Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі


Iëèÿñ àμàìà ʾç êåëäi ¥ûñ Анама Менің Бексұлтан атты інім бар



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#6683
1   2

Iëèÿñ àμàìà

ʾç êåëäi

¥ûñ

Анама


Менің Бексұлтан атты інім бар.

Оның тілі сондай қызық əрі тəтті. 

Анасы еденді бояп жатып, кішкентай

Бексұлтанға:

-- Балам, үйреніп ал, өскенде маған

көмектесетін боласың, -- деді. Сонда

Бексұлтан:

-- Мен өскенше сіз сырлап бітесіз ғой,

-- деп жауап қайтарды.

* * *

-- Ана маған барабан сатып əперші, --



деді Бексұлтан.

Анасы: Тарсылдатып мазамды

аласың.

-- Ана сіз ұйықтағанда ғана ойнаймын



ғой.

* * *


Сабақ үстінде алма жеп отырған

Бексұлтанға апайы:

-- Неге алма жеп отырсың.

-- Үзілісте қолым тимейді, жүгіріп

ойнаймын.

* * *


-- Ана бүгін бізді мектепте дəрігер

тексерді.

-- Қай жеріңді тексерді.

-- Жүрегіміз соғып тұрма соны

тексерді.

* * *


-- Балам не үшін жылай бересің?

-- Не үшін жылап тұрғанымды өзім де

білмеймін.

* * *


Анасы Бексұлтаннан:

-- Балам сен мені өскенде бағасың

ба?

-- Иə, апа жақсылап бағамын.



-- Қалай бағасың?

-- Арқандап бағамын.

* * *

Мұғалім бастауыш сынып



оқушыларынан сұрайды:

-- Балалар, сендер кім үшін

оқисыңдар?

-- Апай, сіз үшін оқимыз.

* * *

-- Апа, жапырақтарды кім сарыға бояп



қойған?

-- Күзде барлық жапырақтар сарғаяды

балам.

Дархан АБДЫҚАДЫР,

оқушы.

Бàëà òiëi áàëäàé



Áiëiì ´ëåìi

5

22-қараша 2014 жыл

(Жалғасы. Басы газеттің өткен

сандарында).

-- Тоқтаңдар, осылай тұрыңдар! Мен

Сырттанымды қазір əкелемін, -- деді де

бар дауысымен «Сырттан, Сырттан!» деп

айқайлап итін шақырды. Өріктің

көлеңкесінде басын алдыңғы екі аяғына

қойып алаңсыз жатқан Сырттан

Дидардың даусын естісімен орнынан

атып тұрды. «Мазамды алып неге

шақырып жатыр?» -- дегендей құйрығын

бұлғаңдатып дауыс шыққан жаққа

таңданыспен қарады. Осы сəтте өзін

шақырған иесінің даусын тағы есітіп есік

алдына қарай жүрді. Жанына құйрығын

бұлғаңдатып жетіп келген Сырттанның

басынан сыйпап:

-- Сырттан бас! -- деді даусын

қатқылдау шығарып.

Осы кезде қақпа алдында Қуаттың

жетегінде тұрған Алабайы зор даусымен

үріп қоя берді. Жақыннан Алабайдың

арпылын естіген Сырттан басын қайқаң

еткізіп көтеріп алды да орнында кілт

тұрып қалды. Бар назары есік жақта.

Тышқан аулаған мысықтай жайлап басып

қақпаға қарай жақындай берді. Сосын

«Есікті аш, неге қарап тұрсың!» дегендей

Дидарға қарады. Бұл көрініске Дидар

қайран қалды. Итінің екі көзі бейне бір от

шашып тұрғандай.

Дидар қақпаның есігін адамның басы

сиярлықтай етіп ашты да, Қуатқа:

-- Итіңді шынжырынан босат, мен қазір

Сырттанды шығарамын, -- деді. Қуаттың

күткені де осы еді қара төбеттің  қарғы

бауын сыпырып алып қоя берді. Дидар да

қақпаны айқара ашты. Сырттан сыртқа

атып шықты да бір орнында қозғалмай

қалшиып тұрып қалды. Қарсы алдынан

өзінен анағұрлым үлкен қара төбет шыға

келгенін көргенде желкесі күжірейіп айбат

таныта ырылдады. Осы сəтте тіпті адам

таңқаларлықтай ешкім күтпеген көрініс

болды. Сырттанды көрісімен қара төбет

қорыққанынан құйрығын екі бұтына

қысып алып тұра қашты. «Алабай!

Алабай!» -- деп айқайлаған иесі Қуатқа да

қарамай зытып бара жатты. Сырттан

болса оның соңынан бір-екі рет үрді де

бұрылып ішке кіріп өріктің түбіндегі өз

орнына барып қайта жатты.

-- Қуат, а Қуат! Мақтаған чемпион итің

осы ма? Біздің Сырттанды көргеннен

зəресі зəр түбіне кетіп тұра қашқаны

қалай, -- деді Дидар.

-- Иə, саған! Сенің итіңді  аяды ғой,

əйтпесе жеп қоятын еді, -- деді Қуат.

-- Қойшы-ей, шынымен бе, чемпион-

сымақ итің өзің сияқты

сужүрек екен ғой? --

деп күлді Дидар.

Итінің Сырттаны айбатынан-ақ

қаймығып тұра қашқанына

намыстанған Қуаттың жүзі қымызға

тойған қариялардай нарттай қызарып,

қолындағы шынжырын топырақ жолға

шаңдата сыңғырлай сүйретіп, бар баланы

соңынан балапандай ертіп, əлі де

қаратөбеттің өзінен бойы тіпті аласа

Сырттаннан неліктен сескенгенін

түсінбей  үйіне қарай ашуға булығып бара

жатты. Бұдан кейін балалар арасында

бұл оқиға бірер күн айтылып жүрді де

кейіннен ұмыт болып кетті.

Астымда торы қасқа, соңымнан ерген

Сырттаным бар. Бір кемісі, асынған

мылтығым мен қолымда қырғиым жоқ.

Осы екеуі болса, нағыз саятшының өзі

болар едім, деп ойлады Дидар. Тіп-тік

беткейді қиялай өрлеп Дегерездің асуына

шыққанда Торы қасқаның табаны ақ қарға

тиді. Дидар қыс ызғарын кəдімгідей

сезінді. Бірнеше шақырым жалғыз аяқ

сүрлеуді артқа тастап  Көкбелдің асуынан

асып, торысын ылдилата төмен салды.

Ескі жұрттағы моланың жанынан өткенде

бойын аздап үрей биледі. Енді алдынан

ұзынан ұзын созылған терең сай

ұшырасты. Сол терең сайды жағалап

жүріп отырды. Көп ұзамай алдынан

шопан қыстауы да көрінді.  Жамыраған

қойға  бір малшы айырмен ақ қарға шөп

шашып жүр. Екіншісі бытырай  шашылып

ақ қарды тұмсығымен түртпектеген

оншақты саулықты қайтарумен əлек. Тау

баурайы болғандықтан мұнда  кəрі қыс

күшіне міне бастапты. Төңіректің бəрін

алыстан шолып келе жатқан Дидар сай

жағалаған сүрлеумен қыстау тұсына

жақындай бергенде қора маңында жүрген

бес-алты төбет арпылдай үріп алдынан

шыға келді. Сол сəтте ғана Дидардың

есіне соңынан еріп келе жатқан

Сырттаны түсті. Сырттан арпылай үрген

көп итке тоқтаңқырап бір қарады да

қашқақтап аттың панасына тығылмай

жүрісін жылдамдатып Торы қасқаның

алдына түсті. 

Салт ат мініп, соңына  сары ит ерткен

қаршадай бала аспаннан  топ етіп түсе

қалғандай екі шопан да бар шаруасын

доғарып «Бұлар қайдан шыға келді?»

дегендей таңдана

қарап қалыпты.

Шопанның бар иті

жарыса үріп жақындап қалды.

Дидарға: «Қап, үйге бекер тастап

кетпеген екенмін. Көп төбет жабылып

итімді талап тастайтын болды. Қалай

көмектессем екен», деген ой ғана келді.

Ол осы мазалаған ойдан арылып

үлгіргенше бір-бірімен жарысып алға

ұмтылған тайыншадай ірі төбеттер

жақындай берді. Ең алдында Қуаттың

қара төбетінен де ірірек ала ит бар

жылдамдығымен зулап келеді. Дидар

Торы қасқаның тізгінін амал жоқ тартты.

Сырттан желкесін күжірейтіп төрт

тағандап тұра қалды. Енді не болар

екен? Ала төбет құйындай ұшқан күйі

келіп Сырттанға ауыз сала бергенде көз

ілеспес жылдамдықпен кілт бұрылып

əлгінің желкесіне ауыз салды да кілемдегі

белдескен палуандардай шыбын құрлы

көрмей сай табанына қарай лақтырды.

Дəу аланың қаңқылдаған жан даусы

шықты. Онымен ілесе келген тағы бір дəу

қара итке оқтай атылып алқымынан алды

да бір-екі жұлқылап алып, жерге атып

ұрды. Қаңқ еткен жан даусы шыққан əлгі

ит орнынан сүйретіле көтерілді. Екі иттің

соңынан ере шапқылаған үшінші итке

Сырттан қарсы ұмтылды. Ол байғұс

еңістен ойға қарай жүгіргендіктен бе өзін-

өзі тоқта алмай қалды. Алдыңғы екі итпен

салыстырғанда кішілеу болғанымен

Сырттанмен салыстырғанда  сəл ірірек

еді. Үшінші иттің де алқымынан алып,

шалт қимылмен оны да сай табанына

қарай лақтырды. Бұл кезде дəу сары ала

төбет қыңсылап сайдан шығып келе

жатқан. Алдымен жүгірген үш иттің

мынадай жағдайын көрген қалған иттер

арпылдай үріп орнынан қозғалмай кілт

тоқтап тұрды да қалды. Талауға келіп

таланып қалған үш ит қыңсылап  соңына,

Сырттанға қарай-қарай қора жақты бетке

алды. Осылайша бұл шайқас бірнеше

минутқа ғана созылып, жалғыз иттің

үстемдігімен бітті.

Дидар торысымен желіп отырып

отарына шөп шашқан шопанға жақындай

берді. Сырттаны тіпті ештеңе

болмағандай басын тік көтеріп Торы

қасқамен қатарласа жүріп келеді. Дидар

тап қазір көз алдында болған оқыс оқиға

елесінен арыла алар емес.

-- Əй, балам, жол болсын! -- деген

дауысты естігенде ғана  селк етіп

ұйқысынан оянғандай қарады. Айырын

иығына салған шопанның сирек біткен

шоқша сақалына ақ кіре бастапты.

Бұрындары бір көрген жүзтанысы сияқты.

-- Ассалаумағалейкім, -- деді Дидар.

-- Əліксалам балам!

-- Нағашымның аулына бара жатыр

едім, -- деді Дидар.

-- Нағашымның аулына дейсің бе?

Нағашымның де! Е, е, мені қара басып

танымай қалыппын ғой. Мынау Үсекеңнің

Торысы емес пе. Үсен жездемнің баласы

емессің бе? -- деді.

-- Иə, -- деді Дидар.

-- Олай болса, қарағым, маған да жиен

екенсің. Тұрдықұл деген нағашың

боламын. Үйлеріңде болып əпкемнің

талай рет шəйін ішкенмін. Ал жиен, мына

сенің итің нағыз иттің сырттаны екен.

Біздің төбеттерді қара басып өз

сырттандарын танымай таяқ жеп қалды.

Өздеріне де сол керек, – деді əлгі шопан.

Дидар Сырттанын шопанның иттің

сыртаны екені дегеніне онша

түсініңкіремегенімен, оның атына мақтау

естігенінен соң көңілі əжептеуір көтеріліп

қалды. Бұдан соң да бірнеше шопан

қыстауын артқа тастады. Бір

таңқаларлығы, əлгі қыстаулардан үріп

шыққан иттердің бəрі де жақындап

келгенімен Сырттанға бата алмай кері

қайтып кетті.

Дидар ойлы-қырлы жолмен бірнеше

шақырымды артқа тастап нағашысының

ауылына да жетті. Торы қасқасын

қаңтарып, тамақтанып болған соң өзіне

таныс ауыл балаларымен асық ойнады.

Ойынның қызығына беріліп кеткені

соншалықты жанына келген нағашысын

да аңғармай қалды.

(Жалғасы бар).

Желто°санныº

бiр к¾нi 

(əңгіме)

Орынбасар 

СҮТТІБАЙ.

1960  жылдары  шетел зерттеушілері  «педагогикалық

технология» терминін  енгізді. «Педагогикалық

технология»  дегеніміз тəжірибеде  жүзеге   асырылатын

белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің  жобасы.

Педагогикалық  жағдайларға  сай  қолданылатын  əдіс-

тəсілдер  оның  құрамды  бөлігі  ғана» деді В.Беспалько.

Педагогикалық  технологиялардың Г.К.Селевко прак-

тикада   қолданылатын  3  деңгейін  көрсетті: 

1)Жалпы   педагогикалық (дидактикалық); 

2) Жеке методикалық (пəндік);

3) Логикалық (модульдік).

В.П.Беспалько  өз  еңбегінде  педагогикалық

технологияның   методикалық  негізіне  3 компонентін

атап  көрсетті: 

1) Ұйымдастыру  формасы; 

2) Дидактикалық  процесс

3) Мұғалімнің  біліктілігі.

Педагогикалық  технологияларды   зерттеуші

педагогтардың  пікірінше, технологияны  пайдалану

кезінде  педагогикалық  əсер  ету  қағидаларын

төмендегідей  сипаттаған:

1) Нəтижелігі – алдын-ала  жобаланған, күтілетін

нəтижелерге ұмтылу; 

2) Тиімділігі  -- аз  уақытта  көп  шығынсыз  белгіленген

нəтижеге жету;

3) Объективтілігі – көп салалық  пəндерден  жинаған

білім  негізінде  оқу-танымдық  іс-əрекетті  ұйымдастыра

білу; 

4) Тұлғалық  бағыттылығы – ең  соңғы  күтілетін



нəтиже  жеке  тұлғаның  қалыптасуы,  дамуы  болуы

шарт; 


5) Талап  қоя  білу – объективтік  мазмұны

бағытындағы  педагогикалық  іс-əрекет  немесе  объект

туралы  білім  тұлғаның  белгілі  бір  ұстанымдарын

білдіреді; 

6) Рефлексия – педагогтың  өзін-өзі  тану қажеттігі; 

7) Үйлесімділігі – жеке  тұлғаның   жан-жақты  дамуы

үшін  бірыңғай  педагогикалық  əсер  ету  немесе іс-

əрекеттің  орындалуы.

Қазақстан  тарихы   бүгінгі  таңда   мемлекеттік

маңызы  бар  оқу  пəніне  айналып  отыр, еліміздің

барлық  жоғары  оқу  орындарының (ЖОО) оқу

жоспарларына  енгізілген. 

Оқушылардың   Қазақстан  тарихы  пəніне  деген

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  əлемдік   білім

беру   жүйесіндегі   оқытудың   озық  үлгілерін, жаңа

технология   түрлерін, олардың  əдістерін  тиімді

пайдаланған  жөн. 

Деңгейлеп – саралап  оқыту  технологиясы  бойынша

оқушылардың   білім деңгейі   бойынша  4  топқа   бөліп

жеке  тапсырмалар  беру   арқылы   оқытуға  болады:

1) Міндетті  деңгей. Берілген  тапсырманы

орындайды, бағдарлама көлемін  игерген. 

2) Алгоритмдік   деңгей. Берілген  тапсырманы өз

бетімен  орындайды. Бағдарлама  көлемін толық

игерген. 

3) Эвристикалық  деңгей. Өз  бетімен ізденеді. Талдау,

зерттеу  жұмыстарын  жүргізе  алады.

4) Шығармашылық  деңгей. Оқушы  кез-келген

əрекетте  өзінің   теориялық   білімін  қолдана  алады

жəне  шығармашылықпен  жұмыс  жасайды. 

