Бизнес-ойлау психологиясы


"САТУШЫ" ПОСТТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАЗУҒА БОЛАДЫ?



бет76/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   188
"САТУШЫ" ПОСТТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАЗУҒА БОЛАДЫ?

  • "Сатушы" пост келесі элементтерден тұрады:

  1. Қызғылықты тақырып

  • Әлеуетті клиент әлеуметтік желілерде өз лентасын қарап отырған кезде оның назарын өз постыңызға аудартуға және ол постты оқуы үшін сізде 2-3 секунд уақыт болады.

  • Бұл мақсатта тартымды қызықты тақырып тиімді жұмыс істейді. Ол қысқа әрі анық және түсінікті болуы керек. Пост атауын бас әріптермен жазған дұрыс.

  1. Тауардың / қызметтің сипаттамасы

  • Клиент әңгіменің не туралы екенін түсінетіндей әрі іші пысып кетпейтіндей тауарды/қызметті қысқаша сипаттап беру керек.

  1. Уақыт шектеулері

  • Мынадай жағдай жиі кездеседі, пайдаланушы өнімге немесе қызметке шынымен қызығушылық танытса да, ол былай ойлауы мүмкін: "Осы аптада менің қолым бос емес - келесісіне барамын". Оған дейін клиент өзінің ниеті туралы ұмытып кетеді немесе компанияның деректемелерін жоғалтып алады немесе бұл өнімді / қызметтерді басқа жерден сатып алады. Сондықтан,клиент сіздің өнімдеріңізге немесе қызметіңізге қызығушылық танытқан кезде, әлеуетті клиентпен бірінші байланыс жасау өте маңызды.

  • Мұндай жағдайда уақыты шектеулі акциялар немесе жеңілдіктер жақсы көмектеседі, сондай-ақ "Асығыңыз", "Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз", "Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз" және т. б. фразалары да көмектеседі.

  1. Әрекетке итермелеу

  • Клиент өнімді немесе қызметті сатып алу ниетін іске асыруы үшін оны сатып алуға сәл итермелеуге болады. Оған мынадай фразалар көмектеседі: "Бізге дәл кәзір телефон арқылы қоңырау шалыңыз", "Біздің номерді теріңіз", "Бізге хабарласыңыз" және т. б.

  1. Байланыс деректемелері

  • Компанияның деректемелері профильде көрсетілген болса да, оларды постта тағы да көрсету керек (мекенжайы, байланыс телефоны, WhatsApp нөмірі, картаға сілтеме және т.б.). Клиентке бизнеске хабарласу неғұрлым жеңіл болған сайын, ол үшін жасалатын қадамдар барынша аз болған сайын, клиенттің сатып алуды іске асыру шансы да артады.

  1. Хэштегтер

  • Егер әлеуетті клиенттер қандай да бір тауарды немесе қызметті сатып алғысы келсе, бірақ оларға кімге хабарласу керек екенін әлі білмесе, олар ең алдымен хэштег бойынша іздеуді пайдаланады. Түркияға жедел турды сатып алғысы келген клиент іздеушіге "#түркияғажеделтурлар" деп жазады. Егер тиісті хэштег компания постының астына жазылған болса, оған жаңа клиентке ие болу мүмкіндігі беріледі.



  • 1-тапсырма

  • "Сатушы посттың" төмендегі үлгісін қараңыз. Ондағы барлық компоненттерді қарастырыңыз, олардың әрқайсысы өз мақсатына қалай жауап беретіндігін зерделеңіз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет