Бизнес-ойлау психологиясы



бет167/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

1-тапсырма


  • Бизнесті кеңейту жолдарын білгеннен кейін сізге досыңыз келді деп ойлаңыз. Оның өз фирмасы бар және ол оны дамыту туралы ойланып жүр. 5 командаға бөлініңіз. Әр команда бизнесті дамытудың бір тәсілінің мәнін, артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттауы керек: 1) франчайзинг, 2) аутсорсинг, 3) сату жүйесін жақсарту, 4) филиалдар ашу, 5) агрессивтік маркетинг.



  • 11-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


  • 11.1. ТАҚЫРЫБЫ. КӘСІПКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ



  • 1-тапсырма


  • Кәсіпкер жауапкершілігінің қандай түрлері барын талқыламас бұрын кәсіпкерлер кімнің алдында және не үшін жауапты болатыны жайында ойланыңыз және атап көрсетіңіз.
  • Бұл тапсырманың басты мағынасы – оқушыларға бизнестің қоғамға, тұтынушыларға, қызметкерлерге, мемлекетке тигізер ықпалының дәрежесі жайында ойлану және оны түсіну мүмкіндігін беру. Оқушылардың идеясының неғұрлым көп болғаны дұрыс. Бұл тапсырманы ойын түрінде өткізсеңіз болады немесе оқушылардың ұсынған нұсқаларының барлығын ауызша немесе тақтада жазбаша қорытындылауға болады.




  • Кәсіпкерлер кімнің алдында жауапты
  • Жауапкершілік дегеніміз – уағдаластықтарды орындау және басқа компаниялар, клиенттер, компанияның қызметкерлері, мемлекет және жалпы қоғам сияқты бизнеспен өзара байланыс жасайтындардың барлығының құқықтарын сақтау міндеті.


  • Кәсіпкерлер өзінің алуан түрлі міндеттерін орындауға барынша жауапкершілікпен қарауға тиіс:




  • 1. Басқа компаниялардың алдында. Егер бизнесмен шарт жасасып, өзіне тауарды көрсетілген мерзімде жеткізу туралы міндет алса, ол барлық шарттарды орындауы керек: тауардың тиісті сапасы, саны болуы керек және басқа тарап оны келісілген мерзімде алуы керек. Ол басқа компанияның құпия ақпаратын өзге компанияларға жария етпеуі керек және т.б.. Қорыта айтқанда, кәсіпкер басқа компаниялармен, әдетте, шарттарда баяндалатын барлық уағдаластықтарды сақтауға тиіс. Бұл жағдайда барлық шартқа қатысушылар басқа тауарды, басқа мерзімде (бұл өздеріне керекті тауарды белгілі бір уақытта сатып ала алмайтын клиенттерге әсер етеді), басқа ережелермен алу тәуекелінсіз өз қызметімен айналыса алады. Бұл нарықтағы барлық компанияға барынша тиімді жұмыс жасауға және басқа тараптардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындарды көтеру тәуекелінсіз өз қызметін жасауға көмектеседі.
  • Мысалы, сіз киім сатасыз. Ал серіктесіңіз – тігін фабрикасының иесі – белгілі бір уақытта белгілі бір киім жинағын тігіп беруге уәде берген еді. Сіз сол уақытта өтіп жатқан көрмеден орын сатып алдыңыз, алайда серіктесіңіз өзінің міндеттемелерін орындамаған және белгіленген уақытта киімді тігіп үлгермеген. Сіз шығынға ұшырадыңыз: орынға төлеп қойдыңыз, жұмысқа сатушы алдыңыз, одан басқа өніміңіз сатылғанда алуға болатын кірістен айрылдыңыз. Егер компаниялар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сақтағанда, бизнесті жүргізу оңайлау, тиімдірек әрі табысы молырақ болушы еді.






  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет