Біздің кітаптың мақсатына қайта оралсақ, дағды9 – білім, ептілік пен ниет ету сияқты
қасиеттердің
бір арнада тоғысуы.
Білім – нені, не үшін жасайтыныңды анықтайтын теориялық парадигма. Икемділік қалай жасау
керектігін түсіндіреді. Ал ниет – бұл мотивация: яғни жасағым келеді деп құлшыну. Белгілі бір
дағдыны меңгергісі келетін адамға осы үш компонент қажет
ПРОАКТИВ БОЛУДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Адам табиғатының іргелі принципін ашқан Франкл өзінің нақты жеке картасын сипаттап берді.
Ол соның негізіне сүйене отырып, адамның кез келген жағдайда тиімділігі
жоғары әрі ең маңызды
–
проактив болу дағдысын дамытты.
Қазіргі
заманда
проактивті термині
менеджмент
туралы
әдебиеттерде
кеңінен
қолданылғанымен, бұл сөздің мағынасын қарапайым сөздіктен іздеп таппайсыз. Ол жай
белсенділіктен әлдеқайда кең мағынаға ие. Бұл «Адам болып туған соң, өз өмірімізге жауаптымыз»
дегенді білдіреді. Біздің мінез-құлқымыз қоршаған ортаның әсерінен емес, өз шешімімізден
қалыптасады
Біз табиғатымыздан проактивпіз. Өміріміз түрлі жағдайдың тұтқынына айналса, ол біздің
саналы
не бейсана таңдау жасағанымызды білдіреді. Яғни сол күштердің бізді билеп-төстеуіне өзіміз ерік
бергенбіз.
Осындай таңдау жасау арқылы біз
реактив боламыз. Реактив адамдар көбіне қоршаған ортаның
физикалық жағдайына бағынышты. Күн райы ашық болса, олар өздерін жақсы сезінеді.
Ауа райы
жайсыз болса, көңіл күйіне, жұмыс істеу белсенділігіне әсер етеді. Проактив адамдардың ауа райы
өз ішінде. Далада жаңбыр жауып тұр ма, күн шақырайып тұр ма – оларға бәрібір. Мұндай жандарды
құндылықтары алға жетелейді. Жұмысты жоғары деңгейде
атқару құндылық саналса, ол ешқашан
ауа райына тәуелді болмайды.
Реактив адамдар сезімге, жағдайға, шарттарға, айналасына
тәуелді
Реактив адамдар бір нәрсе айтқанда, жауапкершіліктен қашқақтап сөйлейді.
– Мен сондаймын (
Менің болмысым – осы. Оған ештеңе істей алмаймын).
– Ол менің шамыма тиіп бітті! (
Өзіме жауап бермеймін! Менің көңіл күйімді өзіме бағынбайтын
әлдене басқарып тұр).
– Мен мұны жасай алмаймын. Уақытым жоқ.
(Сыртқы жағдай мүмкіндік бермей
«
Түпкі мақсатты жол басында елестетіп алу» принципі барлық нәрсе екі рет жасалады деген
идеяға негізделген.
Олар ойдағы, немесе
алғашқы туынды және физикалық, немесе
екінші
туынды болып бөлінеді.
Мысалы, үй қалай салынатынын ойлап қараңызшы. Бірінші шегені қақпай тұрып, сіз оның ұсақ-
түйегіне дейін ойластырасыз. Ол қандай болуы керек екенін барынша анық елестетуге тырысасыз.
Ол үлкен
отбасына арнап салынса, үй-ішіңізбен мәре-сәре бас қосатын үлкен қонақ бөлмесі
болғанын қалайсыз. Жылжымалы есік пен балалар таза ауада ойнайтын шағын ауласының болуын
жоспарлайсыз. Қысқасы, түрлі идеяларды қарастырасыз. Салғыңыз келетін үйдің бейнесі әбден
анық болмайынша, бүкіл ақыл-ойыңызды жұмылдырасыз.
Содан соң өз ойыңызды жобаға айналдырасыз – құрылыс сызбаларын даярлайсыз.
Мұның бәрін
сіз қолға күрек алып, жер қазғанға дейін жасайсыз.
Әйтпесе екінші кезеңде – туындының физикалық нұсқасын жасау
Әйтпесе екінші кезеңде – туындының физикалық нұсқасын жасау кезінде жобаға өзгерістер
енгізуге мәжбүр боласыз. Ал бұл құрылыс шығынын екі есе арттырып жіберуі мүмкін.
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген ереже есіңізде шығар?
Яғни сіз түпкі мақсатты көз
алдыңызға елестете отырып іске кірістіңіз.