Деңгейлеп  - саралап  оқыту   технологиясы   бойынша

«Орта  ғасырдағы  Қазақстан  мəдениеті»  тақырыбында

əр  деңгейге   төмендегідей   тапсырма   беруге  болады:

1) Міндетті  деңгей – оқулықтан  берілген  тапсырманы

оқып келу;

2) Алгоритмдік  деңгей – ортағасырлық  Қазақстан

мəдениеті  бойынша  жоспар  құрып, тезис  жасау; 

3) Эвристикалық  деңгей – орта  ғасырлардағы

ғұламалар   туралы  мəліметтер  жинау;

4) Шығармашылық  деңгей – өз  бетімен

ортағасырлық  ғұламалар   туралы   мəліметтер  жинап,

өзіндік   жұмыстар  орындау  жəне  олардың  еңбектеріне

талдау  жасау.

Көрнекті  ғалым В.Шаталов  тірек – сызбалар  арқылы

оқыту  технологиясының  негізін  қалады.

Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты – білім, білік,

дағдыны  қалыптастыру; барлық  баланы  оқыту;

оқытуды  жеделдету.

Оның  ерекшеліктері – үнемі  қайталау, міндетті

кезеңдік  бақылау, жоғары  деңгейдегі  қиыншылық,

блокпен  оқыту, тіректі  қолдану; жеке бағдарлы  қарым-

қатынас, ықпал; ізгілік, еркімен оқыту; əр оқушы пікірін

ашық айту, шығармашылық  əрекеттеріне  жол  ашады;

оқыту  мен тəрбиенің  бірлігі. 

Модульдік технологияның   басты  мақсаты –

оқушылардың  өз  бетінше   жұмыс  жасауын  дамыту,

оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  тəсілдері  арқылы

жұмыс  істеуге   үйрету. 

Барлық жаңа   технологияны пайдаланудағы  мақсат -

- оқушылардың  психологиялық, жас  ерекшеліктерін

ескере  отырып, өз  беттерінше   ізденуге   үйрету  жəне

шығармашылығын  дамыту. 

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Сондықтан, əрбір  оқытушы

өз  сабақтарын  бəсекеге   қабілетті  елдің  болашақ

тұлғаларын  дамытуға  бағыттауы  тиіс.

А.ТҰРҒАНОВА,

аудандық білім  бөлімінің 

əдістемелік  кабинет меңгерушісі. 

Æàºà òåõíîëîãèÿëàðäû òàðèõ ï´íiíäå °îëäàíó



Áiëiì ´ëåìi

4

22-қараша 2014 жыл

Кешегі жас ұрпақ, бүгінгі жас

маман--өзінің саналы ғұмырын бала

тəрбиесіне бағыштап, тəуелсіз

Қазақстанның білім көшіне үлкен

үлес қосу басты мақсаты болуы тиіс.

Шəкірттер  бойына ұлттық құн-

дылықтарды қалыптастырып, отан-

сүйгіштік, адамгершілік, адалдық,

бауырмалдық қасиеттерін сіңіру--жас

мамандардың басты ұстанымы

болуы тиіс.

2014--2015 оқу жылында бастауыш

сыныптардағы жас мамандардың

саны--44. Жас маманға көмек

шығармашыл мұғалімдерден, əдісте-

мелік бірлестіктен, тəлімгерден, əдіс-

кер тарапынан жүргізіледі. Ондағы

мақсат мұғалімнің кəсіби тұлғасын қалып-

тастырудың жеке əдістемесін жасау.

Жұмыстың міндеті: Оқыту үрдісінде ізгілендіру

мен демократияландыруды басшылыққа алу; Жаңа

заман талабына қойылатын талаптарды зерттеу;

Педагогикалық жаңашылдықты үйрену-меңгеру-

өмірге ендіру-дамыту; Сабақ типологиясын зерттеп

игеру.


Рудакий былай деген екен:

«Жүрегіңмен сезбесең,

Əлемнің сырын ұқпайсың.

Көзіңмен көрем дегенмен,

Барлығын байқап шықпайсың».

Əр тəлімгердің арнайы жоспары бойынша іс-

əрекеттің аяқсыз, нəтижесіз қалмауын қадағалап,

бағыт-бағдар беріп  отырамын.

Тəлімгер ұстаздардың міндеті: Оқушыларға білім

берудің тиімді тəсілдерін үйрету.

Пəнді игерудегі техникалық жұмыстар мен

ұстаздық шеберліктің өзіндік шеберліктерімен жеке

жұмыс жасау.

Ашық, үлгілі сабақтардан алған білімдерін

ұстаздыққа баулуда толықтай, дұрыс қолдана

білуіне жол ашу.

Оқушының есту, есте сақтау

қабілетін жетілдіру. Ұстаз болудың

өзіндік ерекшеліктерін,  ол туралы

еңбектерді болашақ ұстаздық ба-

ғытпен сараптауға үйрету. 

Жас мамандармен жұмыс барысы

тіркеледі. Жас маманның тегі, аты-

жөні, мектебі, сыныбы; Тəлімгер

тағайындау туралы бұйрық көшір-

месі; Жас маманмен əңгімелесу;

Тəлімгері туралы мəліметтерден

хабардар болуы; Тəлімгермен бір-

лескен жұмыс жоспары; Тəлімгермен

қарым-қатынасы, ұсыныс, тілегі;

Тəлімгерінен басқа кімдерден қандай

көмек алды? Сабағына кімдер,

қанша сағат қатысты? Өзі кімнің

сабағына қатысып, қандай əдістемелік көмек алды?

«Жас мамандар мектебіне» қатыса ма?

Жас маманның өз сабағын өзі талдау, бағалау

деңгейі.

Болашақ жас ұрпақты білім нəрімен тəрбиелеуде

біздің əрбір ісіміз бен ізімізде жаңашылдық болуы

тиіс. Жалындаған жас мамандар ұлағатты ұстаздар

көшінде, білім саласына өз қажыр-қайратымен

жеткенінше үлес қосып келеді. Қандай білім берсек

те ескіден жаңаны, жаңадан жаңаны таба білуіміз

керек. Осындай жас мамандардың көшін түрлі

байқауларда өз мамандығын нағыз сүйетін, еңбек

жолында əрдайым шығармашылық ізденіс пен

білуге құмарлық оты жалындап тұрған Ш.Уəлиханов

атындағы №2 орта мектебінен Айнұр Көлбаева,

Б.Биболатұлы атындағы орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі Сəбира Абдирова, №1 мектеп-

гимназиясының мұғалімі Гүлдана Шатабаева,

Біркөлік негізгі мектебінен Бану Кокишова сияқты

мұғалімдерді атап өтуге болады.

А.ӘУЕЛБЕКОВА,

аудандық білім бөлімінің 

бастауыш сынып мұғалімдерінің əдіскері.

Біздің Ханарық жалпы орта мектебінде  «Шамшырақ»

қоғамдық бірлестігі мен мектеп ұстаздарының ұйым-

дастыруымен құқықбұзушылыққа қарсы күрес жəне алдын алу

бойынша мамандардың қатысуымен тақырыптық кездесу өтті.

Іс-шараға барлық жоғары сынып оқушылары, олардың ата-

аналары, көше комитеттері төраға-төрайымдары, ауылдық

ардагерлер жəне əйелдер кеңестері мүшелер қатысты. 

Жиналысты аудандық «Шамшырақ» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы, мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі

орынбасары Əлішер Усманов ашып, жүргізіп отырды. «Бала

тəрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» деген тақырыпта

баяндама жасады. Көпшілікті аталмыш тақырып бойынша

ортаға ой тастауға шақырды. Ата-аналардан Эльира

Саметова, Мадалхан Рахманов, Майрам Ибрагимова жəне

тағы басқалар мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, құқық

бұзушылықтың алдын алу, жастар тəрбиесі, бала

тəрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі тақырыбында ой-

пікірлерін ашық білдірді. 

Мəуелі көшесінің комитет төрағасы Дилмурат Гульбаев

мектеп тарапынан ұйымдастырылып тұратын «Түнгі рейд»

профилактикалық кезекшіліктеріның нəтижесі туралы айта

келе, ата-аналар мен ұстаздарыдң бірігуі нəтижесінде іске

асырылып жатқан тəрбие жұмыстарына оң бағасын берді.

Ата-аналарды мектеппен ұдайы ынтымақтастықта жұмыс

жүргізуге шақырды. 

Кездесуге арнайы шақырылған аудандық ішкі істер

бөлімінен келген аға учаскелік полиция инспекторы, полиция

майоры Асан Қалабаев пен кəмелетке толмағандар істері

жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны

Бердалы Батырбеков діни экстремизм мен терроризмнің,

құқықбұзушылықтың, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу,

жолын кесу, халықтар достығын нығайту бойынша атқарылып

жатқан жұмыстарға тоқталды. Олар сонымен қатар

балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуы, оқушылардың

себепсіз сабаққа қатыспай, міндетті орта білім алудан

қасақана жалтарғандығы, оның жауапкершілігі туралы айтып,

Қазақстан Республикасы Қылмыстық колексі жəне əкімшілік

құқықбұзушылық кодексі баптарымен, кəмелетке тол-

мағандардың кешкі мезгілде ата-ана қадағалауынсыз

жүрмеуі, бөтеннің немесе мектептің мүлкін қасақана немесе

абайсызда бүлдіргенде салынатын айыппұл, оның өндірілу

ережесімен де таныстырып өтті.

«Білім əлемі-ақпарат».

“ØÀÌØÛÐÀ¥ÒÛ£”



½éûìäàñòûðóûìåí

Оқушылардың өнерге деген сүйіс-

пеншілігін арттыру еңбекке деген

шеберлігі мен икемділігін қалыптастыру,

ұлтымыздың көкейінде келе жатқан салт-

дəстүрімен таныстыру, еңбек ету

мəдениетіне тəрбиелей отырып, функ-

ционалдық сауаттылығын жетілдіру, əрбір

технология пəні мұғалімінің алдына

қойған мақсаты.

Қазіргі таңда қоғамның нарықтық

жағдайына байланысты халқымыздың

салт-дəстүрлері, ұлттық қолөнерінің

көркемділігі жəне өнері – адамның руха-

ни, мəдени тұрмысынан бөлінбейтін

құндылық. Қай халықтың болмасын

ұлттық өзіндік əуені, салт-дəстүрі,

қолөнері, сол ұлттың мəртебесін биікке

көтереді.

Ұлы Абай атамыз 33-қара сөзінде

былай дейді «Егер де мал керек болса,

қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды,

өнер жұтамайды Алдау қоспай,  адал

еңбегін сатқан қолөнерді – қазақтың

əулиесі сол». «Əулие» деген қазақтың

түсінігінде ең құдіретті, қасиетті, киелі

адам деген мағынаны береді. Абай

өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың

қастерлі адамы деп əулиеге теңеп

отырған.


Бүгінгі таңда қазақтың қолөнерін оқыту

үрдісінде көшіріп салу, дайын жобалық

нобайлармен жұмыс жасау орын алып

келеді. Ал технология пəнінің басты

атқаратын міндеті – ол əрбір баланың

бойына біткен табиғи қабілетін дамыту,

соған қолдау жасау, болашақта қолөнер

шеберлерін даярлауға септігін тигізу.

Технология сабақтарының процесін

жетілдіру білім алушылардың еңбекті

зерттеу жəне шығармашылық қатынасын

қалыптастырады. Халқымыздың сан

ғасырлық  асыл дəстүрі мен салтын

насихаттап қана қоймай мүмкіндігінше

қолмен жасатып, мəнділігі мен сəнділігін,

шығу  тарихы мен аталуын, жіктелуін,

тұрмыстық қолданысын білдіру, зерттеу

жүргізуге бағыттау, шығармашыл, қол-

өнерге, əдет-ғұрыпқа сеніммен қарайтын,

құрметтеу сезімі жоғары, ұлттық санасы

қалыптасқан талапты жеке тұлға

тəрбиелеу осы пəннің үлесіне жатады.

Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді

дамыту тұжырымдамасының мақсаты –

жылдап өзгеріп отырған  дүние жағдай-

ларында алынған терең білімнің, кəсіби

дағдылардың негізінде еркін бағдарлай

білуге өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі

дамытуға жəне өз бетінше дұрыс,

адамгершілік тұрғысынан жауап, шешім-

дер қабылдауға қабілетті жеке тұлға

қалыптастыру.

Əрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің

бəсекеге қабілетті болуының басты

ошағы ұстаз берген біліммен баға-

ланады. Сапалы білім мен саналы

ұрпақты қалыптастырушы əрине, ол –

ұстаз. Мұғалімнің өзі құзіретті болмай,

мақсатқа жетуі екіталай. «Ұстаз қандай

болса, қоғамы сондай» деген бұлжымас

заңдылық қай қоғамда да көкейкесті екені

сөзсіз. Жаңа формация мұғаліміне қазіргі

таңда мынадай міндеттер жүктеліп отыр:

1. Мамандығы бойынша негізгі дайын-

дығы болуы;

2. Адамдардың адамға, қоғамға қаты-

насын реттейтін құқықтық жəне этикалық

нормаларын білуі; 

3. Қазіргі білім беру технологиясын

пайдалана отырып, жаңа білім алуы жəне

өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра

білуі;


4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;

5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық саяси

жəне тұрмыстық, тілдер ауқымында мем-

лекеттік жəне шетел тілдерінде сөйлесе

білуі;

Білімі терең жəне жоғары мəдениетті,



ғылым мен техниканың жетістіктерін

игерген оқушының өзін-өзі тануға ұмты-

луына, ізденуіне жол ашу – мұғалім

алдындағы үлкен міндет.

Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам

дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дəлелді

шешімдер қабылдауы керек. Берілетін

білімді де, тəрбиені де əдепті де ұрпақ

бойына құр айтумен ғана емес, өз

бойымызға шынайы асыл қасиеттерімізді

іс арқылы сіңіре алсақ, ұтарымыз көп

болмақ. 


Технология пəні мұғалімінің көздеген

басты мақсаты – жас ұрпақты əлеуметтік

белсенділікке, өндіріс пен қоғамның ара-

сындағы байланысын түсінуге, сонымен

қатар қоршаған ортаға технологияның

əсерін білу, технологиялық сауаттылығын

қалыптастыра отырып, жауапкершілікке,

тиянақтылыққа тəрбиелей отырып, тех-

нология пəні бойынша оқушылардың

функционалдық сауаттылықтарын қалып-

тастыру болып табылады. Сонымен

қатар технология пəнінде ұлттық қол-

өнерді, тəрбиені үйрету арқылы;

- рухани мəдениеттілік; 

- еңбекқорлық;

- шыдамдылық;

- ұлтжандылық;

- шеберлік;

- шығармашылық дағдыларын қалып-

тастырамыз.

Ежелгі гректің бір афоризмінде «Бала

жаны – толтыратын бос ыдыс емес,

тұтатуды қажет ететін алау» делінген

екен, ол өз халқымызда «Бұлақ көрсең,

көзін аш» дегендей, өнерге икемі бар,

іскерлігі бар балалардың өнерге деген

білімін қалыптастыру, іскерліктерін

шыңдау – ұстаз міндеті болып табылады.



Гүлзинат РҮСТЕНБЕК,

аудандық білім бөлімінің

эстетикалық пəндер əдіскері.

Á´ñåêåãå °àáiëåòòi ò½ëμà

ò´Ýáèåëåóäåãi ½ñòàç Ýîëi

Á¾ãiíãi æàñ ìàìàí – 

ÁÎËÀØÀ¥ ÍÅÃIÇI

Мұғалім өзінің  білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген

киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты əсер етеді.

Мəлік ҒАБДУЛЛИН.


Áiëiì ´ëåìi

3

22-қараша 2014 жыл

Абай атындағы жалпы

орта мектепте «Ақмон-

шақ» қыздар клубының

жетекшісі Рита Ахмето-

ваның ұйымдастыруы-

мен жоғары сынып

оқушылары арасында

«Алтын күз -- 2014»

мерекесі өтті. Мектеп

директоры Ө.Өсербаев

құттықтау сөз сөйлеп,

күз айында  еңбекшілер

«Сабан тойын» өткізсе,

білім беру мекемелерін-

де «Алтын күз» мерекесі

ұйымдастырылатынын

айтты. «Күз аруы» бай-

қауына қатысушы үміт-

керлерге сəттілік тіледі.

Мереке жүргізушісі «Күз аруы»  байқауы шарттарымен таныстырып,

ортаға үміткерлерді шақырды. Қазақтың сұлу қыздары қазақша

көйлектерімен шыға келгенде, сахна сəнін келтіріп, көрермендердің

ерекше ықыласына бөленді. Олар өзін таныстыру, қолөнер

бұйымдарын жасау, ас əзірлеу, сəн үлгісін көрсету сияқты сындардан

өтті. Қыздардың қиялынан туған тамаша туындылардың ішінде

торсық, киіз үй, дəнді дақылдардан істелген туындылары көпшілік

көңілінен шықты. 

Байқауда жеміс-жидектерден жасалған салаттар көздің жауын

алды. Сəн үлгісін көрсету кезінде де қыздар жапырақ, гүлдерден

жасалған көйлектерін киіп шығып, мереке ажарын аша түсті. «Күз

аруы» байқауының бас жүлдесін 9-сынып оқушысы М.Бейсенбаева

жеңіп алды. Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты.

Қ.ТӨЛЕМЕТОВА,

Абай атындағы орта мектептің 

қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.

«Балапан» бағдарламасы аясында

2013 жылы «Балбұлақ» балабақшасы

ашылып, 12-қарашада аудан əкімінің,

ауданның құрметті азаматтары мен мекеме басшы-

ларының қатысуымен салтанатты ашылуы өткізілді.

Олар жүрекжарды тілектерін білдірді. «Қырықтың бірі

қыдыр» дегендей,  айтылған жақсы, ізгі

ниеттер орындалып, бүгінде тəрбие-

ленушілермен 1 жылдығымызды атап

өтудеміз. 

Балабақша мəселесі республика көле-

мінде кешенді түрде шешілуді қажет ете-

тін өзекті мəселелердің бірі болып

тұрғаны белгілі. Баланы балабақшаға

орналастыру қиыншылығының ата-ана-

лар үшін жеңілдегені көңіл қуантады.

Қазіргі таңда ата-аналардың перзенттерін

өзіне ұнаған кез-келген балабақшаға

апаруға толықтай мүмкіндігі бар. 

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде

30-дан астам адам тұрақты жұмыспен

қамтылды. Олардың көбісі жас маман-

дар, 20 -- 30 жылдан астам еңбек өтілі

бар педагогтарымыз да жоқ емес. Білікті

мамандардың жастарға үйретері көп. 

Былтырғы жылы 125 баламен 4 топта

жұмыс жасаған едік. Биылғы

жылы тағы бір ғимаратымыз

пайдалануға беріліп, 6 топта

175 бала тəрбиеленуде.  

Оған қоса, хореограф би

сабақтарын өткізуде. Елба-

сының «Тілдердің үштұғыр-

лығы» саясатына сəйкес

орыс, ағылшын тілін оқы-

тамыз. Биылғы оқу жылынан

бастап дене шынықтырудан

нұсқаушы жұмыс істеуде.  

Былтырғы жылы «Өркен»

ойын-сауық мекемесінің

ұйымдастыруымен өткізілген

би байқауында балабақша-

мыз екінші орынды иеленді. 

Мектеп жасына жеткен

бүлдіршіндеріміз биылғы

жылы мектеп табалдырығын

аттады. Олардың тəртібі мен оқу үлгерімдерінің жақсы

екенін айтып, сынып жетекшілері алғыстарын білдіруде.  

Балабақшамыз “Қазығұрт” мөлтекауданында орна-

ласқандықтан, қаладағы қоғамдық көлік

қатынасының ақсауы салдарынан,

баланы бақшаға жеткізу қиындығы ата-

аналар арасында талқыға түсіп,

тасымалдау қызметін ұйымдастыруға

сұраныс жасады. Бұл мəселені «ГАЗель»

автокөлігін жалдау арқылы шештік. Ата-

аналардың сұранысы бойынша екінші

«ГАЗель» автокөлігін жалдау жағы

қарастырылуда.    

Жаңаша идеяларды іске асыру мақса-

тында əрдайым ізденіс үстіндеміз.

Тəрбиеленушілеріміз өнерлі, білімді,

тəрбиелі болып өсіп, жетілсе, біздің де

еңбегіміздің жанғаны. 

С.ТӘЖІМБЕТОВА,

«Балбұлақ» 

балабақшасының əдіскері.

“БАЛБ±ЛАҐ” — 1 жаста

“`ë2/… *Rƒ” –

=ë2/… 0=ƒ/…=

М.Əуезов атындағы жалпы

орта мектепте алғашқы əскери

дайындық пəнінен

«Бөлімшенің ұрыстық жəне

жорықтық тəртібі»

тақырыбында аудандық

семинар ұйымдастырылды.

Мақсат -- өскелең ұрпақтың

бойына отансүйгіштік,

патриоттық тəрбие сіңіру жəне

білім берудегі жаңа тəсілдерді

меңгерту. Семинарға қаладағы

біріктірілген қорғаныс істері

жөніндегі бөлімнен

М.Сарыпбеков, аудандық

төтенше жағдайлар бөлімінен

мамандар, аудандық білім

бөлімінің əдіскері С.Сұлтанов

жəне аудандағы барлық

мектептердің əскери

жетекшілері қатысты. 

Семинар барысында

егеменді елімізге аянбай

қызмет ететін, ой-өрісі кең,

алғыр да жүректі, сауатты да

салауатты азамат тəрбиелеу

мақсатында тактикалық

сабақтар мен тəрбие

сағаттары өтілді. Атап айтсақ,

ел Тəуелсіздігін дəріптеу

мақсатында 6 «а», «б» сынып

жетекшілері Р.Ақботаева мен

А.Сүлейменова «Тербетейік,

Тəуелсіздік тал бесігін» атты

тақырыпта ашық тəрбие

сағатын өткізді. Тəуелсіздік

туралы қанатты сөздер,

өлеңдер оқылды. Тəуелсіздік

жылдары жеткен жетістіктер

туралы слайдтар көрсетілді. 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына

орай, «Даңқ өшпес, Ұлы

ерлік!» тақырыбында 8 «а»,

«б» сыныптарының

жетекшілері А.Құрманбаева

мен Л.Керімбаева ашық

тəрбие сағатын өткізді. 

Алғашқы əскери дайындық

пəні мұғалімі Олжас Бегімхан

«Бөлімшенің ұрыстық жəне

жорықтық тəртібі»

тақырыбында тактикалық

алаңда ашық сабағын жоғары

деңгейде өткізе білді. Сондай-

ақ, «Саптан шығу, басшыға

бару, сапқа қайта тұру» атты

десант сабағын С.Əжібаев

өткізді. Одан кейін

мектепішілік жаппай

сейсможаттығу өткізілді.  

Семинар қорытындылау

кезінде қонақтар сабақтардан

алған əсерлерімен бөлісіп,

мектеп ұстаздарына алғыс

білдірді. Алғашқы əскери

дайындық пəні мұғалімі Олжас

Бегімханның көп ізденгенін

ерекше атап өтті. 



Ж.БАЛАБАЕВА,

М.Әуезов атындағы орта

мектептің мұғалімі.

Àóäàíäû° ñåìèíàð

«Өрлеу» БАҰО АКД-ның ұйымдас-

тыруымен «РІSA» халықаралық зерттеу

аясында «Оқушылардың функционалдық оқу

сауаттылығын дамыту» атты мерзімді курс

ауданымызда өтті. Курс барысында «Ин-

новациялық технологиялар мен жара-

тылыстану-ғылыми (гуманитарлық) мамандық-

тарды оқыту əдістемесі кафедрасының аға

оқытушысы Орынкүл Мухатованың түрлі

тақырыптарда инновациялық технологияларды

қолдану арқылы оқушының функционалдық

сауаттылығын дамытуға бағытталған дəрістерін

тыңдадық. Сондай-ақ, тренингтер мен

пікірталастар, шеберлік сыныптары ұйым-

дастырылды. Ұстаздар тың жаңалыққа толы

іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің іс-

əрекеттері мен шығармашылықтарын шыңдап

қайтты. Инновациялық оқытуда өздеріне

қойылатын талаптарды білді. Бұл қысқа мерзімді

курстың мұғалімдерге үйретері көп болды. 



К.АБЫЛАЕВА,

Жеңіс негізгі орта 

мектебінің қазақ тілі пəні мұғалімі. 

¥ûñ°à ìåðçiìäi

êóðñ°à °àòûñòû°


Áiëiì ´ëåìi

2

22-қараша 2014 жыл

«Болашақта еңбек  етіп, өмір сүре-

тіндер бүгінгі мектеп оқушылары.

Мұғалім оларды қалай тəрбиелесе,

Қазақстан сол деңгейде болады, сон-

дықтан ұстазға жүктелетін міндет

ауыр».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың

инновациялық нысандары мен əдістерін енгізу

педагог қызметкерлердің тұлғасына жəне

кəсіби құзыреттілігіне

жоғары талаптар қою-

да. Осы талаптарды

орындау мақсатында

мұғалімдер оқушы-

ның білімі мен дағ-

дыларын дамытуда

ғана емес, жалпы ал-

ғанда, баланың тео-

риялық білімін өмірде

қолдана алуды үйре-

те отырып, оқушыны

тұлға ретінде дамы-

туға атсалысуы ке-

рек.

Осыған орай, Ақай-



дар мектебінде "Тү-

зету-дамыту процесінде жаңа ақпараттық

технологияны зерделеу жəне қолдану"

тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинарды аудандық білім бөлімінің əдіскері

М.Жеткерова ашып, тренинг өткізетін пси-

хологтарға сəттілік тіледі.

Ақайдар мектебінің психологі А.Жұмабекова

"Түзету-дамыту процесінде арттерапияның

əдіс-тəсілдерін қолдану" тақырыбында тре-

нинг-сабақ өткізді. Ол Астана

қаласында "Отбасылық тəрбие

институтында" меңгерген əдіс-

тəсілдерін, теория жүзінде алған

білімін тəжірибе жүзінде көрсетті.

Осы тренингке қатысқан

Қаратөбе мектебінің психологі

Н.Маханов өз сөзінде  тренингтің

жоғары дəрежеде өткенін айтты. 

Алматы қаласындағы "Өрлеу"

ұлттық біліктілікті арттыру

орталығында ІІ деңгей бағдар-

ламасы бойынша сертификат алған Жаңа-

ұйым шағын жинақты жалпы орта білім

беретін мектеп психологі М.Қалқабаева "АКТ-

ның мектеп психологінің түзету-дамыту

жұмысындағы ролі" тақырыбында  топтық

жұмыс жүргізіп, тəжірибе алмасты.

Қ.Тыныбеков атындағы орта мектептің

психологі Е.Бектеміров пен Момынай шағын

жинақты жалпы орта мектебінің психологі

М.Мұстапаева екеуі бірлесіп, "Оқушыларды

ҰБТ-ке жаңа технология бойынша тиімді

дайындау əдіс-тəсілдері" тақырыбында ағар-

тушылық жұмыс жүргізді.

Педагог-психологтар семинарына қатысу-

шылар жаңа мағлұматтар алып, жақсы

көңіл-күймен тарқасты. 



А.ЖҰМАБЕКОВА,

Ақайдар орта мектебінің психологі.

Æàºàøà áàμûòòàμû

Білім саласын одан əрі

жетілдіру мақсатында əлемдегі

бүкіл елдер өздерінің білім беру

жүйелерін қайта қарап, қазіргі

заманға лайықтап, өзгеріс енгізуге

əрекет етіп жатқанда, біздің

елімізде де бұл жүйенің жоғары

сапалы жəне жемісті болуына күш

жұмылдыруда. Сондай-ақ, білім

беру жүйесіне бірқатар өзгерістер

енгізу қажеттілігі туындап отыр-

ғандығы мəлім. Мақсатымыз -- əр

балаға білім берумен қатар, білім

алу дағдыларын қалыптастыра

білу болып отыр. Сондықтан,

көптеген елдер алдында мұға-

лімдерді эвалюциялау жүйесін жасау, оған

қалай қол жеткізу мəселесі тұр.  Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың:

...Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса, басқа елдей қатарға енбек.

Білімге ел боп аңсап, құмарланса, 

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.., --

дегеніндей, еліміз жалпы педагог қызмет-

керлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы

қазақстандық мұғалімдерге эвалюация

жасаудың арнайы жүйесі  мектепті дамытуға

бағытталған деп айтуға болады. Қарқынмен

өзгеріп жатқан қазіргі қоғамда жан-жақты

дамыған мектепке қол жеткізу жолдары үнемі

анық жəне айқын деп айту да қиын. Мектептер

өз жұмыс əдістерін өзгерту барысында

оқушыға барынша білім алуға мүмкіндік жасап,

қолдау көрсетуі керек. "Назарбаев зияткерлік

мектебі," ДББҰ педагогикалық шеберлік

орталығының əдістемелік кеңесі ұсынған

жобаның алға қойған мақсаттары, аталған

бағдарламадан күтілетін нəтижелер оқушы-

лардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның

нəтижесінде, еркін, өзіндік дəлел-

уəждерін нанымды жеткізе ала-

тын, ынталы, сенімді, сыни пікір-

көзқарастары жүйелі дамыған,

сандық технологияларда құзыр-

лылық таныта алатын оқушы

қалыптасуын қамтиды. Бағдар-

ламаның негізін құрайтын ғылыми

зерттеулер кешенін зерделеу

жəне талдау, сонымен қатар,

мұнда ұсынылған түсініктер мен

тəсілдер еңбек жолын жаңа

бастаған мұғалімдердің, сондай-

ақ, тəжірибелі ұстаздардың көп

жылғы тəжірибесіне негізделген.

Бұл бағдарламаның маған

ұнағаны -- оқытудағы Кембридж тəсілінің

теориялық негіздері. Орта білім беру жүйесінде

əлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген

анағұрлым танымал оқу əдістемелері ара-

сында сындарлы теориялық оқуға негізделген

тəсіл (Hattie, 2009).

Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту,

бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе

сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен,

оқулықтан жəне достарынан алған білім-

дерімен астастырыла жүзеге асады деген

тұжырымға негізделген. Ұлы Абайдың:

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз, 

Бар тамырды қуалар... деген сөздері

əрдайым білімді, ынталы жүрекпен жаңартып,

дамытып отыруды көздесе керек.   

Б.БЕГАСЫЛОВ,

Жаңажол жалпы орта 

мектебінің директоры. 

Мен оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында тренинг

сабақ өттім. Шəкірттер бойындағы байқағыштық пен ерікті зейінді,

шығармашылық қабілеттерін дамытуды мақсат етіп қойдым. Тренинг

сабақты интерактивті əдістер, талдау, болжау, сұрақ қою жəне басқа да

əдістер көмегімен жүргіздім.

Шəкірттердің байқағыштық қабілетін білу үшін интерактивті тақтадан

20 дыбыс шығарып, (адамның, жануарлардың, құстардың, табиғаттағы

құбылыстардың) 5 минут ішінде оқушылардың қаншасы табатынын

анықтадым. Ал оқушы зейінін дамыту үшін  тақтаға бірнеше əріптерді

жаздырып, ілдім, артық əріптерді бояттым. Шəкірттерге сол əріптерден

сөз құраттым. Содан соң интерактивті тақтадан бірдей екі суретті

көрсетіп, оның 5 айырмашылығын табуға тапсырма бердім.

Жалпы, сабақ барысында оқушылармен 10 жаттығу жұмысын

жүргіздім.  Мəселен, 9-жаттығу «Суретші» деп аталады. Оқушылар бірінің

артына бірі тұрып, арқасына саусақпен сурет сала бастайды. Шəкірт арт

жағындағы сыныптасының қандай сурет салып жатқанын сезініп, ойша

бағамдап, айтып беруі тиіс.

Төртінші сынып оқушыларымен өткізген бұл сабағым өз жемісін берді

деп ойлаймын. Сабағымды шəкірттер шеңбер жасап тұрып, қолдарын

ортаға созып, бірінің үстіне бірін қойып, ант берулерімен қоры-

тындыладым:

-- Біз, оқушылар, ант береміз! Оқушылық жауапкершілікті мінсіз

орындауға, берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, мектептегі

дəстүрді сақтауға, білімді болуға, жаңа шыңдарға  бəріміз бірге жетуге

ант береміз!

Төртінші сыныпты жақсы деген бағамен аяқтауға, өзімізден кіші

ізбасарларға үлгілі аға мен əпке болуға ант береміз!

Бұл сабағымнан шəкірттерім көп əсер алды. Мен əр сабағымды

түрлендіріп өтіп, оқушы танымын дамыта түсуді басты мақсат етемін.



З.АЙЫМБЕТОВА,

Б.Түлкиев атындағы жалпы 

орта мектептің педагог-психологы.

Áàμäàðëàìàíûº áåðåði ê¼ï

ΰóøûëàð òàíûìûí

äàìûòàéû°

Атам заманнан аталарымыз

баланы бейкүнə періште деген. Ол

рас. Дүниеде тазалық, пəктік деген

болса, ол баланың кіршіксіз

көңілінде. Сол ақ ұлпа көңілге

иненің жасуындай болса да дақ

түсіріп алсақ, ол кешірілмес күнə

болар еді. Баланы бүршік атып,

жапырақ жая бастаған тал шыбыққа

да теңейміз. Оны қалай исең, солай

майысады. Түп-түзу немесе қи-

сайып, бұратылып өсуі бағбанына

байланысты деп те жиі айтып

жүрміз. Бұл да өмір шындығы.

Бала тəрбиесі жайлы сөз еткенде

бұрынғы мен бүгінгіні жиі салыс-

тырамыз. Бұл да өмірдің өз заңы ма

деп ойлап қаламын. Осыдан елу

немесе жүз жыл бұрынғы өмірді

айтпағанда, бүгінгі заманның 5 --10

жылының өзінде талай өзгерістер

болуда. Бұрынғы шəкірттер

мектепте ұстазын, бор мен тақтаны

ғана көрді. Ал əлемді көз алдына

жұмыр жердің қолдан жасалған

сұлбасы мен (глобус) карта арқылы

елестетті. Осы аз ғана мүмкіндікті

пайдаланып, білім алуға талпынды.

Ол кездері теледидарды айтпа-

ғанда радионы тыңдаудың өзі үлкен

жаңалық болатын. Ал қазір ше?

Оқушылардың білім алуына ба-

рынша жағдай жасалып отыр.

Теледидарыңыздан бір-екі емес,

жүздеген бағдарламаны көре

аласыз. Ауылдың, қаланың ғана

емес, əлемдегі бар оқиғалардан

күнделікті хабардар бола аласыз.

Ғаламторды еркіңізше пайдалана

аласыз. Оның зиянын да жиі айта

бастадық. Ол да рас. Бірақ, оны

балаңыздың  қалай  пайда-

лануының өзі сіздің берген тəрбие-

ңізге ғана байланысты. Біздің ендігі

мақсат -- ғылым мен техниканың

соңғы жетістіктерін тиімді пай-

далана отырып, бүгінгі ақ ұлпадай

таза балғындарымызды жан-жақты

дамыған тұлға етіп қалыптастыру

керек. Ол үшін ата-ана мен мектеп

жəне қоғамдық орта тығыз

байланыста жұмыс жасауы тиіс.

Бүгінгі таңда əлемдегі дамыған

мемлекеттердің бəрінде де бала

тəрбиесіне бірінші кезекте назар

аударылады. Оларда телеарна-

ларда біздердегідей бітпейтін

телесериалдар мен атыс-шабыстар

тек ақылы түрде ғана көрсетіледі əрі

кəмелеттік жасқа толмағандардың

көруіне тыйым салынған. Ал біздер

ше? Сол тура жолдан адастыратын

сериалдарыңызды бесіктегі бала-

мызға дейін қатарласып отырып

алып, аузымыздан сілекейіміз

шұбырып отырып көретін болдық.

Бізден əлдеқашан озып кеткен шет

елдерде телеарналардан ел, əлем

жаңалықтары, спорт пен мəде-

ниетке қатысты бағдарламалар

ғана тегін көрсетіледі.

Балалар неге де болса еліктегіш.

Жақсы əдет пен дағдыға емес

жаманына көбірек қызығады. Бүгінгі

балалар арасындағы бұзақылық,

əлімжеттік себептеріне осылайша

өзіміз жол ашып отырмыз.

Біз, үлкендер, ата-аналар мен

ұстаздар балаларға  алдымен,

сөйлеген əр сөзімізбен, жүріс-

тұрысымызбен, киген киімімізбен,

тіпті, тамақтанып отырғанда да үлгі

көрсетуіміз керек. Қазақ «Іріген

ауыздан, шіріген сөз шығады» деп

тегін айтпаған. Əсіресе, біздің

Оңтүстік жақта баланы айтпағанның

өзінде, ата сақалы шыққандардың

өзі екі сөзінің бірінің əлқисасын «о

əкеңнің... о шешеңнің... о енеңнің...»

деп бастайды. Бұған бəріміздің

құлағымыздың еті үйреніп кеткені

соншалықты, тіпті елемейтін де

болып алғанбыз. Бұл өзгелердің

құлағына түрпідей тиеді. Бұл өтірік

емес.

Бүгінгі таңдағы бала тəрбиесі



жайлы айтар əңгіме, көтерер

мəселе аз емес. Тереңірек қарасақ,

бəрі де өзімізге келіп тіреледі. Ақ

ұлпа көңілге дақ салмай, ең

алдымен өзімізді де, сөзімізді де

түзеп алсақ деймін.



К.ҚАБЫЛБЕКОВ,

аудандық білім 

бөлімінің бас маманы.

ñåìèíàð


À° ½ëïà ê¼ºiëãå äà° ò¾ñiðìåéiê

№11 (132)

22-қараша 2014 жыл

̽μàëiìäåð ìåí ìåêòåï î°óøûëàðûíà àðíàëμàí 

μûëûìè-´äiñòåìåëiê, òàíûìäû°-à°ïàðàòòû° ãàçåò

Біздің веб-сайт: http://bilim-alemi.idhost.kz/    Электронды почта: bilim.alemi@mail.ru 

Áiëiì ´ëåìi

Оңтүстік Қазақстан

облысы мəдениет

басқармасы жəне об-

лыстық ардагерлер

кеңесінің ұйымдас-

тыруымен Шəмші

Қалдаяқов атындағы

облыстық филармо-

нияда Ұлы Отан

соғысындағы жеңістің

70 жылдығына арнал-

ған «Қайран ерлер,

қаһарман ардагер-

лер» атты облыстық

байқауға Леңгер қа-

лалық  балалар саз

мектебінің форте-

пиано сыныбы мұға-

лімі Людмила Матве-

ева (суретте) да

қатысып, арнайы жүлдені иеленді, лауреаттық дип-

ломмен марапатталды. Оған «Жүлдеңіз құтты болсын!»

дейміз.


Е.КЕРІМБАЕВ,

Леңгер қалалық балалар саз мектебі

директорының оқу-тəрбие ісі жөніндегі

орынбасары.

Шалағайдағы Төңкеріс ауылын-

дағы бастауыш мектеп үйі өткен

ғасырдың 60-шы жылдары ұжым-

шар күшімен асарлатып салынған

еді. Қабырғасы сабан кірпіштен

тұрғызылған, сынып бөлмелері тар

болатын. Сондықтан, онда шə-

кірттерге қазіргі заман талабына сай

сапалы білім, саналы тəрбие беру

мүмкін емес еді.

Елді мекенде жылдан жылға жас

отбасылар саны да, мектепте

оқитын балалар саны да артып

келеді. Сол себепті, ауыл тұр-

ғындары аудан əкімі жыл сайын

есеп беретін жиналыста мектеп

мəселесін көтеріп, өз ұсыныстарын,

пікірлерін жиі айтатын.

Биылғы тамыз айынан бастап

«HUU-MAN» жауапкершілігі шектеу-

лі серіктестігі (басшысы Д.Дəулетов)

100 орындық жаңа мектеп үйінің

құрылысын жүргізуде. Оған аудан

бюджеті есебінен 167 миллион теңге

қаржы қарастырылған. Құрылыс-

шылар биыл 30 миллион теңгенің

жұмысын атқарып, мектепті келесі

оқу жылында пайдалануға беруді

межелеп отыр.



К.ЕЛІКБАЕВ,

зейнеткер ұстаз.

Жуырда Біркөлік шағын

жинақты негізгі орта мек-

тебіне педагогикалық ше-

берлік орталығында білімін

жетілдірген директорымыз

Е.Қадырбаевтың тренері

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент Əлімов

Асхат Қамзаұлы келді.

Мақсат -- мектебімізде Кемб-

ридж əдіс-тəсілі мен коучинг

сабақтарының оқытылуы

жөнінде мəлімет алып, тə-

жірибе алмасу. Əлімов Асхат

Қамзаұлы бастауыш сынып-

тар сабақтарына қатысты.

Сабақ соңында оқушылар-

мен жəне мұғалімдермен

жеке-жеке сұхбат жүргізді.

Екі мұғаліміміз коучинг

сабағын өтті. Мектебімізге

көршілес аудан мен ауыл

мектептерінен директорлар

келді. Атап айтар болсақ,

Созақ ауданындағы Абай

атындағы жалпы орта мек-

тептен жəне “Қайтпас” мөлтекауданында орналасқан

№59 жалпы орта мектептен, Керегетас негізгі орта

мектебінен, Сайрам ауданынан, Шымкент қаласындағы

Хусанов атындағы №110 мектептен, Ордабасы

ауданынан, Теспе жалпы орта мектебінен, Екпінді

жалпы орта мектебінен. Олар да коучинг сабақтарға

қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Келген қонақтар

мұғалімдердің жаңа технология бойынша сабақ өтуінде

алға жылжушылық бар екенін атап өтті. Сабақ “Екі

жұлдыз, бір тілек” ойынымен аяқталды.

Жанар КЕРІМБАЕВА,

Біркөлік шағын жинақты негізгі орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Құрылғанына 13 жыл толуына байланысты аудандық

мұражайда «Ұлт болашағының тірегі қайда?» деген

тақырыпта пікірталас өтті. Оған қаладағы «Мейір-Бейс»

медициналық колледжінің студенттері қатысты.

«Отырар» жəне «Сұңқар» атты екі топқа бөлініп, пікір

таластырған жастар «Ауыл -- имандылық ұясы» жəне

«Қала -- өркениет ордасы» тақырыптарында қызу əңгіме

жүргізді. Қатысушылар «Қазіргі ауыл қалай дамиды?,

қандай бағыт ұстанады, салт-дəстүр шығыс құн-

дылықтарының негізі ме?, көне ырым-тыйымдар бүгінгі

тəрбие өзегі бола алады ма?, ауылдағы жастар тіршілігі,

қала мəдениет пен өнер ордасы, қала білім мен ғылым

орталығы, қаладағы əлеуметтік жағдай, ырым-тыйымдар

ескіліктің қалдығы, қаладағы жастар тіршілігі» атты өзекті

тақырыптарды əңгіме өзегіне айналдырды. Тартымды да

таласты өткен іс-шарада студенттер ашық пікірлерімен

дараланып, білімді екендерін көрсетті. Көзі ашық, көкірегі

ояу жастардың көп екеніне көз жеткізе түстік. 

Сарапшылар пікірталасқа қатысқан əр студентті

мұражайдың мадақтама қағазымен марапаттап, «Үш

пайғамбар» кітабын сыйға тартты.



Ұлдана ӨСЕРБАЙ,

«Мейір-Бейс»  колледжінің студенті.

̽ðàæàéäàµû êåçäåñó

Алдағы, 2015 жылдың 15 наурызында аудандық «Төлеби туы» газетінің алғашқы

санының жарық көргеніне 80 жыл толады. Бір ғасырға жуық уақыттан бері аудан

шежіресін тасқа басқан газет мерейтойына орай «Төлеби туы» аудандағы мектеп

оқушылары арасында «Егер мен округ əкімі болсам...» деген тақырыпта бəйге жа-

риялайды. 

Бəйгені ұйымдастырудағы басты мақсат – шəкірттердің ойы мен өрісін,

шығармашылық қабілетін дамытып, журналистикаға қызығушылығын арттырып,

отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, халқымыздың бірлігін нығайтуға,

ел қамын ойлайтын азамат болып өсуге тəрбиелеу. Қолына қалам алған жас та-

лапкерлер əкім болып, өзі билік тізгінін ұстаған жағдайда елге қалай қызмет ететі-

нін, халқымыздың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бүгінгіден де жақсартып,

қаламызды, ауылдарымызды көркейтіп, абаттандыруда, барлық саланы өркендетіп, дамыту жолында, арманы

мен мақсатын жүзеге асыру жолында қандай тірліктер атқаратынын мақалаға арқау етуі тиіс. Талапкерлер туын-

дыларын газет редакциясына жолдауына немесе өзі əкеліп тапсыруына болады.

Бəйгеге қатысқан балғын үміткерлердің ой тереңдігі, пайымы мен парасаты, сауаттылығы, шығармашылық

шеберлігі ескеріліп, қаламының желі бар шəкірттердің туындылары аудандық «Төлеби туы» жəне мұғалімдер

мен оқушылардың «Білім əлемі» газеттерінде жарияланады. Бəйге қорытындысы «Төлеби туының» 80 жылдық

мерейтойына арнайы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

Ал қəне, келер күндерде əкім болуға, халқына жақын болуға асығып жүрген шəкірттер! Бірің де қалмай бəйгеге

қатысуға асығыңдар! Құлагердей оза шапқандардың қанжығасына байлар бəйгеміз бар.

Бас жүлде – 1; Бірінші орын – 1; Екінші орын – 2; Үшінші орын – 3; Көтермелеу сыйлықтары – 5.

АУДАНДЫҚ “ТӨЛЕБИ ТУЫ” ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.

¦ðiïòåñ æ¾ëäåìåí îðàëäû



80

жыл

Åãåð ìåí îêðóã ´êiìi áîëñàì...

Ìåêòåï

ñàëûíóäà


Мектебiмiзге μылым

кандидаты келдi

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа

бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын

жүзеге асыру мақсатында аудандағы барлық білім беру

ұяларында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Елбасы Жолдауының жастар өмірінде атқарар маңызы

зор. Өйткені онда жастарымыздың алдына да нақты

міндеттер қойылды. Бұл туралы жоғары сынып

оқушылары мен қоғамдық ұйымдар мүшелері бас қосқан

кездесулерде айтылуда.

Шомшақты орта мектебі директорының тəрбие ісі

жөніндегі орынбасары Айгүл Нұрмаханбетова былай

дейді: «Біздің мектепте бірнеше ұлт өкілдерінің балалары

білім алады. Оқушылардың бір бірінің ұлтына, дініне,

дəстүріне жатырқап қарауына жол бермейміз. Бəрі бір

үйдің балаларындай тату-тəтті өмір сүруде. Елбасының

өзі халқына жуырда ғана арнаған Жолдауында

«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық əл-

ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік -- əке мен ана

қуанышы, ата-аналар денсаулығы жəне біздің бала-

ларымыздың бақыты» деді.

Мемлекет болашағы жастардың қолында десек, оған

əркім де атсалысуы керек.



Д.ХАНГЕЛДІ. 

ΰóøûëàðµà íàñèõàòòàóäà




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет