Бизнес-ойлау психологиясы



бет160/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

2. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАПСЫРМАЛАРЫ

  • Келесі сабаққа презентацияны аяқтап жазу (аяқтау), онда аудиторияның алдында сөз сөйлеу және кері байланыс орнату қажет.


  • 9.3. ТАҚЫРЫБЫ. КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫ

  • 1. Көпшілік алдында сөйлеудің негізгі дағдылары

  • 2. Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша жаттығу

  • 3. Өздік жұмыс тапсырмасы


  • 1. КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ДАҒДЫЛАРЫ

  • Әрбір кәсіпкерге өз қызметінде ерте ме, кеш пе аудиторияның алдында сөйлеуге тура келеді. Бұл өз өнімінің, көрсетілетін қызметінің немесе қандай да бір идеяның презентациясы болуы мүмкін. Осыған сәйкес кәсіпкер әрқашан да көпшіліктің алдында сөйлеуге дайын болуы тиіс, өйткені бұл өзіңіз және өніміңіз туралы мәлімдеуге таптырмас мүмкіндік. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары танымал болуға, сізге және сіздің идеяңызға сенетін адамдарды тартуға көмектеседі. Егер кәсіпкердің бойында бұл дағдылар болмаса, ол қобалжып, уайымдап, жүйелі сөйлей алмайды.

  • Қазір біз шешен адамның аудиторияның алдында ойдағыдай сөйлеуі үшін қажетті негізгі дағдыларды талқылаймыз.

    • Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі. Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі арқасында әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар:

    1. аудиторияны бақылауда ұстауыңыз;

    2. ым-ишарат тілін меңгергендігіңіз;

    3. аудиториядағы қозғалысыңыз;

    4. дауыс ырғағыңыз;

    5. бетіңіздің мимикасы маңызды болып табылады.

    • Сөйлеу мәнері мен дауыстың қаттылығы. Тыңдаушылардың басқалардың сөйлеу мәнері мен дауыс қаттылығын қабылдауы әртүрлі болады. Сондықтан егер шешен адам ақырын сөйлесе, ал аудиториядағы адамдар қатты сөйлеуге үйренген болса, онда оған қаттырақ сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеу мәнері мен сөз қарқыны туралы да осыны айтуға болады: тез сөйлейтін адамдар сәйкесінше тез ойланады, тамақты тез жейді, шешімді жылдам қабылдайды. Олар үшін жай сөйлеу қиындау болып табылады.

    • Дене тұрқы. Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл-ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.

    • Паразит сөздер. Бұл ешқандай мағынасы жоқ сөздер, егер оларды мүлдем қолданбайтын болсаңыз, сөйлеу мәнеріңіз жақсарады әрі тазарады. Бұл сөздерге: «е-е-е-е», «м-м-м», «не ғой», «былай ғой», «негізі», «жаңағы», «қысқасы», «яғни» және т.б.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет