Мұнда келесі өлшемдер маңызды:
- Адамның бастаған істі аяқтауға психологиялық бейімділігі. Ал егер жинақтаушы бағдарлама туралы атылса-тапсырманы орындау.
- сатып алушылардың кейбіреулері жинақтау бағдарламасына қатыса отырып, бәсекелестер жаққа шығып кетуі мүмкін.
Сыйлық купондары-сатып алушыны тарту және қайта сатып алуларға қол жеткізудің тамаша тәсілі. Сыйлық купондар барлық бизнес салаларында кең таралған. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындарында белгілі бір уақытта қолданылатын, сомасы бекітілген сертификат беріледі.
Біздің жағдайымызда, досы өзіне қажеттісін таңдап алуы үшін клиент өзінің досына сыйлай алатын аяқ киім сатып алуға арналған сыйлық купон шығаруға болады.
Серіктестердің өнімдерін сату
Егер сіздің ассортиментіңіз шектеулі болса және клиентке басқа ештеңе ұсына алмасаңыз, сіз оны әлі де ұстап қала аласыз және қайта сатып алу жасауға үгіттей аласыз. Ол үшін серіктестердің өнімдерін сату қажет. Мысалы, риелторлық агенттік ол үшін комиссиялық төлемдерін алып, клиентке серіктес компанияның жөндеу бойынша қызметтерін ұсынады делік.
Сіз өз дүкеніңізде бәтеңкемен түстес шұлық немесе галстук сата алсыз әрі одан түсім аласыз.
Контент-маркетинг
Бұл - мақсатты аудиторияны тарту үшін қызықты, бірегей мазмұнды контент қалыптастыру және тарату. Контент-маркетингті сатып алушыны белгілі бір сізге қажетті іс-әрекетке ынталандыру үшін пайдаланады. Сіздің әлеуетті клиентіңіздің нақты уақытта белгілі бір орында алатын ақпараты - контент деп аталады.
Мысалы, сізге әлеуметтік желіде парақша жүргізуге болады, онда сіз аяқ киімді қалай тазалау, қалай сақтау, сапалы былғарыны жасанды былғарыдан қалай ажырату туралы ақпарат жариялап тұрасыз. Интернеттің барлық пайдаланушылары тиісті ақпаратты іздеп отырып сіздің парақшаңызға түседі. Бұл ақпарат оларды қызықтырғандықтан, олар сіздің компанияңыздың клиенттері бола алады