Тақпақ«Алтын күз» Х. Тағаров
Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан
Мөлдіретіп жүзімдерін
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз – береке күз,
Береке күз – мереке күз.
Бақылау: Сыртқы белгілерге қарап ауа райының күйін анықтауға үйрету. Табиғатта болып жатқан өзгерістерді (қатқақты) бақылау: күзгі ауа райымен салыстыру.
Қимылды ойыны «Балалар бақшаға шықты» (поляк ұлттық ойыны)
Жануардың рөлін таңдауға және олардың қимыл-қозғалысын дәл келтіре білуге еліктеу.
Еңбек: Қыстыгүні тотыларды тамақтандыру үшін бұтақтарды жинау. Жиын бойынша жұмыста жанашырлық таныту. Табиғат бұрышының мекендеушілеріне сүйіспеншілігін дамыту.
Өз бетімен ойындар: Ойын таңдауда,ойға алғанын іске асыруда дербестігін дамыту, белсенді болу.