Тақпақ Жеміс біткен бау-бақша
Жемін жайды жан-жаққа
Бақта құстар сайрады,
Құйқылжытып сан-саққа
Қолға ап бақша құралын,
Суды атызға бұрамын.
Ағаш түбін қопсытып.
Арам шөпті жұламын.
Бақылау: Ағаштардың түстерінің өзгеруін, өсуін көру, жемісін бақылау (ранетки). Жасыл піспеген жемісті жеуге болмайды, тек піскен жемісті жеу керек екенін түсіндіру.
Қимылды ойындар: «Қоян мен қасқыр» Мәтіннің сөздігімен сәйкесінше әрекетті жасау білімділігін бекіту,ойынды дабылдың қағысымен бастау. Алаңның бойымен қозғалу.
Еңбек: «Құм салғыштан шашылған құмды жинастыру» Топ алаңындағы құмды өз ынтасымен жинастыруға үйрету; тазалыққа және ретке келтіру әдеттiн қалыптастыру.
Өз бетімен ойындар: Тақырыпқа берілген ойынды жүргізу. Шығармашылық сезімдерін ояту. Ұстамдылығы мен ойынға деген қызығушылығын дамыту. Жемістер мен көкөністер туралы білімдерін бекіту.
Қолданылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты
2.Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
«Зерек бала» бағдарламасы
3.Көркем әдебиет хърестоматиясы.-Алматы «Аруна» баспасы
4.Оқу әдістемелік кешені «Қарлығаш»
хрестоматиясы «Арма» баспасы
5.Көркем әдебиет хрестоматиясы. Алматы «Алматыкітап»
ЖШС 2005