Бизнес-ойлау психологиясы


Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы (қарапайым заттар экономикасы)



бет152/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   188
Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы (қарапайым заттар экономикасы)

  • Бағдарлама шеңберінде бизнесмен 7 жылға дейінгі мерзімге 8% және 5% ставка бойынша (ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп үшін) инвестициялық мақсаттарға (70% - дан кем емес қарыз) және айналым қаражатын толықтыруға (30% - дан артық емес қарыз) кредит ала алады.

  • Базалық талап: жұмыс орындарының санын сақтау/ұлғайту немесе табыстың 2 жылдан кейін 10% - ға өсуі.

  • Жобаға қатысудың ең аз өзіндік үлесі: 20 %.

  • Гранттарды нысанындағы қолдау шаралары өңірлік бағдарлама үйлестірушілеріне нысаналы трансферттерді аудару арқылы бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде жаңадан бастаған жас кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан адамдардың өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Сонымен қатар, конкурсқа қатысудың міндетті шарты сертификаттың , Бағдарлама шеңберіндегі оқу компонентінің болуы болып табылады.

  • Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

  • Бизнес-жобаның міндетті шарттары мыналар болып табылады: жобаның жаңашылдығы, бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі және дайындығы, сондай-ақ кәсіпкердің оны іске асыру шығындарын ұсынылатын гранттың кемінде 10% мөлшерінде, соның ішінде жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрумен бірге қаржыландыру.

  • Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануы тиіс:
    1) Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

  • 2) Материалдық емес активтерді сатып алу;

  • 3) технологияны сатып алу;

  • 4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

  • 5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

  • Гранттар мына кәсіпкерлерге берілмейді:
    1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;

  • 2) салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

  • 3) жылжымайтын мүлікті жалға беруге ұсынатын негізгі қызмет.

  • Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу төлемі ретінде пайдаланыла алмайды.

  • Мемлекеттік гранттарды ұсыну тәртібі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген бағдарлама шеңберіндегі ережелермен регламенттеледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет