Бизнес жоспардың маңызы



бет1/10
Дата25.11.2023
өлшемі8,57 Mb.
#125791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
33986.pptx


Туристік фирманың Бизнес жоспары

Бизнес жоспардың маңызы

  • Жоспар болашаққа іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді. Жоспар қаншалықты жақсы жасалса, соғұрлым жобаны жүзеге асыру кезінде күтпеген жағдайлар аз болады.
  • Бизнесте кез-келген жетістікке жету – ол жақсы жоспардың нәтижесі. Сондықтан қандай да бір іс-әрекетпен айналысуды бастағыңыз келсе, нақты мақсаты бар, сол мақсатқа жету жолдары көрсетілген, әрбір үтір-нүктесіне дейін ойластырылған жоспарыңыз болуы керек.

Бизнес-жоспар-визит карточка

  • Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның визиттік карточкасы. Ол инвесторға осы жобаға қаржы салу-салмау керектігін және қандай жағдайда оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Бизнес жоспар деген не?

Бизнес – ағылшын тілінде «bisness» табыс табуға бағытталған нарықтық келіссөздер жүргізу бағдарламасы.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы – мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алу.

Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері нақты көрсетіледі.

Бизнес жоспарды кім жасайды?

  • Бизнес-жоспар компанияның өз күшімен немесе арнайы маманданған мекемелердің көмегімен жасалады.
  • салалық ассоциациялар
  • консалтингтік компаниялар

Бизнес жоспар сұрағы ????????

  • отандық немесе шетелдік нарыққа шығу үшін қандай өнім шығару немесе қандай іс-әрекет түрімен айналысу керек;
  • ұсынылып отырған өнім немесе қызметке нарықтық сұраныс қалай болады және ол қалай өзгеріп отырады;
  • бизнес жобаны жүзеге асыру үшін керекті ресурс және оның мөлшері қандай?
  • қажетті шикізат қанша тұрады және тұрақты серіктестерді қайдан табуға болады?
  • – өндірісті ұйымдастыру үшін жалпы кететін шығын мөлшері;
  • – жалпы түсетін пайда және оны бизнес жобаның мүшелері арасында қалай бөлу керек;
  • – өнімнің немесе қызметтің нарықтағы бағасы қалай қойылады және оған бәсекелестердің әсері;
  • – бизнес тиімділігінің көрсеткіштері қандай және оны қалай көтеруге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет