Біз серуенге шығамыз



бет11/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

19




Құстарды бақылау.
(торғайларды, көгершіндерді, сары шымшықтарды)


Жұмбақ
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді. (Бұлбұл)


Бақылау: Қыстайтын құстарды ажыратуға (үлкендігі, түсі, дауысы бойынша); суық күндері және жылы күндері олар өзін-өзі қалай ұстайтынын, бақылауға үйрету. Құстар ағаштардың және бұталардың тұқымдары мен жемістерімен, жәндіктердің дернәсілдерімен қоректенетіні туралы түсінігін кенейту; құстарға қыс мезгілінде адам көмегі қажет екенін түсіндіріп, құстарға деген қамқоршылығын дамыту.


Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты» Қазақ халқының ойыны
Назарын, ойын ережелеріне сәйкес қозғалыстарды орындауды дамыту (құстар жайлы айтылғанда қолын көтеру, ұшпайтын зат айтылғанда қолын көтермейды).
Еңбек: Мұз жолын дұрыстау.
Ересектерге көмек көрсетуге деген ынтасын дамыту, ересектерге көмек көрсетудегі балалардың бастамаларын құптау.
Өз бетімен ойындар: Шаңғы тебу
Біріккен жұмыс жасау үшін балалардың шағын топтарға бірігуін қолдау. Балалардың ойындарды ұйымдастыруда дербестігін және бастамашылығын дамыту.





Ортаңғы топ

20




Ағаштарды бақылау


Көркем сөз
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі


Бақылау: Сыртқы белгілеріне қарап ағаштардың 2-3 түрін (шырша,қайың,терек) танып, ажырата білу. Маусымды өзгерістер кезінде ағаштарды бақылау, жапырақтарының азаюына назар аудару. Жапырақтардың жазда және күзде қандай түсте болатынын анықтау.


Қимылды ойын: «Аталған ағашқа жүгіріп бар»
Бейнеленген сипатты белгілер бойынша ағаштың атауларын білу. Сигнал бойынша жұмыс істеп, алаңда бір-біріне соқтықпай орын ауыстыруға үйрету.


Еңбек: Ағаштардың арасындағы қурап қалған бұтақтарын жинау. Ұжымдық тапсырмаларды орындап, бірлескен тапсырма дер кезінде аяқтауды үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Әткеншек тебу
Ойын барысында достық қарым-қатынас бірлестігін жетілдіру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет