PBL(Эссе)
Біз талқылаған науқастың есімі Георгий Николаевич Марков. Ол үйленген егде жастағы адам.33 жыл бойы жиһаз фабрикасында жұмыс жасаған. Ол фитбол чемпионаттарында секундометрші бола тұра, төрешілердің ысқырықтарын ести алмаған.Сондықтан жақында төрешілер құрамынан шығарылды.Оның айтуы бойынша осыған дейін оның есту қабілетіне ешкім шағым жасамаған және өзі де есту қабілетінен қиындықтар байқамаған. Ешқандай дәрі пайдаланбаған,бас жарақаттарын алмаған.
Медециналық тексеруде Георгий Николаевичтан ешқандай физикалық қиындықтар байқалмады.Алайда отоскопиыялық тексеріс нәтижесінде екі құлағында да құлық шегінділері бары және сол жақ есту жолы тұтастай жабық екені анықталды. Георгий Николаевичке Вибер және Ринне тестті жасалды.Дәрігер науқасқа емдеу процестерін жүргізе бастады. Құлықты кетіру емшарасынан бұрын дәрігер пациенттен дабыл жарғағының тесілуінің болып,болмағандығы жөнінде сұрады. Емшара барысында дәрігер Георгийге қалыпты температурадағы майды тамызу әдісін көрсетті.Және емшараның 5 күн жалғасуы керектігін ескертті. Емшарадан кейін дәрігер-сурдологтың қабылдауына қайта келуі керек екенін айтты.
Георгий Николаевич құлықты тазартқаннан соң қайта келді.Бірақ құлағы әлі де нашар естігендіктен дәрегер пациентті аудиометрияға жіберді.3 күннен соң ерлі-зайыпты Марковтар дәрігерге бірге келді.Георгийдің әйелі күйеуінің саңыраулығына алаңдаулы болды. Себебі ол есту қабілетінен айырылу ми ісігнің,вестибулярлы невроманың белгісі екенін оқыған еді.Георгий дәрігерге екі құлағында да жиі болып жүрген жоғарғы сарындағы зыңылдың болатынын айтты.Дәрігер пациенттің әйелінің уайымы бойынша неврологиялық тексеру жүргізді.Бірақ ешқандай анамалия анықталмады.Әрі қарай дәрігер пациенттен қатты дыбыс шыққан ортада ұзақ уақыт болып,болмағандығы жөнінде сұрады.Нәтижесінде оның жиһаз фабрикасында қызмет еткені оның есту қабілетінің нашарлауына тікелей қатысты екені анықталды.Дәрігер Георгийдің аудиограммасына талдау жүргізіп өз болжамдарын келтірді. Оның есту қабілетін жоғалтуының себебі шуылдың ұзақ уақыт бойы әсері және организмнің қартаюы.
Дәрігер Георгийге есту қабілетінің нашарлауын тоқтата алатынын және қалған есту қабілетін сақтау үшін әртүрлі емшара барын айтты.Бірақ бұрынғы есту қабілетін қайта қалпына келтіре алмайтының ескертті.Ал Георгийдің әйелі күйеуінде болып жүрген соңғы өзгерістерді жеткізді.Оның ашуланшақ,тұйық болып бара жатырғанын және футбол клубқа бармай жүргенін теледидардың даусын күшейтіп, келген қоңырауларға айқайлап жауап беретінін айтты.Дәрігер Георгийге есту аппараты жөнінде клиниканы ұсынды.Бірақ Георгий мәселені өзі реттейтінін айтты.
Алайда Георгий 1 аптадан соң дәрігерге қайта келіп құлағындағы шуылдың күшейіп кеткенін айтты.Ал дәрігер оған есту аппаратын таңдау үшін сурдологқа жазылуға кеңес берді,ол баруға келісті.Георгий дәрігер кеңесі бойынша есту аппартын тақты.Есту аппаратынан кейін ол жақсы ести бастады.