туристік агенттерге дайын туристік пакеттерді сатудан пайыздар.
Кәсіпорынның даму жоспары
Туристік кәсіпорын іс-әрекетін жоспарлау келешек мақсаттарын, құрылудың тәсілдері мен әдістерін, басқару мен дамуын сандық, сапалық және уақыттық анықтаудың жүйелік, ақпараттық өңделген процессі болып табылады. Жоспарлауды үш түрге бөлуге болады: стратегиялық, ұзақ мерзімді және оперативті.
Стратегиялық жоспарлау
– фирманың мақсаттары, әлеуетті мүмкіндіктер мен маркетинг саласындағы мүмкіндіктер арасында стратигиялық сәйкестілікті жасаудың және қолдаудың басқарушылық процесі.
Ұзақ мерзімді жоспарлау –
стартегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету жолындағы аралық мақсаттарды айқындау. Олар басшылықпен дайындалады және болашаққа негізгі стратегиялық мақсаттарды қамтиды. «Диана» туристік фирмасының ұзақмерзімді жоспарларына кіреді: