Бизнес-ойлау психологиясы


) «Бәсекелестер» жетінші блогы



бет154/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

7) «Бәсекелестер» жетінші блогы
Негізгі қатысушылар, қазіргі таңдағы олардың алатын орны сияқты нарықтағы жағдай туралы толық баяндаңыз. Осы жерде жобаңызды барынша асыра сипаттағаныңыз жөн, алайда ешкімді де кемсітіп көрсетпеңіз: әлеуетті инвесторлар бәсекелестеріңіздің кемшін тұстарын емес, сіздің жұмысыңыздың қаншалықты жақсы екендігін білгісі келеді.
Мысалы: «А» компаниясы дүкендерге қанша нан жеткізеді, қаншалықты жиі әкеледі және олардан сіздің бәсекелестік тұрғыдағы артықшылығыңыз қандай?
8) «Команда» сегізінші блогы
Командаңыздың басты тұлғалары: басқарушы, наубайшылар, сатушы-кассирлер туралы баяндап беріңіз. Егер инвесторларыңыз болса, олар туралы да айтуды ұмытпаңыз. Барлығын тізбелеп айтудың қажеті жоқ, ең басты адамдарды және олардың осы жобада жасап жатқан қызметтері туралы айтсаңыз жеткілікті. Ең мықты аргумент – олардың тәжірибесі. Егер олардың аты-жөндерін көпшілік білмесе, қамығудың қажеті шамалы: егер сіз Facebook немесе YouTube арналарының негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, онда қаржыландыру көздерін іздеудің де керегі болмас еді. Бұл кезеңдегі мақсатыңыз – өзіңіз қызмет ететін нарық саласын игеру үшін тәжірибеңіз бен біліміңіздің жететінін көрсету. Әркімнің-ақ осал тұстары болады – мінсіз стартаптар болмайды, ең бастысы кемшіліктеріңізді көріп, оларды барынша дұрыстау болып табылады.
9) «Қаржы» тоғызыншы блогы
Алдағы үш-бес жылға арналған жоспарыңызбен бөлісіңіз, әлеуетті табысты ғана емес, сонымен бірге сату коэффициенті немесе жарнаманың тиімділік көрсеткіші сияқты маңызды ақпарат туралы баяндаңыз. Сатудың ұзақ мерзімді циклдары мен маусымдық факторлар туралы айтуды да естен шығармаңыз. Инвесторлар болжамдарыңызға негіз болған факторларды түсінулері керек, бұл сандар сияқты өте маңызды ақпарат.
Мысалы: ассортиментті кеңейтуді, жаңа дүкендерге шығу жолдарыңызды қалай жоспарлайсыз?
10) «Алғашқы қадамдар» оныншы блогы
Бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарыңыз бен жобаңызды қалай жүзеге асыратындығыңыз туралы, алғашқы жасаған қадамдарыңыз жайлы айтып беріңіз. Кез келген бизнесті дамыту үшін мынадай сұрақтар жиі қойылады: «Біз қазір қай жердеміз?», «Біздің қайда болғымыз келеді?», «Оған қалай жетеміз?». Инвестордан алатын ақшаны қалай жұмсайтыныңызды түсіндіріңіз. Жағымды динамиканы толық суреттеңіз. Кедергілер мен проблемаларды қалай шешетініңізді көрсетіңіз. Жобаңыздың келесі түйінді кезеңіне қол жеткізу үшін қанша ақша керек екенін нақты айтыңыз. «Жалпы жобаға» емес, нақты келесі кезеңге қажет соманы көрсетіңіз және бұл кезеңнің нақты мақсаттарын айқын түсінуіңіз керек. Егер сізде қажетті түсінік болмаса, ешкім инвестиция бермейді. Сіз «ақша сұрамайсыз», сіз инвестициялық мүмкіндікті іздеп жүргендерге оны ұсынасыз. Сондықтан қанша ақша керектігін, бұл ақшаның жобаңызды қай деңгейге жеткізетіндігін (мысалы, «прототип құру», «сата бастау» және т.б.), сонымен бірге осы ақшаның орнына инвесторға не беретіндігіңізді нақты тұжырымдаңыз. Жалтару сөздеріңіз («бұл жөнінде жеке айтамын», «мен бұл туралы көпшілікке жария еткім келмейді») бизнестегі шеберлігіңізді көрсетпейді, олар сіздің нені және не үшін сұрап жатқаныңызды түсінбейтіндігіңізді айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет