Бизнес-ойлау психологиясы



бет45/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

Бәсекелестердің түрлері
Бәсекелестер туралы айтқанда, бәсекелестердің қандай түрлері сіздің бизнесіңізде болуы мүмкін екенін білу пайдалы:
1. Тікелей (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда сіздің тікелей бәсекелесіңіз-басқа суши-мейрамхана).
2. Жанама (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда барлық басқа да қоғамдық тамақтану орындары және тіпті аспаздар сіздің жанама бәсекелестеріңіз болады, өйткені олар клиенттің бір жерде тамақтану қажеттілігін қанағаттандырады).


1-тапсырма
Келесі бизнестер үшін тікелей және жанама бәсекелестерге (көбірек) мысал келтіріңіз:


  1. кофехана;


  2. балалар ойыншықтары дүкені;


  3. ивент-агенттік;


  4. велосипедтерді жалға беру;


  5. веб-студия.


Кабинеттік зерттеулер
Кабинеттік зерттеулер келесі міндеттерді шешу үшін қолданылады:
  1. нарықтың көлемін анықтау: бұл үшін ресми статистикалық деректер, тауарлардың экспорты мен импорты бойынша деректер пайдаланылады, сондай-ақ халықтың саны, қандай да бір өнімдерді тұтынуы, табыс деңгейі және т.б. бойынша деректерді ескере отырып есептеулер жүргізіледі (қауымдастықтан, мемлекеттік статистика сайтынан алуға немесе интернеттен іздеуге болады);


  2. жекелеген көрсеткіштер мен сараптамалық пікірлердің жарияланымдарына негізделе отырып, нарықтық трендтерді анықтау (Instagram-дағы лайк санын, бәсекелестер аудиториясының өсуін және т. б. байқауға болады);


  3. ашық есептерді, сайттарды, жаңалықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды (2gis, OLX, Satu.kz немесе мамандандырылған сайттар, мысалы, Krisha.kz) пайдалана отырып бәсекелестер картасын құру;


  4. өндірушілер сайттарында жарияланған баға және өнім ұсыныстары (әлеуетті сатып алушылар ретінде ақпарат сұрауға қысылмаңыз).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет