Қорытындылай келе, статистика саласындағы ең негізгі және маңызды көрсеткіштерінің бірі - орташа шамалар болып табылады. Айтып өткендей, біртектес ақпараттар арқылы есептелген орташа шамалар берілген жиынтықты сипаттайды. Орташа шамалар өз ішінде дәрежелік және құрылымдық болып екі топқа бөлінеді. Мода және медиана орташа шаманың құрылымдық түріне кіреді. Ал, орташа шаманың екінші түрі өз ішінде арифметикалық, үйлесімді, квадраттық және геометриялық болып жіктеледі.
Сонымен, нақты шама-бұл шаманың өзі сияқты бірліктермен өлшенген нақты мән немесе сан. Қатысты шама басқа деректерге контекст немесе қатынас береді, көбінесе пайызбен немесе коэффициент түрінде көрсетіледі.