауларының ішкі мінезіне үңілсек бәрі де ел тәуелсіздігі, халық игілігі үшін күрес. Ақын жырларында тыңдарманның көз алдына екі бейнені көрсетіп отырады ол: Истай бейнесі және өзі. Ақын бұл адамдар көтерілістің діңгектері екенін қаперде алып көтерілісшілерге күш беріп, рух беріп Исатай қандай болса сендер де сондай батыр болыңыздар, өйтпейінше алға қойған мақсатымызға жетпейміз дегенді айтпақшы. Ақынның жиырмаға жуық өлеңінде ақынның аты айтылып қалғандарында Исатай батырдың рухы көрінеді.Исатай бастаған қол мен хан ордасы сарбаздарының алғашқы шайқасы 1836 жылы басталады. Еділ мен Жайық,Атырау ойпатын жайлаған халық, Нарынды мекендеген халық, старшындар, бай-билері қол жинап Исатайға қосылады.Теректі құмында болған соғыста Орда әскерін ығыстырып тастайды. Жалынды жауынгер Махамбет:
«Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағамбар» - дей келе батыр ерлігін аздаған сөздермен жеткізіп тастаған.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екең,
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай?
Мына тұрған Иса-екең,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанынан
Ақ алмасын суырды-ай...
Алғашқы айқас нәтижелі болып, Кіші жүз жігіттері қол жинап, Орта жүз Керейден Сегіз Серіге Исатай хабар береді. Ол 500 қол ертіп келеді. Мықты қолмен Исатай Жасқұстағы сарайды қоршап алады, ханды тәубеге келтіреді.Алайда хан Елші жіберіп көтерілісшілермен келіссөз жүргізген болады. Айла, тәсілге бұрып патшадан көмек сұрап зеңбіректі қарулы күштер келгенше уақыт созады. Жасқұс оқиғасы нәтижесіз аяқталады. Исатай қолы ыдырап, қайғылы қасіретке душар болады. Көтерілісшілер басына түскен ауыр жағдайлар, қаруы мықты патша әскері Исатай қамалына зеңбірек атқанда оған қарсы тұра алмағандарын, атақты Ерсары, Қалдыбай батырларының оққа ұшқанын ақын Махамбет ашық айтады.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді.
Орыстың добы үш атты,
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді,- дейді. Көтеріліс екпіні бәсеңдеп, қарулы күш - көтерілісшілерді тұтқындап, басшыларының соңына түседі. Осыдан кейін Махамбет Хиуа хандығына барып Қайып сұлтан бастаған қол әкеледі. Исатай атқа мініп, 1938 жылғы Ақбұлақ өзені бойындағы соңғы айқасты бастайды. Соғыс нәтижесі жеңіске жеткізбей есіл ер Исатай қаза табады.
Махамбеттің Исатайға арнаған жырларының көпшілігі батыр қаза тапқаннан кейін шығарылған. Хан Ордасын шабуға барғанда Истай батыр ханның алдауына түсіп қалғанын, досы Махамбеттің ақылын тыңдамағанын «Әй, Махамбет жолдасым» деп аталатын Исатай монологы етіп шығарған өлеңінде айтады. Ақын досы Исатай батырға шаң жуытпағысы келсе де бұл фактіні жасыру мүмкін емес. Ақын халықтың аузында айтылған «Батыр-аңқау» деген сөзіне тіреп, Исатай батырды тап-таза кейпінде алып шығады.Алайда біз бұл сәтте,әрине,Исатайдың ішкі арпалысын ойға батқандығын да болжалдай білуіміз керек. Мүмкін, батыр жанындағы адамдар да ылғи ағайындар «қарға тамырлы қазақ», сондықтан да қантөгіссіз бітімге келуді де көздеген шығар.Жіберген қателікті ақын өзі батыр беделіне нұқсан келтірмеуді ойлап,тіке айтпаған.
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп,
Қырық бір жасқа келгенде,
Ауыр әскер қол етіп,
Жасқұсқа барып кіргенде
Арыстандай ақырған Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай,
«Жанымды қи» деп сұрады-ай.
Ақ көңіл,аңқау жүрекпен,
Беремін деп мен тұрдым
Кеп бедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың- деп батырға көп нәрсені баяндатып барып:
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым –деп өз кәнісін де мойындатқан.Осылай ақын Исатай батырдың тек жақсылық тілеуші, халқының жағдайын, амандығын қалағанын көрсетеді.
ІІІ. Қорытынды
Исатай батыр өмірден өткеннен кейін халық санасынан өшірмей, қайта мәңгі есте тұтып тұруы үшін, оның ерліктері мен адамгершілігіне, елі үшін еңіреп туған ер екендігіне мәңгі өшпес мұра қалдырғандай. Бейбіт өмір кешуден өзге ниеттері жоқ бейбіт елге тиіскен отаршылар лаңы екенін ашып көрсетеді.
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.
Халық тілегі, елдің жері, жайлы қонысы, болашақ қамы-Исатай бастаған көтерілісшілердің алдарына қойған мақсаты болды.Халыққа қарсы күш көрсеткендерге күшпен жауап беріп, теңдікті талап етеді. Орынсыз өктемдіктерге тыйым салуға тырысады. Исатай бастаған халық қозғалысының деректі күнделігі, ұлы оқиғаның ерлік шежіресі десе де болады.
Күрес жолы асқан ерлікті, төзімділікті керек ететін қиын жол; оның ауыртпалығына жігіттің жігіті төзеді; бұл тек ат үстінде жүріп ашаршылық, шөл көріп, өзегі талып ас ішіп, күнге күйіп,темірқазық жастанып, мұз төсеніп, толарсақтан саз кешіп, қан жұтып барып жетер ауыр жол.
Исатай Тайманұлының батырлық жолы қазіргі жастарға үлгі- өнеге. Халық басындағы дертіне ем іздеген ел қамқоры ретінде Исатай мен Махамбет бейнесі жеке бастың қамын ойлауышлар емес, ел қамын жеген ерлер.






«М.Шоқай атындағы № 26 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Біз неткен ер, неткен ер?

Сергелдеңмен өткен ер...»

«Махамбет оқулары»




9-сынып оқушысы Сабит Гүлназ

Жетекшісі: Мамытова Р.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет