Біздің кітаптың мақсатына қайта оралсақ, дағды9 білім, ептілік пен ниет ету сияқты қасиеттердің



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#48272
1   2   3   4
Байланысты:
Шахназ полит

«Ұтылдым/Ұттым» 
Кейбір адамдар «Ұтылдым/Ұттым» болып өзгеше бағдарламаланған. Олардың көзқарасы мен 
позициясын көрсететін пікірлер: 
– Мен ұтыламын, сен ұтасың. 
– Маған не істесең де бәрібір. 
– Мені әлі де қинай түс, бәрі солай істейді. 
– Мен жолы болғыш емеспін, мен әрдайым ұтыламын. 
– Мен бітімгермін және бейбітшіліктің сақталуы үшін бәріне де дайынмын. 
«Ұтылдым/Ұттым» позициясы «Ұттым/Ұтылдымнан» да жаман, өйткені оның ешқандай 
критерийлері жоқ, ештеңені күтпейді, ешқандай талабы, болашағы туралы түсінігі де болмайды.
«Ұтылдым/Ұттым» күйінде ойлау келіссөз кезінде тізе бүгіп, тез беріліп немесе 
шегінуді білдіреді. Осындай менталитетпен байланысты басқару стилі бойкүйездік 
деп аталады. 
«Ұтылдым/Ұтылдым» 
«Ұттым/Ұтылдым» нұсқауындағы екі адам бір-бірімен жолыққанда, яғни табиғатынан табанды
бірбеткей, өзімшіл екеу өзара әрекеттескенде, «Ұтылдым/Ұтылдым» нәтижесі шығуы сөзсіз. Екеуі 
де ұтылады. Екеуі де кісі өлтіру – «өзін-өзі өлтіру», ал кек – екі жүзді қанжар екенін түсінбей, 
«есептесуді» қалайды немесе 
өш алып, кек қайтарғысы 
келеді.
Одан бөлек, 
«Ұтылдым/Ұтылдым» – өзі бақытсыз, әрі басқалар да бақытсыз болуға тиіс деп 
есептейтін, ішкі бағыт-бағдарынан айырылған тәуелді адамның философиясы. 
«Ешкім ешқашан ұтпаса, онда ұтылғанның жағдайы да сондай жаман емес 
«Ұттым» 


Тағы да бір кең тараған балама – «Ұттым» нұсқауы. «Ұттым» менталитетіндегі адамдар біреудің 
ұтылғанын міндетті түрде қалап тұрмайды. Олар үшін мұның еш мәні жоқ. Олар үшін тек өз 
қалауына қол жеткізсе болғаны. 
Бәсеке мен дау-дамайдың еш мәні қалмағанда, «Ұттым» нұсқауы күнделікті келіссөзге неғұрлым 
кең тараған ұстаным болады. «Ұттым» менталитетіндегі адам өзгелер өзі жайында өзі ойлауына жол 
аша отырып, өз мүдделерінің санаттарымен ойлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет