Мезолит кезеңі адамзаттың жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысы мен Америка құрлығын игере бастады



бет1/5
Дата06.10.2023
өлшемі125,24 Kb.
#113208
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1.2.Орта тас ғасыры (Мезолит)


1 .2.ОРТА ТАС ҒАСЫРЫ (МЕЗОЛИТ)


-Мезолит кезеңі адамзаттың жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысы мен Америка құрлығын игере бастады.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1.Мезолит хронологиялық шеңбері:
Жауабы: Б.з.б.12-5 мыңжылдықтар
2.Мезолит дәуірі қамтыды:
Жауабы: 7 мың жылдықты
3.Ежелгі тас дәуірі – палеолит пен неолит арасын жалғастыратын дәуір:
Жауабы: Мезолит
4. Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір:
Жауабы: Мезолит

Мезолит кезеңінің табиғаты:
-Кейінгі палеолиттің аяғы мен мезолиттін басында, осыдан 13 мың жыл бұрын, яғни б.з.б.12-10 мыңжылдықтарда мұздықтар еріп, климаттық өзгеріс орын алды. Жер бетінде қазіргі табиғат жағдайы қалыптасты. Жер бетінде қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасты. Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазақстан жерінде қазіргіге ұқсас қолайлы климат қалыптасты:
Жауабы: Мезолитте. Б.з.б. 8 мыңжылдықта қазақстан жерінде қолайлы климат қалыптасты.
2.Мәтінде сипатталған кезеңді анықтаңыз: «Қазақстан жеріндегі бүгінгі шөлейтті, тақыр далалық аймақтар ол заманда көкпеңбек жазиралы, түрлі өсімдіктерге бай еді. Табиғат пен өсімдік дүниесінің өзгеруіне байланысты жан -жануарлар дүниесі де өзгерді. Орманды алқаптар көбейді. Суыққа төзімді, бұғы, бұлғын сияқты аңдар солтүстікке қарай ауды...»
Жауабы: Мезолит
3.Орта тас дәуіріне тән оқиға:
Жауабы: алып мұздықтардың ери бастауы
4.Мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып кеткен кезең:
Жауабы: Мезолит
5. Жер бетін басып қалған мұздықтың еруі қай кезеңге сәйкес келді?
Жауабы: Палеолиттің аяғы және мезолиттің басы
6.Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында қандай езгерістер болды?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет