2. «Арқан тартыс» Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан екі топ арқанды ортаға керіп тұрады,берілген сызықтан тартып шыққан топ жеңіске жетеді. 3. «Бәйге» Ойын шарты:Ойыншылар белгіленген межеден атпен айналып келіп ,аттарын келесі ойыншыға береді,бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді. Топтарымыздың әнін тамашалайық Ән «Қыс қызығы» 4. «Асық ату» Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса сол топ жеңіске жетеді. 5. «Орамал тастамақ» Екі топ балалары шеңбер айналып тұрып бірігіп ойнайды. Бір ойыншы шеңбер сыртына шығып орамал алып шеңбер айнала жүгіреді,бір ойыншының артына орамалын тастап кетеді,сол ойыншы қарама қарсы жүгіреді қайсысы бірінші жетсе сол жеңіске жетеді.
6. «Допты жалғастыр» Ойын шарты: балалар бір қатарға тұрып допты жоғарыдан жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қайтоп допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді. Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Гулайым (ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды). Жүргізуші: Осымен балабақшамызда «Аққу» тобының балалары арасында өткен «Біз шымыр боламыз» атты жарысымыз аяқталды. Жарқын,шаттық заман болсын, Бүлдіршіндер аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын.
Балалар саппен жүріп залдан шығып кетеді. Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырған оқу қызметі:Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»
Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлесін дамыту, Отанын,жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалыққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.
Көрнекіліктер : Видеопроктор экранымен, доптар, гимнастикалық орындық.
Сәлеметсіздерме балалар,
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін кім айтып береді?
Жарайсындар балалар.
Балалар біз бүгін сіздермен бірге , орманға саяхатқа барамыз. Дайынсындар ма?
Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманда жалғыз аралауға болмайды, ол үшін бір-бірлеріңнен қалмауларын қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір-біріміздің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың сыртымен жүреміз)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.
2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама қарсы тізіліп тұрады. (бір топтың балалары-жасыл киімде,екінші топтың балалары-сары киімде)
Жүргізуші : Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер!
-балабақша меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж.
-әдіскер: Шаханова Н.М.
-балабақша мейірбикесі: Сапарбаева Э.Н.