7.2. тақырыбы Серіктестік қатынастарды құру. Аутсорсинг Аусорсинг
Серіктестік
Серіктестік қатынастарды құру
Өткен сабақтарда сіз операциялық қызметі мен өз стартаптарыыңыздың ресурстарын талдадыңыз. Стартаптың операциялық қызметі шешімді талап ететін әртүрлі міндеттерден тұрады. Оларды үнемі өз бетінше шешу мүмкін емес – сіздің оған уақыт немесе құзыреттілігіңіз жетіспеуі мүмкін – кез келген жерде кәсіпқой болу мүмкін емес қой: біздің әрқайсымыз үшін қандай да бір қызмет түрі басқасына қарағанда қолымыздан жақсырақ келеді. Сондықтан қызметкерлердің немесе серіктестердің еңбек ресурстарын пайдалану қажеттілігі туындайды.
АУТСОРСИНГ
Аутсорсинг (ағылш. "outsourcing "(outer-source-using) – "сыртқы көзді және/немесе ресурсты пайдалану") — бұл белгілі бір жұмысты орындау үшін басқа компанияларды немесе мамандарды тарту.
Егер сіз компанияңызда қандай да бір функцияларды басқа компанияларға (серіктестерге) немесе мамандарға бере алатыныңызды сезсеңіз, өйткені сізде оған уақыт немесе құзыреттілік жетіспейді, әңгіме аутсорсинг туралы болады.
Аутсорсингтің бірнеше себебі болуы мүмкін:
мысалы, егер серіктестер бұл істі жақсы және арзан жасаса;
Көптеген компьютерлерді өндірушілер осы жұмысты контрагенттерге беріп, түпкілікті құрастырудан бас тартты, бұл оларға жинақтаушыларды сатып алудан және құрастыру процесін ұйымдастырудан айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігін берді. Cisco интернет арқылы үйлестірілетін 37 зауытты иеленетін серіктес компанияға барлық дерлік маршрутизаторлар мен коммутациялық жабдықтарды өндіру мен құрастыруды берді.
егер бұл әрекеттер көп уақыт пен ресурстарды қажет ететін болса, әрі бұл ретте сіздің бизнесіңіз үшін басты міндет болмаса
Мысалы, аутсорсингке сіздің құрал-жабдыққа қызмет көрсетуд беруге болады, содан кейін сізге механиктер немесе IT-мамандар штатын жалдаудың және оларға ай сайынғы жалақы төлеудің қажеті жоқ. Енді сіз компьютер немесе машина сынған болса, қажетіне қарай оларды шақырасыз. Сондай-ақ аутсорсингке бухгалтерлік қызметті беруге болады. Егер сіздің айналымыңыз айына миллионға жетпесе, бухгалтер сізге тек салық есептерін жасау үшін қажет болады.
Dell Computer, өнім берушілермен әріптестік орнату және жеткізуді дәл мерзімде ұйымдастырудың арқасында тек жеті күнге ғана бөлшектер қоры бар болғандықтан, қоймаларды ұстаудан бас тартты және соңғыларды жеткізу басталғаннан кейін бір апта өткен соң жаңа құрамдас бөліктермен жабдықталған компьютерлерді ұсынады. Cisco өз жабдықтаушыларымен тығыз қарым-қатынас жасағаны соншалықты, олар Cisco аппаратурасын тікелей Cisco тұтынушыларына Cisco қызметкерлерінің қатысуынсыз жеткізеді. Бұл компания үшін өз кәсіпорындарын сатып алуға қарағанда жылда 500-800 млн. арзан түседі. Hewlett-Packard, IBM, Silicon Graphics және басқа да компаниялар өздеріне тиесілі зауыттардың бір бөлігін жеткізушілерге сатып, осы зауыттардың өнімдерін сатып алуға келісімшарттар жасасты. Starbucks тәуелсіз жеткізушілерден кофе дәндерін сатып алады және бұл кофені өз бетінше өсіруден гөрі тиімді деп санайды.
Ал аутсорсингтің бірнеше артықшылықтары бар:
осылай сіз жоғары сапалы және/немесе арзан бөлшектер немесе қызметтер ала аласыз;
сіздің жабдықтаушыларыңыз жоғары зияткерлік әлеуеті мен инновациялары бар әлемдік деңгейдегі компаниялар болуы мүмкін - олар жаңа технологияларды ойлап тауып қойған және сіз оларды пайдалана аласыз;
егер нарықта сұраныс өзгерсе (мысалы, құлдырап кетсе), сіз шығынға ұшырамайсыз, өйткені сіздің зауытыңыз тауардың белгілі бір санын өндіруге есептелген, сізде өізіңізді шығынға батырып, жалақы төлеуге немесе қызметкерлерді жұмыстан босатуға тура келетін қажетсіз персонал болады. Егер сұраныс артса, Сізге қосымша үй-жайларды салуға, жаңа жұмыскерлерді жалдауға артық қаражат пен уақыт жұмсаудың қажеті болмайды