Бизнес мектеп



Дата18.10.2023
өлшемі54,01 Kb.
#118040
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Ғылым тарихы мен философиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ


БИЗНЕС МЕКТЕП


«БЕКІТЕМІН»
БМ Деканы
____________ Жалгасбаева А.А.


«_____»_______________2022 ж.
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Білім беру бағдарламасы бойынша 7М07101-«Өндірістік энергетика», 7М07103- «Өндірісті автоматтандыру және басқару», 7М07102- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 7М07201- Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және барлау», 7М07202 -«Мұнай-газ инженериясы» «Магистратура» дайындық бағыты бойынша

Бөлімі қазақ


Кредит саны __6__


Тест сұрақтарының саны __150_
Атырау, 2022 ж.
Тест бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

1. «Ғылымның өзі-философия» тезисін қандай бағыт ұстанды?


2. «Философия – ғылымның ғылымы» деген көзқарас қай ғасырда болды?
3. «Фальсификация» қағидасын енгізген кім?
4. Ғылым әлеуметтік институт ретінде қашан қалыптасты?
5. Гелиоцентризм идеясын алғаш айтқан:
6. Демокрит қандай ұғымды енгізді?
7. Алғашқы Нобель сыйлығы қашан берілді?
8. «Ғылым-күш» сөз кімдікі?:
9.Ғылымның анықтамасы
10.Ғылымның құрамдас бөліктері
11.Ғылым философиясының зерттеу нысаны
12.Ғылыми рационалдық дегеніміз:
13.Экстернализм дегеніміз :
14. Экстернализмді дамытқан ғалымдар:
15.Интернализм дегеніміз:
16.Интернализмді дамытқан ғылымдар:
17 .Ғылымның даму тарихының негізгі кезеңдері
18.Классикалық ғылым:
19. Классикалық емес ғылым
20.Классикалық емес ғылымның қазіргі кезеңі
21.Постклассикалық ғылым
А) салыстырмалылық, дискреттілік принципіне сүйенеді
22.Көне Египеттегі ғылымның ерекшеліктері
23.Көне грек ғылымның басты сипаттары
24.Орта ғасырларда Батыс Европадағы ғылымның даму ерекшеліктері
25.Орта ғасырлардағы Шығыста ғылымның даму ерекшеліктері
26.Гелиоцентрлік теорияның авторы
27.Табиғат шексіздігі мен әлемнің көптігі туралы концепцияның авторы
28.Білімнің негізі, қайнар көзі -тәжірибе деп есептеген
29.«Жаңа Органон», «Жаңа Анлантида» еңбектерінің авторы
30.Ғылымның дамуында маңызды рөл атқаратын күмәндану принципін дамытқан ғалым
31.Биологиядағы эволюциялық идеялардың авторлары
32.Ю.Р.Майер мен Д.Джоуль нені ашты?
33.Радиоактивтілік пен радийді ашқан ғалымдар
34.Электронды ашқан ағылшын ғалымы
35.А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясының жалпы принципінің мәні
36. Эмпириялық тәжірибені шынайы білімнің бірден бір көзі деп есептеп, философияның танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт
37.Мәтінді түсінуді негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық бағыт
38.К.Поппердің ғылыми тұжырымдардың ақиқат еместігін жоққа шығару принципі
39.Ғылыми дәстүрді орнықтыратын және ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтар, сенімдер мен техникалық құралдардың жиынтығына Т.Кун ұсынған атау
40.Ғылымның дамуында қалыпты ғылым және ғылыми төңкеріс кезеңдері болатындығын анықтаған ғалым
41.«Ғылыми қауымдастық» ұғымын енгізген ғалым
42.Ғылымның ең алғашқы классификациясын ұсынған ғалым
43.Материя қозғалысының түріне негізделген ғылымдар классификациясын ұсынған ғалым
44.Ғылымдардың бір — бірінен бөлінуін көрсететін термин
45.Ғылымдардың өзара байланысын, бірігуін көрсететін термин
46.Эмпиризм бойынша танымның қайнар көзі
47.Рационализм бойынша:
48.Ғылыми факт дегеніміз
49.Заңдылық дегеніміз
50.Ақиқаттығын дәлелдеуді қажет ететін ғылыми болжам:
51.Логикалық ойлаудың түрлері:
52.Қоғамдық-экономикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор - өндірістің техникалық және технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық ұстаным.
53.Ғылыми теорияның құрамы:
54.Математикалық теорияның ең бастапқы сипаты
55.Ғылым «этосы» дегеніміз:
56.Ғылыми теорияның құрылымына кірмейтін элемент
57.Методтың негізгі функциясы :
58.Философиялық методтардың негізгі сипаттары:
59.Философияның ғылыми танымдағы гносеологиялық функциясы
60.Философияның ғылыми танымдағы методологиялық функциясы
61.Эксперимент деген:
62.Формальдау деген:
63.Аксиоматикалық метод деген:
64.Анализ бұл:
65.Синтез немесе біріктіру деген:
66.Абстрактілеу деген:
67.Индукция деген:
68.Дедукция деген:
69.Аналогия деген:
70.Модельдеу деген:
71.Идиографиялық метод деген:
72.Социометрия әдісі:
73.Ғылымдағы сабақтастықтың негіздері:
Е) баяндау мен суреттеу
74.Білімнің қайнар көзі, негізі түйсік, сезім деп есептеген философиялық бағыт
75.Таным туралы философиялық ілім:
76.Сезімдік танымның құрамдас бөліктері
77.Қазақстандағы Ғылым Академиясының бірінші президенті
78.Ғылыми танымның негізгі деңгейлері:
79.К.Маркстің мына пікірінде қандай сөз түсіп қалған: «… адам өзінің ойлауының барлық күшін, жан — жақтылығын, ақиқаттығын дәлелдеуі тиіс»
80.Декарттың ойынша, ғылымның түпкілікті қағидасы:
81.Білім тәжірибеден алынады деп есептеген бағыт:
82.Дүние, әлем туралы жүйелі, рационалды білім:
83.Ғылыми танымның теориялық деңгейінің бір әдісі:
84.Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінің бір әдісі:
85.Білімнің мазмұны адамдардың санасынан тыс, оған тәуелсіз деп түсінудегі білімнің сипаты:
86.Ғылымды адамзат үшін өте маңызды тәуелсіз және жетілген жүйе деп есептейтін бағыт:
87.Техникалық білімдер алгоритмдері арқылы барлық мәселені шешуге ұмтылатын бағыт:
88.Табиғаттың қасиеттері мен сипаттарын зерттейтін ғылымдардың жалпы аты:
89. Онтология ілімі нені зерттейді.
90.Әлемнің материалдық біртұтастығы мен дамуы туралы алғашқы идеяларды ұсынған мектеп:
91.Грек ғылымы қол жеткізген жетістіктерді баяндайтын Аристотель шығармалары:
92. «Эврика! Мен таптым» қанатты сөзінің авторы:
93.Ғылымды талдау ең алдымен, оның тілін зерттеу деп пайымдаған философиялық бағыт:
94. Синергетиканың негізгі ұғымдары:
95.Жай жүйелердің өзін — өзі құру мен хаостан үйлесімді жүйенің орнығуы туралы ғылым:
96.Синергетика ғылымын дамытқан ғалымдар
97.Креационизмнің мәні:
98.Генетикалық информацияның орнын басатын информация:
99.Ғылыми танымның негізгі сипаттары
100.Ғылымның субъектілері:
101.Әлеуметтік — гуманитарлық танымның зерттеу нысандары:
102.«Ғылыми революцияның құрылымы» кітабын жазған ғалым:
103.Монография:
104. Қауымдық құрылыстың дүниеге көзқарас және таным жүйесі.
105.Танымның априорлық формалары жайлы айтқан
106. Ортағасырлық араб философиясының өкілі, ғалым, дәрігер
107.Антика дәуіріндегі математик-философ кім?
108.Атом құрылысы:
109. Салыстырмалық теориясының авторы.
110. Болашақты болжау ілімі
111.Материя қозғалысының түрлері:
112. Көне Қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы :
113. Төменде келітірілген проблемалардың қайсысы адамзаттың жаһандық проблемаларының қатарына жатады ?
114. Дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым қалай аталады?
115.Ғылыми жаңалық ашудың әдісін, тәсілін табуды зерттейтін ғылым саласы
116. Дүниедегі себептілік туралы ілім
117. П.Фейерабендтің теориясы қалай аталады?
118. Логиканың негізін салушы.
119. Мұхаммед ибн Муса Аль-Хорезми қандай ғылымның негізін қалады?
120. Әлемнің механикалық картинасының негізгі элементі
121. Жалпы логикалық әдістер:
122. Білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейтін ғылым философиясының методологиялық ұстанымы:
123. Ғылым этикасындағы ғалымның еркіндігімен жұптасатын моральдық талап:
124. Релятивизмдегі ақиқат сипаты
125. Қай ғасырда танымның эмпирикалдық және рационалдық бағытары қалыптасты?
126. Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні?
127. ХVIII ғ. француз материалистерінің қайсысы “Адам машина” атты кітапты жазған?
128. Таным теориясы нені зерттейді?
129. Құндылық туралы зерттейтін ілім:
130. Таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы:
131.Техникалық іс-әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдауын бейнелейтін ұғым:
132. Антропология ілімі нені зерттейді.
133.Теория дегеніміз :
134. Өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде,басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.
135. «Электромагниттік өріс» ұғымын ашқан
136. Ғылыми қоғамның 4 императивін енгізген кім?
137. «Ғылым философиясы» терминін енгізген:
138. Позитивизмнің негізін салушы:
139. Канттың таным теориясының түсінігі
140. Бергсон бойынша танымның негізі.
141.Ренессанс дәуірінің ерекшелігі:
142. Қоғамдың сананың танымдық деңгейлері :
143.Ғылыми танымның негізгі әдістері (формалары)
144. Гуманитарлық ғылымдар:
145.Болмыстың бастамасы екі субстанциядан тұрады деп санайтын ілім
146.Философияның негізгі мәселесінің екінші жағы.
147. Дүниенің негізі “ауа” деп түсінген көне грек ойшылы.
148.Гелиоцентризм дегеніміз не ?
149.Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысаны:
150. Посткластық емес ғылымның объектісі
«Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша тест бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

Академиялық сапа бойынша БМ Кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды


Хаттама №________«______»______ 2022ж.


Жасақтаған:________________ ассис.проф. Бекежан Ө.Қ._

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет