Бизнес-ойлау психологиясы



бет86/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

Мерекелік ұсыныстар

Қайта сатуларды жоғарылатудың жеңіл әрі ұтымды жолы. Жаңа жылдық, рождестволық және басқа да жеңілдіктер адамдарды импульсивті сатып алуға итермелейді

Адамдарға жаңа жылға, туған күніне және т. б. аяқ киім сатып алуға жеңілдіктер ұсынуға болады.



2-тапсырма
Өз стартаптарыңыз үшін сатуды арттыру құралдарын әзірлеңіз:
1) абоненттік қызмет көрсету;
2) клубқа мүшелік;
3) жинақтаушы бағдарламалар;
4) серіктестер өнімін өткізу;
5) контент-маркетинг;
6) мерекелік ұсыныстар.

  1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Сәтті сауда қызметтің сапасына немесе қызықты ұсынысқа ғана байланысты емес, сонымен бірге сату жөніндегі менеджердің клиенттермен жұмыс істей алуына да байланысты екені анық. Сатушы өнімді жақсы сатуы үшін не істеу керек?
Менеджерге белгілі бір сату көлемі үшін сыйақы ұсынуға болады. Нәтиже жақсырақ болса, табыс та соғұрлым көп болады.
Бұл - компания үшін шығын болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы процеске іш жағынан қарап көрейік. Мысалы, 1-менеджер 20 000 теңгеден 20 жұп аяқ киім сатты. Бұл ретте оның еңбекақысы 100 000 теңге. Жалпы алғанда ол 400 000-ға тауар сатты. Демек, әрбір сатылған аяқ киім үшін оған 5000 теңге төленеді. Екінші менеджер 30 жұп аяқ киім сатты және оның жалақысы 20 000 теңгеге көтерілді. Барлығы ол 600 000 теңге пайда түсірді, ол үшін 120 000 теңге алды, әрбір жұп аяқ киім үшін ол 4000 теңге алады. Бизнес иесі үшін қайсысы тиімді?
Сондай-ақ менеджерлерге "құпия сатып алушы" әдісімен тексерулердің жақсы нәтижелері, қабылданбаған қоңыраулардың болмағаны, CRM-жүйе қалыптастыратын база бойынша клиенттерге қоңырау шалғаны, құжаттаманы толтыру кезінде дәлсіздіктер болмағаны, басшылардан ескертулердің болмағаны, сатып алушылардан наразылықтардың болмағаны, бөлімді оңтайландыруға бағытталған қызметке қатысқаны үшін сыйақы ұсынуға болады. Осының бәрі компания сервисінің жақсаруына әкеледі, демек сату да ұлғаяды және клиенттердің ниеттестігі де артады.
Сондай-ақ, сату жөніндегі менеджердің клиенттер тауарды сатып алған соң компанияның ықыласын көрсету үшін қоңырау шалуына болады. Біздің жағдайымызда ол клиенттен аяқ киім ұнады ма, жаңа коллекция немесе жеңілдіктер туралы хабарлап тұрайын ба деп сұрай алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет