Бизнес-ойлау психологиясы



бет163/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   188
2. ФРАНЧАЙЗИНГ
  • Бизнесті кеңейтудің тәсілі ретіндегі франчайзинг кәсіпорын жұмысының тиімді үлгісін жасауыңызды, ал кейін оны басқа ұйымдарға сатуыңызды болжайды. Франчайзи-серіктестеріңіз елдің түкпір-түкпірінде сіздің брендіңізбен сауда орындарын ашқан кезде бизнесіңіз мүлдем жаңа деңгейге шығады.


  • Франчайзингінің танымалдығын былайша түсіндіруге болады: адам оның көмегімен белгілі бір ақыға тиімділігі іс жүзінде бірнеше рет расталған, кәсіпорынды дамытудың дайын схемасын алады. Яғни оны сатып алған адам тәжірибесі болмағандықтан немесе нарықты дұрыс түсінбеген соң өзінің барлық салымдарынан айрылып қаламын деп қорықпайды. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкер тексерістен өткен бизнес-модельді франчайзердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асыруда жаңа кеңсенің немесе сауда нүктесінің жұмысын тез ұйымдастырып, тұрақты кіріс деңгейіне шыға алады.


  • Франчайзинг екі тарапқа да тиімді. Бренд иесі кірістің бір бөлігін ғана алғанымен, франшизаларды сату оған адам сенгісіз жылдамдықпен өз бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнес-модельді сатып алған адамның да пайдасы мол болады: ол қысқа мерзім ішінде дайын даму жоспарын алып, жабдықтауға, қолдауға ие болады және еш тәуекелсіз кәсібін бастап кетеді.


  • Франшизаны сату бизнестің қанат жаюын арттырып қана қоймай, сонымен қатар брендтің жағымды имиджін нығайтады. Жаңа орындардың ашылуы арқасында сіз туралы ел білетін болады, айтып, жаза бастайды, ал бұл кез келген компания үшін үлкен артықшылық болып табылады.


  • Франчайзингтің кеңейту тәсілі ретіндегі рөлін, көптеген артықшылықтарын айтуға болады. Солардың ең маңыздыларын атап өтейік.




  • Роялти. Бизнес-модельді пайдалануға төлейтін ақыны осылайша атайды, бір рет немесе тұрақты түрде (айына, әр тоқсанда, жылына бір рет) төленетін ақы. Шын мәнісінде, бұл – зияткерлік еңбегіңіздің жемісін және ұйымның атын пайдалану құқығы үшін төленетін қаржылай сыйақы.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет