Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық және ішкі), оның ішінде нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімдердің сипаттамасы
Жоба бастамашысы өндіретін өнімдерді негізінен ішкі нарықта сатуды көздейді. Жоба іске асырылатын аймақта балықты өсіру саласы мүлдем дамымаған. Жоба бастамашысы балықты тұрғындарға жеке сатуға ұсынады. Әр күн сайын жеке көліктерді пайдалана отырып кафелер мен базарларға жеткізіп береді. Сонымен қатар қосымша көлік балық автобазар қызмет ұсынуды көздейді.
Нарықтың сандық сипаттамасы (заттай және ақшалай көріністегі жылдық көлемдер, сұраныстың артуы немесе төмендеуі тенденциясы).
2-кесте
№
Атауы
Көлемі
Бағасы
Сомасы
1
3000 кг
2000
6 000 000
2
Сазан
1000 кг
1000
1 000 000
3
Карп
1000 кг
1000
1 000 000
4
Толстолоб
1000 кг
1000
1 000 000
5
Белый амур
1000 кг
1000
1 000 000
Барлығы
5000 кг
10 000 000
Кәсіпорын өнімдері иеленуі мүмкін нарықтық үлесті негіздеу.
Жобаның бастамашысының сату көлемі жылына 5 580 000 мың теңгені құрайды деп жоспарлануда. Осы мәндердің негізінде Бастамашының нарықтағы үлесі 1% болады.
Зерттелетін нарықтардағы негізгі тенденциялар, күтілетін өзгерістер.
Панфилов ауданында балық өнімін тұтынушылар санын арттыру мақсатында аталған
Өткен жылы елдегі балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрады. Оның ішінде балық аулауға 45 мың тонна, балық өсіруге — 7,4 мың тонна, импортқа — 43,5 мың тонна, экспортқа — 30 мың тонна өнімнен келеді. Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар — майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Бұл өнімдер Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдерінен импортталады Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын шамамен $60 млн сомасына 36 жақын және алыс шет елдерге 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды. Негізінен балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық еті экспортталады. Мысалы, көксерке еті Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланды) қазақстандық бренд болып табылады, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады. Бұл ретте біздің жанымызда экспорт үшін маңызды әлеуетті нарықтар бар. Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін.
Осы нарықта өнімді табысты өткізуге айтарлықтай әсер ететін факторлардың болуы
Жалпы тамақ өндірісі қай кезеңде болмасын адам қажеттілігіне ие өнім түрі. Сондықтан аталған жоба қашанда сұранысқа ие болады. Ал табысқа жетелейтін негізгі факторлар қатарына: Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасау, баға саясатын тұрақтандыру, ассортиментті ұлғайту, жергілікті өндірушілерді қолдау саясаты жатады.
4. ЖОБА ТОБЫ: 4.1. Қызметкерлердің саны, олардың қызметінің бағыты және олардың біліктіліктері түйіндемені және біліктілігін растайтын құжаттарды (В, С, Е санаттары бар құқықтар) қоса бере отырып.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелер және АЖ дамыту көрсеткіштері.
4.3. Басқарудың ұйымдық құрылымы. (3-кесте)
3-кесте.