Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері



бет39/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері.
Қазақ халқы жеке ел болып, өзінің туын көтерген күннен бастап, басқалардан ерекше, айрықша ел, өзіндік белгісі, өзгеше мәдениетіміздің бар екендігін көрсету мақсатында "Біз ешкімнен кем емеспіз!" деген табиғи намыс та өмірге келді.
Шынын айтса, Кеңес заманында да өзбектің тақиясы мен ала шапанына қызыға қарайтынмын (әрқашан бәсекелес елміз ғой...), біздің ұлтымыздың елдің есінде қалатындай ерекше киімі болмағанына өкінетінмін, намыстанатынмын. Біздің шалдардың басындағы айыр қалпақтың қырғыз ақсақалдарының қалпағынан көш төмен тұратыны
Кейін келе "бренд" деген сөз пайда болып, қымызға, қараша үйге, ет пен құртқа, бауырсақ пен талқанға таластық. "Ойбай, аналар алып қойыпты!", "Ойбай, қырғыздар өзінікі етіп тіркеп алыпты" деген сөздерді естіп, шынында да, намысымыз қозып, өзімізді далада қалып қойғандай немесе біздің ұлттық құндылықтарымызды біреулер ұрлап алып қойғандай ашуланатынбыз.
Ұйқыда жатқан үкіметке әлемдік деңгейге құлаш ұрудан көрі өзара дау-дамайды жақсы көретін ғалымдар мен жазушыларға, бір ауыз сөзбен айтқанда, зиялы қауымға ренжитінмін. 300-ден асатын батырларымыздың атақ-даңқы алақандай қырғыздың Манасына жете алмайтындығына қарнымыз ашатын.
Әрине, Америкада не Германияда жүргенде супермаркеттерден "Қазақтың қымызы" деген сусынды көріп қалғанда көңіліміз көтеріліп қалатынына дау жоқ, бірақ, өз басым "айран" деген жазуды (Германияның дүкендерінде көп кездеседі) көргенде, ол сөздің түрік бауырлар арқылы келгеніне өкініп, "қазақ бейшара қолындағысынан айрылып қалады" деп ойлануға болады.
Қазақтың мінезі – шыдамдылығының шегі жоқ, бірақ әділетсіздікке көздері жеткенде кез келген қамалды бұзатын ерекше мінез. Меніңше, біздің бірінші "брендіміз" – Желтоқсан көтерілісі. Бұған дейін билікке қарсы бір шықса адуынды кавказ халқы немесе сырттай берілсе де, іштерінде ит өліп жатқан балтық жағалауындағы ұлттар шығатын болар деп ойлайтын Кеңес Одағының халқы меймандос, қонақжай қазақтың тоталитарлық жүйеге ашық көтерілгенінің куәсі болды.
Ұлттық мінездің, салтымыздың байлық бен беделден жоғары тұруы – міне, "қазақ бренді" осы. Оны (қазіргі материалдық байлық бірінші орынға шыққан "шоудың" заманында) адамдардың барлығының түсінбеуі де мүмкін. Бірақ саналы азаматтардың түсінетіндігіне және қолдайтындықтарына ешқандай шүбә келтірмеймін. Себебі, қазақтың мінезі, ерекшелігі – әділеттілік пен қарапайым өмірдің заңдарына негізделген.
Демек "Димаш" дегенде жұмыр жердің сан түкпірінде өмір сүріп жүргендер "Қазақ" деген сондай мықты ұлт бар деп біздерді есіне түсіреді.




Бақылау сұрақтары:
1.Маркетингтік коммуникацияның түсінігі мен түрлері
2. Бренд түсінігі, құрылу әдістері
3. Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет