7-сынып №1 бжб қазақ тілі Оқушының аты-жөні



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі21,64 Kb.
#95330
  1   2   3   4

7-сынып №1 БЖБ қазақ тілі
Оқушының аты-жөні ________________________________________________
ІҮ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»
Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»



Оқу мақсаты

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;


7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу;



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы
Мәтінді оқылым стратегияларын қолданып талдайды;
оқшау сөздердің мағыналық түрлерін ажырата біледі;
даралаушы және ерекшелеуші тыныс белгісін анықтайды.



Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тақырып қойыңыз. Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Негізгі ойды анықтаңыз.

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,


Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
(«Егемен Қазақстан» Айбатыр СЕЙТАҚ)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет